Күз кереметтері


Истаева Бибигуль Каркиновна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән : « Күз келді»

Самира: Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.

Арәділ: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.

Бекхан: Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.

Арсен: Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.

Анель:Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

 

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Жүргізуші:

– Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
күз мезгілі.

– Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
– Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз

– Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз:

Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен – Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз!

Қабыл алдық сыйды біз!

Отырыңыз жайғасып!

Сый арнайық енді біз!

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

(Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»).
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнерленің бар?

Айдар: Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, алтын күз,
Құт қонағы төрімнің

Н. Анель: Сап сары маңай

Ап сары тоғай

Күзгі әнін айтып

Құс кетті қайтып

Жантемир: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.

Исабек: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Алтын күз: Білмейді екем…
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»).
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге себетпен би билеп бермекші.
Би: (Себетпен би).
Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Себеттерің қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!

Жүргізуші: Балалар біз сендердің көп өнерлеріңді көрдік, енді біздің аналарымыз не істей алады екен білейікші.

Ойын: «Картопты тазалайық»

Жүргізуші:Жарайсыздар. Сіздердің балаларыңызға тәтті дәмді тағамдар жасап беретіндеріңізге көзіміз жетті. Енді балаларды тыңдайық.

Айсана: Қуандырып біздерді

Берекелі күз келді

Күз мезгілі тамаша

Көз тоймайды қараса

Аяқ асты сап сары

Төселгендей алаша

Әділ:Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Нұрали:Күз айлары тамаша,
Сабан тойы жараса.
Жемісін мол сыйлаған,
Қыркүйек, қазан, қараша,
Кәусар:Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Айша.Таза жездей жайнаған

Сары бояу айналам

Енді сары бояумен

Күз суретін саламын

Ән: « күздің күні қандайды.»

 

Ильяс:Сары алтындай сары күз

Бірге шырқар әніміз

Жаздай күткен бәріміз

Келді міне алтын күз

Дария:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

шақырады біздерді

Нұрайша: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар?! Ендеше «Алтын күз-2016» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді).

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар!

Алтын күз: Балақайлар менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Жүргізуші: Алтын күз біздің сізге өтінішіміз бар, бізбен бірге ән айтыңызшы.

Ән:  «Күзгі  әуен»

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Қош болыңдар!
Жүргізуші:Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сауболыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *