Біз инемен кілемше тоқу


 Сураганова  Бейсенкул Назировна
 «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы қосымша білім педагогы

Мақсаты: Кілем тоқу техналогиясымен, қажет жабдықтармен  таныстыру. Тоқу әдістерін үйрете отырып, шеберліктері мен біліктіліктерін нығайту. Қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Шыдамдылыққа, жолдастық өзара көмектесуге және еңбек тәрбиесі арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, түрлі түсті тоқыма жіптері, біз инелер, қайшы, сурет салынған мата.

Сабақтың түрі: аралас, практикалық сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ұлттық бағдар көрсету.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі; оқушыларды түгендеу,сабаққа керекті материалдарды дайындау, жұмыс орнын ұйымдастыру.

Үй жұмысын тексеру: Ілмек бізбен тоқу әдістері қандай?  Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілері? Қарапайым өрнектерді орындау ережелері?

Жаңа сабақты оқытып үйрету.

«Үй жасауы-кілем» дейді халық. Негізінде кілемді бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында пайдаланады. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән беретін жиһаз. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектерге қарасаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халқымыздың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар – осының бәрі кілем бетінде бейнеленген.  Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенмен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.

Қазақтың терме өрмегінің тәсілімен тоқылған заттар қатарына – кілем, тақыр кілем, құр, таңғыш, желбау, басбау, қоржын, сандыққап сияқты бұйымдар жатады.

Қазақ кілемдері тоқылу ерекшеліктеріне  қарай түкті кілем, тықыр кілем, материалына қарай жібек кілем, масаты, мақта кілем, құлпырма кілем, ал өндірілетін орнына қарай сол жер атауымен аталады.Мысалы  бұқар кілем, әндіжан кілемі, түркімен кілемі, адай кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі-ақ қазақ халқының  кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі жасалғандығын аңғартады. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ кілемнің төркіні байырғы сақ, үйсін, ғұн өнері мұраларына саяды.

Соңғы жылдары кілем тоқу үлкен фабрикаларда өндірілетін, өндірістік кәсіпке айналып отыр. Қазақстанда Алматы кілем тоқу фабрикасы 1936 жылдан бастап ұлттық үлгідегі кілемдер тоқумен айналысып келеді.

Кілем тоқу  – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеректен белгілі, ел арасында кең тараған, дамыған өнер. Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын, жүннен жасалған бұйымдардың ішінде  басты орын алып келеді. Негізінен кілем екі түрге бөлінеді: тықыр және түкті  кілем, КІлем негізгі және арқау жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз байланысқан, түйіндерден тұрады. Түктердің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Тықыр кілем (гобелен, алаша, басқұр т.б.)бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады.

Кілемдер жасау мәнеріне, ұлттық түрлеріне, ою-өрнектеріне қарай түрлі түрліше атала береді. Осындай тұскілемнің бір түрі – гобелен. Гобелен өнерінің шығу тарихы xv ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия және Геррмания елдерінде дамыған. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Балтық жағалауы  суретшілері гобелен тоқуда көбінесе толқын тәрізді табиғат көрінісін бейнелесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды бейнелейді. Біздің Қазақстан суретшілері де бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосты. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы – суреті мен колориттік түстерінде. Гобелен кілемі кенепке, селдір матаға тоқылады. Оған негізінен кендір жіп. Су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланылады. Қазіргі кезде мұны кәдімгі медициналық система инесімен тоқимыз.

Кілемше тоқу үшін алдын ала дайындап алған кенепке немесе селдір матаға тоқимыз деген қажетті суретті салып алып инеге жіпті енгізу арқылы тоқуды бастаймыз. Инелер кәдімгі медициналық системаның инесі және арнаулы тоқу инесі барр Олар:

1-суретте мөлшерлерімен біз инелер, фабрикада дайындалған түрі. 2-суретте біз инелермен қоса инені сабақтауға арналған қосымша құрылғы мен түк мөлшерін біркелкі етуге арналған таяқшалар, 3,4-суреттерде инені сабақтау сәтінен көрініс. Біз инені таңдамас бұрын тоқитын затымыздың көлемін белгілеп, қандай зат екенін біліп сызбасын салып, оған салынатын өрнегіне байланысты біз ине мен тоқыма жібін таңдаймыз. Салатын өрнегімізге байланысты жіптердің түсін таңдаймыз. Біз бүгінгі сабағымызда «Қазақстан-2050» белгісін тоқып үйренеміз. Ол үшін негізіне бостау, ақ матаны 40*60 өлшемімен алып, матаның теріс жағынан, жоғарғы жағына шаңырақ тәріздес белгінің сызбасын, төменгі жағынан әріптерді керісінше сала отырып «Қазақстан-2050» деп жазамыз. Оң жағынан оқығанда жазу оң түсуі керек. Шаңырақ белгісін көгілдір түспен, ал

кілемшелер тоқуымызға әбден болады.

5-сурет

жазуды өзіміз қалаған қанық түспен тоқып шығамыз. Бұл жұмыстың негізіне бостау мата алғандықтын жіңішке тоқыма жібімен өлшемі сол жіпке келетін жіңішке біз ине таңдаймыз. Тоқуды бастамас бұрын біз инемізді кәдімгі тебен инемен немесе инені сабақтауға көмекші құралмен сабақтап алып, тоқуды бір шеттен бастаймыз. Әр тоқуды аяқтаған соң тарқатылып кетпес үшін жібіміздің ұшын тарқатылмайтындай етіп бекітеміз. Тоқып, аяқталған затымызды кергішке керіп көрмеге қоюға даярлаймыз. Міне осылайша мына  «Қазақстанға 20 жыл», «Тәуелсіз Қазақстан», «Азия Барысы» т.с.с. кілемшелерге ұқсас

5-сурет дайын бұйымдар, 6-сурет тоқу жіптері, 7-суретте тоқылатын заттың сызбасы,

8- суретте басталып тоқылып жатқаны.

Қорыта айтқанда негізіне алынған матамыз, тоқитын затымыздың не  зат екендігіне тікелей байланысты. Сызбасы дұрыс салынып, тоқитын біз ине мен тоқыма жібінің мөлшері дұрыс таңдалған зат әр кез өз мәнінде, көңілден шығады деп сенуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *