«Экспедициядан алған әсерім» мақала


Қабден Жансая Мырзағазықызы
Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі КМҚК МД-21 тобының оқушысы
Жетекшісі: мектепке дейінгі білім беру әдістемесі оқытушысы Аубакирова Толқын Өтешовна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы жүзеге асырып жатқан «Ауылым алтын бесігім» өлкетану жобасы шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша Амангелді ауданына, Кейкі батыр кесенесі өлкетану экспедициясына бардық. Өзім Торғай өңірінде тұрсамда  Кейкі атаның басына барып көрмеппін. Шынымды айтсам барар алдында толқып көп деректер білгім келді.Кейкі атамыздың негізгі аты Нұрмағанбет Көкенбайұлы Кейкі.Экспедиция жұмысын Кейкі атамыздың ескі мазарынан бастау алды. Яғни Кейкі атамыздын қасында  әйелінің және балаларының мазары орналасқан.

Кейкі Көкенбайұлы 1873 жылы бұрынғы Қайдауыл болысы, қазіргі Амангелді ауданына қарасты ‘Родник’ совхозының Байтума қопасы деген жерде дүниеге келген. Азан шақырылып қойған аты – Нұрмағамбет Бұл дерек туралы екі ұдай пікір де бар Мәселен, ауылының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Едірес Байділдин аудандық газетке жарияланған “Кейкінің жазығы не?” деген мақаласында батыр Қарынсалды- Тасты өзендерінің бойында туған деген уәж айтады.

Кейкі батыр 1922 жылы сәуір айының соңғы  күндерін бірінде , Жыланшық өзенінің бойындағы  Жалаулыда,Сүтемгенің Жәкені дегеннің қыстағында ажал құшқан.Әйелі Ақыжан  інісі Түскен бар жеті адам атылған.Аңыз әңгімелер бойынша Кейкі батыр тұтқынға ұсталғанда  батырдың екі қолы кесілген екен. Кейкі атамыздын көзінше  аяғы ауыр  әйелінің ішін жарып, туылмаған баласын өлтірген. Соңында Кейкі батырдың басын шапқан деседі. Ел аузында    «Кейкінің қолы –мерген, Амангелдінің көзі мерген» деген сөз бар. Кейкі атамыздың мергендігімен қоса, оның ат үстінде ұршықша үйірілер ептілігін жыр ететін.Қаласа шауып келе жатқан атының бір жақ қабырғасына жабысып, келесі жағына шапшаң ауысып кететінің тіпті бауырларынанда көз ілеспес  жылдамдықпен өте алатын батыр болған. Кейкі батыр орыс жауларынан тығылып  Сарыторғай өзенінің бойында Маятас деген жерде жасырынып жатқан. Аңыз – әңгімелер бойынша Кейкі батыр  қай жерде жасырынып жатқанын қазақтар айтқан деседі.

Экспедиция жұмысы Амангелді ауданына «Шұғыла» ойын- сауық орталығын  алдында орналасқан Амангелді Имановтың ескерткішін тамашалаумен жалғасты. Амангелді атамыз өмірінің  соңына дейін адал ниетімен, соңғы демі біткенше өз сертінен таймай ,елінің бостандығы, діні үшін  жан берген батыр.

Кейкі батыр штаб квартирасы Амангелді ауданының Иманов ауылында орналасқан. Қазіргі уақытта штаб квартирасының бір жақ бөлігі ғана қалған. Аңыз- деректер бойынша штаб квартираның кірпішін ырымдап алуға болмайды, себебі алған жағдайда алған адамның өзіне кері әсері тиеді деседі ел арасында.

Экспедиция барысында біз Ағаштыкөл ауылында орналасқан,Үшсәуле бейнесін  көрдік. Қазіргі кезде бұл бейне бүкір әлемді таң қалдырып, ғаламторда  тартысты талқыланып  жатыр.Біздің өлкеміздегі бұл белгілердің қалай пайда болғаны және не үшін салынғаны әзірге шешілмеген жұмбақ күйінде қалып тұр. Бұл бейне Қазақстанда ғана емес Франция елінде де бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл бейне өзге планеталықтардың салып кетуі мүмкін деген деректер бар..

2017 жылдың қыркүйектің 15-і күні Кейкі батыр атамыздың бас сүйегінің елге оралу құрметіне арналған Республикалық көлемде ауқымды іс шаралар жоспарланып отыр. Аталған іс шаралар шеңберінде Батыр атамыздың құрметіне салынған жаңа кесенесінің ашылуы салтанатты түрде өткізіледі. Бұл шара Елбасымыздың тапсырысы бойынша  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегіндегі атқарылып жатыр. Өлке тарихын тануға арналған экспедиция   жұмысы барша қатысушыларға үлкен әсер берді деп ойлаймын. Өйткені осында туып өссек те өз бетімізбен елге саяхат жасауға мүмкіндік бола бермейді. «Ауылым алтын бесігім» өлкетану экспедициясы барлығымыздың туған жерге деген, өз батырларымызға деген құрметімізді арттыра түсті. Мен үшін де менің жолдас серіктерім үшін де экспедиция жұмысы үлкен рухани демалыс сыйлады деп сеніммен айта аламын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *