XXI ғасырдағы Қазақстан


Казымбек Арайлым Кабдолхалыковна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің БМ-31 тобының оқушысы
Жетекшісі: педагог Мырзагалиева Айнұр Балтабаевна

Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан жыл санап көркейіп, дамып келеді.Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы- қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға.Тәуелсіз елде тұрып жатқанымыз арғы ата- апаларымыздың ерлігінің, елім, жерім деп күрескен батырлардың арқасында.Әр қазақ баласы тәуелсіздік бізге оңай келмегенін, қандай қиыншылықты бастан өткізгендерін естен шығармай,керісінше сол елдің көркеюіне үлес қосуы үшін барлық жағдайды жасау керек. Ең алғаш қазақ елінің негізін қалаған, халық сайлаған біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ол туған халқының мақтанышы ғана емес,дүниежүзіне танымал тұлға.Қазіргі таңда қазақ елінің өз әнұраны, мәдениеті, салт- дәстүрі қалыптасып, ата заңымызды қабылдадық. Зәулім ғимараттар, үйлер, мектептер , балабақшалар, жоғарғы оқу орындары салынып, барлық тұрғындардың жағдайы жасалған.Осынау азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып еңсемізді көтерген қаншама оқиғалар орын алды. Соның барлығын айта берсек сөз жетпес… « Біздің болашағымыз жастардың қолында»- деп елбасымыз айтып кеткендей жастарға көп үміт артып отыр. Сол себептен кіші жастағы балалардан бастап, ересек жастардың білім алуына жағдай жасалған. Мектеп оқушылары мектеп бітіргенше тегін оқып білім алса, ал орта және жоғары оқу орындарына арнайы шәкіртақы бөлінген.

Елбасымыз Қазақстанды  бар әлемге таныту үшін көп еңбек етті. Өзге елдермен достық қарым- қатынаста болып, ойлаған мақсаттарына нық қадаммен алға қарай ұмтылды. Қазіргі таңда Қазақстан дамыған 50 елдің қатырында. Мұның өзі үлкен жетістік, қазіргі таңда қазақ елін бар әлем танитындай дәрежеге жетіп отырмыз.Сонымен қатар Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері мекендейді.Халақтар достығы ассамблеясын құрып еліміздегі ұлтаралық татулықты дамыттық.Біз барша әлемге құшағын кең жайған жайсаң қазақ жұрты, өзге ұлт өкілдерімен жақсы қарым- қатынаста болып, өз бауырындай көретін халықпыз.

Кеше ғана елімізде болып өткен  «ЭКСПО- 2017»  Халықаралық көрмесін  айта кетпеске болмас. Астанада өткізілген көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы. Бұл тақырыпты таңдауындың басты негізі – еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және жасыл экономика құру бағытын ұстанғандығы.

«ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын,дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Яғни әлемнің түкпір-түкпірінен келген шет ел азаматтары және танымал әртістері Қазақстанның қандай ел екенін, мәдениетін, салт-дәстүрін, құрылысымен жан-жақты танысып көптеген мәліметтер жинады. Осылайша елімізді күллі әлем тамашалап, өз бағаларын берді.Қазақстанды әлем мойындататындай күнге жеткізген біздің елдасымыздың елен еңбегін айта кеткен жөн.Қазіргі елбасының арқасында Қазақстанның беделі әлем халықтарының алдыңда күн санап өсуде.Мінекей алдағы болған сан қиындықтарға қарамастан алға қарай нық қадам  басып, мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолындағы күрестің арқасында біз осындай дәрежеге жетіп, қазақ елі барша әлемге танылып, қызыға қарап тамашалап жүргендері барша қазақ елін қуантады.Халық болып, ел болып қазақ елін одан әрі дамытуға бар күшімізді салуымыз керек және міндеттіміз.Әр қазақтың, жастардың бойында еліне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім болса, біз алмайтын қамал жоқ, әлі талай өз жетістіктерімізбен мақтана алатындай дәрежеге жету үшін болашаққа нық қадам…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *