«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы »


Аханова Маржан Тлеубековна
КМҚК №134 «Гауһар» педагог-психологі

           «Отбасында   адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай          көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,туған туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады.»

                                                                                                 Н.Ә.Назарбаев        

Қоғам үшін әр кезеңде,әр  отбасында  өсіп-келе жатқан  өрімдей  ұл-қыздардың дені сау,рухани бай,еңбекке,білімге құштар болып өсуі-ең  жоғарғы тілек, биік мақсат.Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы.

Отбасының аса құнды ақпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе  алмастыра алмайды.Отбасы-өмірге сәби әкеліп,оны тәрбиелеп,қалыптастыруға және ұрпақ жалғастыруда  теңдесі жоқ орын.              Отбасының  балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты :баланың жасын ,жеке ерекшелігін ,психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ,жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

-Отбасында баланың өсуіне ,денсаулығына қамқорлық жасау,тазалықты қалыптастыру.

-Еңбексүйгіштікке баулу,үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру,өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

-Отбасы мүшелерімен тіл табысып ,дұрыс қарым-қатынас жасауға ,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге үйрету.

-Әдебиетке ,мәдениетке,өнерге тәрбиелеу.Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында,қоғамдық орындарда, балабақшада тәлім-тәрбие беріледі.

«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең .Себебі,есейіп кеткен соң баланың  теріс мінезін ,қалыптасқан қате көзқарасын  өзгерту өте қиын.Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын ,өзіңіздің мінез-құлқыңызды ,өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп ,бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Ұлы педагог А.С.Макаренко : «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ.Бірақ қалай,қай бағытта өнеге беріп,өсіріп келе жатқанын ойламастан ,бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін »ата-ана баршылық.Бұл беделді болудың қандай жолы?Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген .

Отбасы –барлығының басы,жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде ,адамгершілік ,эстетикалық ,дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады.Ал әке мен шеше –баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ана мен бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.

Бала бақыты білімде . «Білім бір құрал.Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды ,не жасаса  да келістіріп жасайды »,-дейді  А.Байтұрсынов .

Бүгінгі таңда  болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала  тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде.Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек.Әрбір тәрбиеші  ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді ,қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ,ата –ананың балабақшаға ,тәрбиешіге деген  көзқарасы өзгеруде.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

 

* Ата-ананың  өмірге деген көзқарасын өзгерту.

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен          әсер ететінін атап өту.

* Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.

* Баланың жасын,жеке ерекшелігін,психологиялық процестерін ескере отырып,жарасымды жетілген  ұрпақты тәрбиелеу.

Ал міндеттері:

*Бала өміріне қолдау жасау ,келешекте өз жемісін береді.

*Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау,ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.

 

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуде қатысы кеңейе түсіп ,тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып ,жемісті түрде қолданылуда.Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізілуде.

Отбасы тәрбиесіндегі  кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың оларды тәрбие жұмысын  жүргізуге қажетті  тәжірибенің жоқтығынан болады.Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып ,отбасының әлеуметтік жағдайын,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін ,ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін,ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар,анкеталық сұрақтар алуымызға болады.Сонымен бірге жыл бойы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді.Себебі,ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді ,отбасы тәрбиесіне байланысты  тақырыптарды өздері ұсына алады.Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар ,тренингтер ,семинарлар жүргізуге болады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

*топішілік ата-аналар жиналысы

*балабақшаішілік ата-аналар жиналысы

*ата-аналармен жеке кездесу

*ата-аналар үшін ашық есік күн

*мерекелік кештерге шақыру

*ата-аналарды тренинг ойындарға қатыстыру

*отбасылық жарыстарға қатыстыру

Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Немов Р.С. «Психология»

2.Гребеникова И.В. «Этика и психология семейной жизни »

3.Ковалев С.В. «Психолгия современной семьи »

4.Рогов Р.В. «Практическая психология в начальной школе»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *