«Мектепке дейіңгі мекемедегі балалардың бойындағы адамгершілік қасиетін қалыптастыру»


Жакупбаева Айнур Муратовна
КМҚК №134 «Гауһар» музыка жетекшісі

Адамгершілік-адамның руһани арқауы.Ал моральдық жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы.Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен артықталады.Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте.Ол әрбір отбасынан басталады.Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілдікке,ізеттілікке,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.Адамгершілік тәрбие дегеніміз-мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына,сезіміне және тәртібіне қоғамдық тәртіп талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Саналы тәртіпке тәрбиелеуде мамандардың,тәрбиешілердің мадақтау мен жазалау,ұялту,көпшілік алдында айыбын бетіне басу шараларын шеберлікпен пайдалануы да табысқа жеткізеді.Саналы тәртіпке  жетудің маңызды шарттарының бірі- кішкентай бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне ескере отырып тәрбие үдерісінің сабақтастығын сақтау.Балаларды тәртіпке тәрбиелеуде топ тәрбиешісі түсіндіру жұмысының мақсаты,мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімді жыл сайын жинақтау,саналы тәртіптің,адамгершіліктің мәнін ашып көрсету және осының негізінде өзінің мінез-құлық жауапкершілігін,қоғамдық адамгершілік қасиеттерін бұзушылырға төзбеушілікті қалыптастыру.Мұндай түсіндіру жұмысты топта өтетін немесе ән-күй оқу залында өтетін ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде,жиналыстарда,конфиренцияда жүргізуге болады.Халықтық тәрбиенің өзекті бір саласы жас ұрпақты имндылыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу.Мәселен,жасы үлкенге иіліп сәлем беру,алдын кесіп өтпеу,алдынан барып есік ашу,үйге бұрын кірмеу,дастарханға бұрын қол созбау,үлкеннің сөзін бөлмеу,сөз жарыстырмау кішкентай бүлдіршіндердің ер жеткенше бұлжымас заң болатын.Қарияның «Өркенің өссін қарағым,үлкен азамат бол» деген бата сөзі жас бала үшін үлкен мәртебе болған.Адамгершілік тәриесіндегі ең басты буын адамгершіліктің аса қасиеттеріне баулу болып табылады.Ертеңгі күнге абыройлы бару үшін де табалдырықты әдептен аттамай төрге озу жоқ.Сондықтан жан қазынасы -білім,ой,рухани байлықпен қосылып барып адамды адамгершілігі бар азамат етіп танытар болар.Сол үшінде қоғамның өзін-өзі көпшілік алдында жақсы,ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып,оны жақсылыққа,әдептілікке,адамгершілік асыл қасиеттеріне баулу екенін білсе ісіміздің жемісті болғаны,болшағымызға өнімді болғанымыз.Себебі,адам әдебімен көрнекті. Қазақ халқына тән өнегелі дәстүрдің бірі-қыз ұзатып, келін түсіру. Бұл дәстүрді өзгелермен бірге қазақ халқы да думандатып, өлең айтып,  жыр жырлап өткізетіні белгілі. Сол айтылған өлеңдердің, қайсысына қарасаңыз да халықтың өз ұрпағын адамгершілікке, ізеттілікке, кішіпейілдікке баулуды мақсат еткені көрініп тұр.

Мысалы, ұзатылған қыз өз елімен, туған-туысқандарымен қоштасу рәсімі ретінде сыңсу айтқан. Ал, үлкендер оған ақыл-кеңес беріп жұбатқан.

Сондай жұбату өлеңдерінің бірінде:

Құрбы келсе, күлгейсің,

Әдеппенен жүргейсің.

Салмақпенен сөз сөйлеп

Жақсы жауап бергейсің,- деп қыздың келін болып  баратын жерінде сыпайы, әдемі еңбекқор, көргенді, елінің сағын сындырмауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет жаны таза жар болуы жөнінде ақыл-кеңес береді. Сондай қазақ салтының бірі- шілдехана жасау. Жаңа туған нәрестеге жасалатын той.бұл тойда да өлең-жырлар айтлып, үлкен қуанышқа кенеледі. Сондай өлеңнің бірі- бесік жыры.

Ондағы:

Құйрығыңды майрып.

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып.

Жігіт болар ма екенсің?

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп.

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып.

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің?- деген жолдардан ананыңбалаға деген махаббатын, баланы еңбек сүйгіштікке, батырлыққа, еліне қадірлі, өнегелі де өнерлі азамат етіп тәрбиелеу арманын көруге болады.

Адамгершілікке тәрбиелеуде «Ертегілер» тақырыбының алатын орны ерекше дер едік.

Ертегілердің оқыту барысында оларды өзара салыстырып, салғастырып, кейіпкерлерінің өзіндік ерекшелігін, олардың бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бүлдіршіндерге аңғартып отыру өте пайдалы. Сондай-ақ ертегінің соңын бүлдіршіндердің өз қиалдарымен аяқтауына мүмкіндік жасап отыру қажет, ондағы көркем тіркестерді, бейнелі сөздерді пайдаланып,, ойдан ертегі құрату секілді жұмыстар арқылы олардың қиялдарын ой-өрісін, өмірге өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға, ұштауға болады. « Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес.Сол адамгершілік тәрбиені беруде оқытушы бала жанының бағбаны болса со адамгершіліктің дәнін қала сеуіп,одан қандай өнім алып келеміз?Егер тәрбиеші немесе маман өзінің адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген суал туындауы мүмкін.Мысалы,кішкентай бүлдіршін балабақшаға келген кезінде тіл алғыш,жүрегі таза,сезімі пәк болып,жоғарғы топқа келгенде өзгеріп сала береді.Сол кезде мына бала қандай еді,қалай өзгеріп кетті,мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды,нег озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды.Әрине оның себептерін жан-жақты іздеуге болады.Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына тәрбиешінің де қатысы бар.Баланың қалыптасуына ықпал етіп,дамуына үлес қосатын тәрбиешінің есте ұстар жағдайлары аз емес.Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы.Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды.Апайын тек жақсы қырынан таныған бала үшін оның айтқаны анық,дегені дәл болып көрінеді.Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек.Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды.Ал тәрбиеші немесе маманның басты мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып,оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару,әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы құндылықтарды дамыту.Қорыта келгенде,халықтық педагогикадан бастау алып,осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек,тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе,ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей,жаңаның өзіндей болып,қоғамдағы кемшілікті білетін,бүгінгі түсінетін,ертеңіне сенетін,адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды,алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын,рухани дүниесі бай болуы шарт.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *