Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде иновациялық технологиялық қолдана отырып баланың шығармашылық қабілетін дамыту.


Тюлембекова Мейрамгуль Жаманкешевна
КМҚК №134 «Гауһар» әдіскері 

Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі  мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік,

дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын – балалар үшін оқу да, еңбекте. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Шығармашылық адамның қызметін және ондағы шығармашылық ойлауының болуын шамалайды. Дарынды адам тәрбиелеу үшін балалық шақтан бастап шығармашылық қабілетті қалыптастыру керек, яғни мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарау.

Ертегілер әртүрлі:көңілді, көңілсіз, сиқырлы, бойыңды баурап алады, оның бәрі балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді, көптеген қызықты білімді қамтиды. Өз бойларына батылдық, беріктілік, мықтылық, ертегі кейіпкерінің зұлымдық немесе адамгершілік қасиетін пайдаланады.Қай жерде балалар болса, сол жерде ертегі де болады. Балалар оны жақсы көреді. Керемет ертегі айтушы Д. Родари келесіні мәлімдейді:

– Ертегілер балаларға жеткілікті түрде берілмейді

– Балалардың қиялының дамуында, ойлауында, сөйлеуінде және белсенді адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуде ертегілер толық көлемде пайдаланылмайды. Мектепке дейінгі бала қалай қалыптасса, солай оның өмірі жалғасады. Әр баланың шығармашылық потенциалын дамыту үшін бұл кезеңді өткізіп алмау маңызды. Мектепке дейінгі бейімделген шығармашылық ұранымен баланы оқытуға,және тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Жұмыстың әдістері мен тәсілдері:

Ертегілердің негізгі жұмысында мәселені мазмұндау әдісі, эвристикалық әдіс, ішінде ойыны бар әдістер басты орын алады. Мұндай дәстүрден тыс тәсіл балаға ертегінің немесе ертегі кейіпкерінің қандай қасиеті жақсы екендігін, қандай қасиеті жаман екендігін, жаңа жағдай тудыруға, қай жерде ертегі кейіпкерінің түзелуіне болатындығын, мейірімділіктің жеңетіндігін, қатігездіктің жазаланатындығын , тек қатты және адамгершілік қағидаларына

қарсы емес мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.

Құрастынушы ойдың негізі болып: адамның жағдайын жақсарту үшін барлық нәрсені, жетілдіруге, өзгертуге ,жақсартуға болатындығы- баланың

шығармашылық ұраны болуы керек. Біздің негізгі мақсатымыз-адамгершілік қасиетті тәрбиелеу. Толып жатқан тәрбиелеу мен тәсілдерде ертегі соңғы ролі орнын алмайды. Көп себептерге байланысты балалар қаһарманды жақсы көреді, ол жақыны болып кетеді, оны үлгі қылады. Осы салада адамгершілік тұрғысындағы маңызды сәттерге назар аударамыз. Яғни, балалар салыстырады, дәлелдейді. Бұл ойды жүзеге асыруда «Жақсы-жаман» ойынын

пайдалану тиімді.

Ауызша сөйлеу мәнері мынаған бағытталған:

«Тілдік жаттығу»

Біріншіден сұрақтар қоя білу.

Ауызша сөйлеумен бірге арнайы оқыту қажет. Бұл жоспарда сөздерді

құрастыру,

сөзтіркестері, сөйлем құруға үлкен мағына бөлген жөн.

-бірнеше түбірлес сөздерді ойлап шығару (бас: басылды, басқарды, басталды, т.б. )

-екі сөзден тақпақ шығару,екі жолды тақпаққа көшу(барды, алды.

Түлкі қонаққа барды, Тырна досын қарсыалды)

Ұзын таратылған сөз құрастыру ойыны «Әр қайсынан бір сөзден»

Балаларға жазбаша тілдесу жанрын ашу маңызды.Ол мысалы:

Телеграмма., қысқа хаттар, жазулар т.б.

«Ертегі және экология»

Табиғат жайлы айта отыра эволюция құбылысы немесе динамикасы жайлы түсініктер жібермеу.Балаларға табиғат өзара байланысты және әрі қарай дамитынын түсіндіру. «Жақсы-жаман» ойынын пайдалануға болады.

Ертегі қолды дамытады

Балаларға бір нәрсені бейнелеуге,қиюға,жапсыруға ұсыныс жасау.Ол үшін құрал- жабдықтар,кітаптар, иллюстрациялар, жүйелі оператор қажет.

Бала  бақша  баласына  мультимедиялық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың

қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология  құралдарын қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына,

жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды:

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар

балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Ақпараттық-технологияларды  пайдалану тәрбиеленушілердің   танымдық белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,   логикалық  ойлау жүйесін  қалыптастырады,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды.

Қазіргі  қоғам алдында  тұрған  өзекті  мәселелерді шешуде, яғни  жан-жақты  көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген  тұлға  қалыптастыру үшін  ұстаз өзі де  шығармашыл тұлға  болуы  тиіс.

Сондықтан  жаңа  стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру   бағытында  педагогтардың  өз білімі мен  кәсіби  деңгейін жетілдіру  кезек  күттірмес   мәселе.

Қазіргі  уақытта   оқытудың  50-ден  астам  технологиялары  бар. Олардың  бала  танымын   қалыптастырып  тұлға ретінде дамуы  үшін  маңызы  зор.

Олай  болса  келешек  ұрпағымыздың  жан-жақты,  терең білімді,  яғни  интеллектаулды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын  талап  зор.

Заман  талабына   сай  жаңашыл  тұлға   тәрбиелеуде  нәтижелі   жұмыс  жасау  алға   қойған   басты   мақсатымыз.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.Тараз.2003 ж

2. Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық   ғылыми-педагогикалық журнал  «Тәрбие  құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.

3. «Қазақстан мектебі» журнал №8, 2004 жыл

4. А.К. Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы1995

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *