«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ»


Насыпханқызы Алтын
КМҚК №134 «Гауһар»тәрбиешісі

    Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «…мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» – деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде 5 мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

·Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

·  Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және

оқуға деген мұқтаждықтары болады.

· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды

қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір бала   үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру 6 мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. 13 Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.

Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан- дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер:

Отбасы  және  балабақша  қантар Ақпан №1 (113) 2006ж
Педагогика және оқушы психологиясы Қаңтар №1 (19) 2014ж.
Қазақстандағы мектепке дейінгі білім Қыркүйек/ Қазан №5 (47) 2013ж.
Бала тәрбиесі Желтоқсан №12 2013ж.
Отбасы және балабақша Наурыз/Сәуір №2 2013ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *