«Балабақшадағы инновациялық әдіс- тәсілдер»


Тохметова Раушан Есенболовна
КМҚК №134 «Гауһар» музыка жетекшісі

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактив- ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс белсенділігін қалыптастырып қана қоймай, әрі қарай дамытады.
Теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Қазіргі қоғамда ақпараттық мәдениет пен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің бір сарындылығы баланы тез шаршатады. Сондықтан іс-әрекет формаларын түрлендіріп отырған дұрыс. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде балаға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру, тақырып бойынша бақылау мен диагностикалау формалары жүзеге асады. Инновациялық іс- әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеументтану, медицина саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс – әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді.
Мысалға алатын болсақ, бала тұлғасы жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын жасайды. Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн. Педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытуда құрылған жоспар балабақшаның әдістемелік жұмысының инновациялық бағытына қатысты.
Әдістемелік жұмыс мазмұны ұйымның даму стратегиясына бағынышты болып табандылықтан, осындай әдістемелік жұмыс ұйымының даму стратегиясының іздену және айқындау құралы болып табылады.
Инновациялық іс- әрекетті жүзеге асыратын МДҰ әдістемелік жұмысын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Бұл -инновациялық қызметті ақпараттық тұрғыдан қамту үрдісінде бірініші кезекте тұрған мәселе. Алайда, жалпы алғанда, материалдық база жеткілікті түрде жабдықталғанымен, бүгінде бұл үдеріс баяу дамуда. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. «Балабақша  үйіміз, әдемілікті сүйеміз» – деген ұранымызбен «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.

Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты:

1.     Қоршаған ортамен таныстыру ;

2.     Адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру;

3.     Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру;

4.     Экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру;

5.     Қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу.

Балабақшадағы сыртқы безендіруі таза табиғи және құнсыз заттардан жасалынып төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және оның тылысым тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге  арнайы таза ауадағы экологиялық кабинет жасалды.Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп табиғатпен етене  байланыста болады.

3-4 жасар балаларға арналған экологиялық жол салынған. Ол жолда балалар құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанмен, аралардың еңбегімен, жәндіктер әлемімен танысады.

5-6 жасар балаларға  арналған экология жолында, балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкеністердің өсіп-жетілуін бақылайды және әлемнің қызықты жерлерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін «мысыр елінің пирамидасы»  жайғасқан, «кактустар әлемі», «орыс халық ертегілері» және «қазақтың жайлауы» сияқты бұрыштар бар.

Балабақшаның ішіндегі безендіру экологиялық бағытқа сай келеді, яғни  экология бөлмесі, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және балалардың жан-жақты дамуына ықпал жасайды.

Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерге ,жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру,  ата-аналардың балабақшамен тығыз байланыста болуы.

«Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  тәрбиелеу мен  оқыту  процесінде  М.Монтессори  әдістерін  қолдану»
Мақсаты: Монтессори  педагогикасының негізігі  принципі – балаға  өзін-өзі  тәрбиелеуге  өз бетінше  оқуға, өз  бетінше  дамуға  жағдай  жасау.
Балалардың  логикалық  ойлау қабілеттерін, әртүрлі   жаттығулар арқылы  дамыта  отырып,  ұйымшылдық, тапқырлық,  ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері: Монтессори  топтарында  бала  негізінен арнайы   дайындалған  қоршаған  орта.  Монтессори  көрнекіліктердің  көмегімен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Монтессори  педагогикасының  тағы  бір  ерекшелігі  әртүрлі  жастағы  балалар  бір-біріне  кедергі  келтірмейді қайта   бір-біріне  көмектеседі.

Белсенділік орталықтары: Өнер орталығы.Көркем әдебиет орталығы.Желілі ойындар орталығы

Құм мен су орталығы. Құрылыс ойындары орталығы

Құм мен су орталығы:

Мақсаты: Балалардың ортақ іс-қимылын ояту,қол саусақтарының қимылын дамыту, шығармашылығын арттыру,жан-жақты қызығушылығын ояту.

Өнер орталығы:

Мақсаты:Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту,сезіммен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту.Ұсақ қимыл-қозғалысын,өзіндік шығармашылығын арттыру.

Құрылыс орталығы:

Мақсаты: Балаларға заттарды дұрыс құрастыра білуге үйрету.Балалардың дұрыс ойлауын дамыту, Шеберлігін арттыру.Ұжым болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Желілі ойындар орталығы:

Мақсаты: Балалардың рөлдерде ойнау шеберлігін арттыру, ертегілерді кейіпкерлендіру арқылы сөздік қорын молайту, белсенділігін арттыру.

Көркем әдебиет орталығы:

Мақсаты:

Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,ертегілерді таныстыра отырып,сөздік қорын молайту,тілдерін дамыту.Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Әдебиеттер:

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *