“ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ”


Раимбекова Дана Асхатовна
КМҚК №134 «Гауһар» тәрбиешісі

Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін,

жоғары білімді ел ретінде танылуы керек.

Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көпмәденилік тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі.Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.

Білім мен ғылымның бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған  бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып,алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр.Әсіресе, өскелең ұрпақтың,жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел  ретінде танылуы  тиіс.Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі-ұлтаралық тіл, ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”,-деген болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты” атты жолдауында 2020жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады”,-деп атап көрсеткен болатын.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдында “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын  іске асыруды  жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Мемлекеттік  тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында мектепке дейінгі балалардың ішінде  өзге ұлт өкілдерінің арасында “Қазақшаң қалай, балақай!”, “Қазақша білесің бе?” (өзге ұлт балалары), “Тіл халық қазынасы” атты байқауларына балабақшамыз белсене қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр.Бұл біздің болашағымыз үшін аса қажет.Мемлекеттік басшысы : “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі , негізгісі,бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі.Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе , жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді,салт-дәстүрімізді сақтап қала аламыз,-деді.Біздің республикамыз көптілді болып табылады, өйткені мұнда жүзден астам  ұлт өкілдері өмір сүреді.Ал, бүкіл әлемде 3 мыңға жуық тірі тілдер бар деп саналады.

“Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды” дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратын әркімге түсінікті.Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал,үш тіл білу біздің мемлекетіміздің  халықаралық  байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен  халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тілді білетін жас ұрпақты тәрбиелеу керек-ақ.Ендеше үш тілді білу заман талабы.Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: “Қазақстандықтардың  жаңа ұрпағы ең  кемінде үш тілді болуы , қазақ,орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз.Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын”,-деген-ді.

Елбасымыз: “Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет.Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра аламыз: әліпбиі-балабақша деңгейінде,мектепте-базалық деңгей, колледж, университетте -мамандық бойынша кәсіби тіл”,-деп, көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытып отыр.Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді.Психологтардың зерттеуінше үлкендерден гөрі, балалардың тіл үйренудегі қабылдау деңгейі жоғары екенін анықтаған. Балабақшадан тіл үйреніп шыққан бала мектепте қиналмай жалғастыратыны даусыз.Біздің  балабақшамызда  да 4-5,5-6 жастағы балаларға ағылшын тілі оқытылады. Балалар күнделікті амандасу, қоштасудан бастап , жылдық тақырыптар бойынша жаңа сөздермен танысып,қызығушылықтарын  танытады.Балалар  өлеңдер, жұмбақ, жаңылтпаштарды ағылшын тілінде тез және де қызыға жаттап алады. Және де оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізіліп, күннің ІІ жартысында ағылшын тілі өткізіледі.  Мұнда балалардың тілдерді үйреніп, меңгеруіне заманауи жағдай жасалған.Арнайы үш тілде оқыту үшін соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған және көптеген дидактикалық оқу материалдары бар. Интеркешенді тақтамен бірге түрлі көрнекіліктермен үлестірмелі материалдардың да  мол қоры бар.Балабақшада үштілділікті дамыту белгілі бір бағыттар бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, тілдерді үйрету жұмыстары тәрбиеші,орыс, ағылшын тілі мамандарымен өзара бірлесе оқу  қызметінде  және одан тыс мезгілде ойын,театрлық іс-әрекет,ойын-сауық ертеңгіліктер, ата-анамен жұмыс  барысында блингвалды компонентті қолдану арқылы жүзеге асады. Балабақшада кесте бойынша күнделікті өткізілетін оқу қызметінде де  блингвалды  компонентті үнемі пайдаланып, жаңа сөздермен таныстырып отырамыз.Осыған сай біз педагогтар, өзіміз құрастырған “Күн тәртібі үрдісі мен ойын әрекетінде қостілділік-қазақша-орысша,ағылшынша қатынасқа түсу бағдарламасы”атты тіл үйрету бағдарламасына сүйене отырып , мектеп жасына дейінгі балаларға тілдерді үйретеміз.Үш тілді үйрету біздің  сөздік қорларын кеңейтуге,оларды күнделікті өмірде қолдана алуға , өз бетінше айналасындағылармен сұхбаттасуға,қарым-қатынасқа түсу аясының кеңеюіне,жеке дамуына зор ықпалын тигізеді.Бұл бағдарлама бізге баланың қатынасқа түсу дағдысы мен тілдік машығын дамытуға,тілге деген қызығушылығын тудыруға түрлі кестелер, суреттер арқылы әңгіме құрастыра алуға көмектеседі.Бүлдіршіндердің бойына тілге деген сүйіспеншіліктерін дарыту және салт-дәстүрлер туралы білімдерін кеңейту мақсатында олармен ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүргізіп қана қоймай, сонымен бірге тыс шаралар, атап айтқанда, тілдік сайыстар,байқаулар мен ойын-сауықтар өткіземіз.Біз үшін мерекелер мен ертеңгіліктерді үш тілде өткізу дәстүрге айналды.Бұл балаларға ғана қуаныш сыйлап қоймай, сондай-ақ қонақ ретінде келген ата-аналардың,ата-әжелеріміздің бойларына да  зор мақтаныш сезімдерін ұялатады. Балабақшада сәбилік кезеңін аяқтап,білім алу үшін мектепке алғаш қадам басқан біздің кішкентай түлектеріміз тілдерді үйреніп, білімдерінің мықты іргетасы балабақшада қаланып, одан әрі мектеп,гимназия,лицейлерде жалғасады деп сенімді түрде айта аламыз.Үштілділік бастауын балабақшадан алған балалардың әртүрлі тілдік сайыстар, олимпиадалар мен конкурстарда табысқа жететінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қорыта айтатын болсақ, “Тілдердің  үш тұғырлылығы” бағдарламасының  негізгі мақсаты мемлекеттік тіл -қазақ тілін, орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп,бәсекелестігін арттыру болып табылады.Бүгінгі таңда көп тілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Көптілді болу-уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап,жаһандық құндылықтарға қосу,әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап,сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі. Елдің ертеңі өресі биік,дүниетанымы кең,кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.Жалпы мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат-2050жылға дейін Қазақстан 30 дамыған елдің қатарына қосылуы керек. Бұған” Қазақстан-2030″ даму стратегиясы куә.”Қазақстан 2050″стратегиясы бұл болашақтың қамы.Болашақ бүгінен басталады, ел болашағы-ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. “Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция.Біз бұл мәселеге осылай қарап,балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек”-деген Елбасы.

Пайданылған әдебиеттер тізімі :

1.Нұртазин Т. Сөз құдіреті-Астана: Ер-дәулет,2007ж

2.Әлімбек Г. Қазақ тілі. Астана: Ер-дәулет ,2007 ж

3.Президенттің Қазақстан халқына жолдауы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”.Астана  -2007 ж

4.ҚР”Тіл туралы”заңы

5.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *