«Қазақ отбасындығы мектеп жасынадейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.»


Исина Жайдарман Рахымбековна
КМҚК №134 «Гауһар» тәрбиешісі

Қай заманда да, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Алайда, қазіргі кездегі елдегі әкономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ – бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана -баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сондықтан отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады, егер:

– отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделсе;

– қарым-қатынас мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері нақты айқындалса;

– ата-аналарды отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесімен қамтамасыз етілсе;

-отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды жетілдіру үшін балабақша тарапынан бірлескен әрекеттер жүйелі ұйымдастырылса.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де ерекше. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

№134 «Гаухар» балабақшасы ата-аналарымен отбасының баламен қарым-қатынас анықтау үшін тренингтер, тестер, ойын жаттығуларын өткіздім. Өткізу барысында әдістердегі қарым-қатынас мәдениетіне қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, эксперимент әдістері пайдаланылды.

Ересектер тобымен отбасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында «Отбасы мүсіні», «Отбасы оқиғалары», «Отбасын ойнайық» жаттығулары өтікіздім. Ата-аналармен «Өзара әрекеттесу» тренингі жүргізілді[1.б 57-59. ].

Бұл тренингтің тұжырымдық негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесу болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата –ана мен баланың серіктестік қарым –қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту.

Тренингтің міндеттері:

1.                     Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

2.                     Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

3.                     Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

4.                     Отбасындағы коммуникацияны белсендіру.

Көп жағдайда тренинг бағдарламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларына қолайлы. Осында сипатталған нұсқа ата –ана және балалар мен он екі сабақты болжайды; аптасына екі рет  екі немесе үш сағаттан, яғни курс ұзақтығы бір жарым екі ай.

Бақылау экспериментінде коррекциялық жұмыстар нәтижесін байқау мақсатында келесі экспериментті жүргізуді жөн көрдік.

«Ата-ана мен бала өзара қатынасы» ересек кезеңіндегі бала мен   ата-аналарға арналған сауалнама екі жақты бағалаудан тұрады[2.б 8-10 ].

1-сурет. «Ата-ана мен бала  өзара қатынасы» сауалнамасы

Онда отбасы өзара қатынасын анықтау мақсатында балаларда тұлғааралық қатынас қалыптасуында  көрінетін қақтығыс деңгейін анықтауды жөн көрдік. Жүргізілген әдістеме «Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тесті. Бұл әдістемеде индивидтің қақтығысын бағалауға арналған .

Құрылымы: үш нұсқасы бар сұрақ беріледі. Олардың варианты «ия», «жоқ», «білмеймін» деп белгіленеді. Өзінің ойындағысына балалар   жауап береді.

Әдістеменің  нәтиже көрсеткіші: Егер ұпайдың қосындысы 30-44 ұпайға дейін болса, онда ол индивид қақтығысуды ұнатпайды. Сын жағдайларынан қашады. Айналасындағыларға жақсы көрінгісі келеді. Бұл төмен қақтығыс.

Егер ұпайдың қосындысы  15-29 дейін болса, сіз өз ойыңызды білдіре алатын адамсыз. Бұл пікіріңіз жеке басыңызға, қарым –қатынасыңыздағы қарым – қатынасыңызға әсер етсе де. Сол үшін де сізді айналаңыздағылар сыйлайды. Бұл орташа қақтығыс.

Егер ұпайдың қосындысы 10-14 ұпайға дейін болса, сіз қақтығысқанды жақсы көресіз. Сол қақтығысу үшін себеп іздейсіз. Сынды, өз ойыңызды айтқанды қатты жақсы көресіз. Өте жоғары қақтығыс.

Қорыта келе, баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында, балабақшада және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бейсенбекова  Г. Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы : оқу құралы; Қарағанды мемлекеттік ун-ті . – Қарағанды : САНАТ-Полиграфия, 2008. – 127 б

2. Акдунова, С. Ш. Тұлғаның қалыптасу негізі -балабақша мен ата-ана ынтымақтастығында // Отбасы және балабақша. – 2013. -№ 4. – С. 8-10 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *