«Алтын күз-әсем айналам»

Тохметова Раушан Есенболовна
КМҚК №134 «Гауһар» музыка жетекшісі

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.Балалар өлеңді мәнерлеп айтуға,рөлдік ойында ойнауға,сахна мәдениетін сақтауға үйрету.

Би “жалпы“(әуенмен залға кіру)

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Армыссыздар балалар.

«Алтын күз» атты ертенгілікті бастаймыз

Алтын,сары қызыл көк

Алуан алуан, жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп

Қөз тартады атырап.

 

Күз ханшайымының шақыртуы бойынша ормандағы алтын күз мерекесіне келдік.

Сұрақ жауап:

Бұлтар төніп,

Ызғар сезіп,

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып өңі тайып

Дымқыл тұман басады

Бұл қай жыл мезгілі ? (Күз)
1 – бала: Айзере

Орман іші өте әдемі,

Барлығы алтын түске боялған.

2 – бала: Арсен

дұрыс айтасын, барлық аңдарда қысқы азығын жинап, құстарда тізбектеле жылы жаққа ұшып барады.

3 – бала: Алия бізді мерекеге шақырған алтын күздің өзі жоқ қой?

Жүргізуші: Балалар біз өнерімізді көрсете берейік әсем әнімізді естіп, күз ханшайымызда келіп қалар.

Ән: Алтын күз

Балалар хормен: Кел, кел алтын күз берекелі жарқын күз.

Тақпақ: 1 – бала:Ерасыл

Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
2 – бала: Аяла

Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
3 – бала:Даяна

Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

Мансур

Падают с ветки жёлтые монетки…
Под ногами целый клад!
Это осень золотая
Дарит листья не считая,
Золотые дарит листья
Вам, и нам,
И всем подряд.

Жанель                                                   

  Наступила осень                                                  Пожелтел наш сад

Листья на березе

Золотом горят

Не слыхать веселых

Песен Соловья

Улетели в далкие края

Балалар хормен: Кел, кел алтын күз берекелі жарқын күз.

(Желдің дыбысымен сыйқыршы келеді)

Сыйқыршы: Мен керемет сыйқыршымын алақанымда бұлттар. Аяқ астымда жапырақтар. Күзді мен жақсы көрмеймін. Сондықтан сыйқырлап тастадым. Күз ханшайымы болмайды сендерде, бірден қысты жіберем.(әуенмен сыйқыршы шығып кетеді)

Тиін:Інжу қалай сонда болғаны күз болмай қыс келгені, қысқа азық, жаңғақтарды да жинап үлгермедік. Енді не істеймін? Ашығуыма тура келеді.

Қоян: Анар дұрыс айтасын тиін жан менде дайын емеспін, сәбізде жинамадым, тіпті тонымдыда ауыстырып үлгермедім. Түлкіге азық болатын болдым.

Аю: Ален Неге бәрін жылып жатсындар менде қысқа дайын емеспін, ұйқымда ерте келер емес.

Кірпі:Адия менде де еш азық жоқ, алмада, санырауқұлақта жинамадым. Інімде бос.

Жүргізуші: Жыламандар аңдар біз барлығымыз бірігіп сыйқыршыдан құтқарып аламыз. Бізбен бірге болындар балалардың өнерін тамашаландар. Балалар орман іші бұлттанып жаңбыр тамшыларын сезіп жатсындарма?

Би: Тамшылар Аделя

Орман күзетшісі(музыка әуенімен кіреді, қолында сыпырғышы бар жерді сыпырып жүреді) Орман іші жапырақтарға толып кетіпті, еш бітер емес, құстардың да дыбысы шықпайды аңдарда қысқа дайын емес сияқты. Орманныңда сәні кеткен, сөйлесетін де ешкім жоқ.(балаларды көріп қалып)сендер кімсіндер не істеп жүрсіндер.

Жүргізуші:Біз «ГауҺар» балабақшасынанбіз күз ханшайымының шақыртуымен келіп едік. Күз ханшайымын сыйқыршы ұрлап алып, сыйқырлап тастады. Орман күзетшісі сіз бізге көмектесе аласыз ба?

 

Орман күзетшісі:Сендерге күз ханшайымы керек пе, сол күз ханшайымының кесірінен орман ішінде ешқандай тазалық жоқ. Жапырақтарда тазаратын емес.

Жүргізуші: жоқ біздің балаларға күз ханшайымы керек балалар күз ханшайымына дайындап келсе күз ханшаймы дәруменге толы жеміс жидектерін дайындап қойған.

Орман күзетшісі:Жеміс жидек дайындады дейсін бе? Оған қарағанда кәмпит тәтті емеспе?

Жүргізуші:Неге олай дейсіз орман күзетшісі жеміс жидек кәмпитке қарағанда адам денсаулығына өте пайдалы.

Қызанақ: Сұлтан

Менің атым – қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын

Қияр: Әділжан

Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!

Картоп:Нұрасыл

Мен картоппын, картоппын

Жер жүзінде мен көппін.

Тамаққа көп қолдансаң.

Пайдамды сонда білерсің.

Алма: Әлібек .

Мен – алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік: Мен – өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым

Шие: Ералы

Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!

Би: Жемістер

Орман күзетшісі: дұрыс айтасындар балалар мен неді түсіндім жеміс жидектін пайдасын оны міндетті түрде ормандағы достарыма жеткіземін.(ойын ойнатады)

Ойын: Күзге дайындық

Орман күзетшісі:Иә балалар сендермен өте қызықты болды. Өте достыққа берік, табиғатты қорғап, ағаштарды сындырмай, орман аңдарына қамқорлық көрсететін балалар екенсіндер. Солай екен мен сендерге сыйқыршыдан күз ханшайымын құтқаруға көмектесейін ол сендер ойлағандай жаман адам емес. Күздің суық желдерін, жауған жаңбырынан әр жылы оның қол аяғы ауырады. Ал сыйқыршы оның емін таба алмай жүр.

Жүргізуші:А солай екен ғой біз оны емдеуге көмектесейік. Сыйқыршымен қалай кездессек болады.

Орман күзетшісі: Ол ән тындағанды жақсы көреді.

Ән: Ах, какая осенъ

Сыйқыршы: (әуен ойнайды) кім менің ұйқымды бұзып тыныштығымды алған (оранған, мұрны қып қызыл, түшкіріп, пысқырып келеді)

Олай болса барлықтарынды сыйқырлап тастаймын.

Жүргізуші:Олай жасаманыз балалар бізбен бірге қызықты ойын ойнасын.

Ойын:

Хормен балалар:ренжіме сыйқыршы емдейміз біз сізді.

Самаурын(әуенмен кіреді) мен әдемі самаурын қайнап жаңа мен болдым. Асығып келдім сендерге, тәтті шайды ұсынам. Ауырмау үшін сендерге, міне бал, малина тосабы. Көнілдерін көтерілсін, осылардың барлығын ішсен, денсаулығын зор болат.

Би:Самаурын, кеселер

Сыйқыршы: Рахмет сендерге достарым

Енді міне сауықтым сендердің жақсылықтарынды еш уақытта ұмытпаймын. Мен сендерге күз ханшайымын жіберемін.(Сыйқыршы мен орман күзетшісі қоштасып шығып кетеді)

Музык ойналады  Күз ханшайымы келеледі.

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені әрі қарай тойлайық.
Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

Жүргізуші:Күз ханшайымын ортаға алып күзгі вальс әнін орындап берейік.

Ән: күзгі вальс

Ойын:

Би: «Күзгі қиял»

Күз ханшайымы: Балалар сендер өте өнерлі екенсіндер сендердің өнерлерін маған қатты ұнады мен өзімнің сыйлығымды сендерге тарту етемін.

Қорытынды:Біз  бүгін қайдай мерекеге қонаққа келдік, кімге?

Орманда біз кімдерді кезіктірдік? Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.

Ән: ағылшынша

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.