Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғалық болмысын қалыптастырудағы этнопедагогиканың алатын орны.


С.Ғ. Аманбекова, А.С. Смаилова
№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы, Қарағанды қаласының қазақ тілі мұғалімі, педагог-психологы

Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды деп бастады өз сөзінде Қазақстан Республикасының президенті – Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы 20 сессиясын «Бір  халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.­ Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғнымен, жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астына бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, еліміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «Бір халық –бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несімебі мол болмақ. Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.

Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен  жоқ. Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындап алдық.

«Бір халық – бір елі – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «бір халық»- бұл барлығымыз үшін ортақ  ұлттық мүдделер.

«Бір ел»-бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

Бір тағдыр-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен  жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз- игілікті және өсіп – өркендеген Қазақстан!

Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты Қазақстандық патриотизмге негізделуі керек. Ал Қазақстандық патриотизм мемелекеттің территориялық тұтастығын, сал-дәстүрдің, ұлттың мәдениетінің сақталуын, Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олрадың өзара саяси-экономикалық  және мәдени байланысын күшейтуді, осы байланыстың пәрменді насихатшысы мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі-орыс тілінің жетіліп, көркеюіне баса назар аударуды көздеу болмақ. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүнетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып, еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету көзделеді. Келер ұрпақтың бейбіт Отанда өмір сүріп, шапшаң қарқынмен дамып, жан-жақты жетілуі, Отанының адал патриоты болуы тиіс.

Сондай-ақ Қзақастан үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңының «Білім жүйесі» деп аталған екінші бөлімінде білім беру жүйесінің міндеттері:

Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау…

Олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін…

Халықтар достығының негізінде тәрбиеленген халық, Отан, отбасы, алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын терең сезген… Қазақстанда тіршілік етуші негізін қалаушы – қазақ халқы мен басқа халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрін қадір тұтып, оны игеруге кепілді азамат болу керек» делінген  [1,с.4].

Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаз қауымы.

Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі-халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәжірибесінің жиынтығы.

Этнопедагогика пәнінің мақсаты- халықтың салт- дәстүрді, ұлттық өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қастерлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой азамат тәрбиелеу.

Әдебиетші ғалым Ж. Аймауытов бұдан дәл 70 жыл бұрын «тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде: «Ана тілі- халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің  айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі… Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі» – деген болатын. [2, с5].

Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың да: «Сөзі (тілі) жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өзі ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»,- деген ұлағатты ойы бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгінде «мәңгүрттер» делініп жүргендердің пайда болуы сол тіл саясатының әлсіздігінің жемісі екенін ұмытуға болмайды. Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика) екені, ал оның ұлттық ішкі жан дүниесімен, сана-сезімімен байланысты (этнопсихологиямен) жүргізілгені көпке аян. Этнолингвистика тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысты тұрғысынан қарастырады. Ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұллттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана- сезімі мен ойлау ерекшелігін байқаймыз.Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат  етіп тәрбиелеу – этнопедагогиканың өзекті мәселесі. Ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана-сезімі мен ойлау ерекшелігін байқаймыз. Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу – этнопедагогиканың өзекті мәселесі.

Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына. Ағартушылар:

Ш. Уәлиханов,  Ы. Алтынсарин,  А. Құнанбаев,  Ш. Құдайбердиев,

А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б. ағартушылар еңбектеріне қазақ халқының әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері,  мақал – мәтелдері, фольклорлық жырлары және көркем шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды.

Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы, жазушысы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын мысалы: «Қобыланды батыр», «Жәнібек батыр», «Қара батыр», т.б. түрлі әңгімелерде «Ағаштар бағы», «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа», т.б. сонымен бірге жақсылық пен жамандық қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді.[3 с 45]

Шынында да, қазақ халқының бала бойында ана сүтімен сіңіретін тәлім тәрбиелік өзіндік мектебі болғаны даусыз. Көшпелі өмір кешіп жүрген кездің өзінде-ақ ауыз екі үлгі – өнеге ретінде айтылатын ертегі, мысал әңгімелермен де, шешендік сөздермен де, түрлі әдет-ғұрыптарымен де, ұлағатты ырым – тыйымдарымен де баланы алғырттықа, зерделік пен көрегенділікке баулып, жаман істер мен әдеттерден тыйып, жалқаулық, жалақорлықтан безіндіре, еңбекерлікке, адалдыққа, өнерлікке, талапкерлікке үйретіп отырған. Алтын – күміс тас екен, арпа бидай ас екен – деп отыруы – баланың ұғымын кеңейтіп, өмірге, айналаға ойлана қарауға үйретеді. Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Баланы жастан » деген мәтелді тектен текке айтпаған болар.

Мемлекеттік –  қаза тілі мен халықаралық – орыстілінің жетіліп, көркеюіне баса назар аударуда, этнопедагогика бөлімі бойынша қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан «Үй жануарлары тақырыбы» бойынша мынадай ойындар ұйымдастыруға болады:

«Лото» ойыны.

Ойын шарты: екі немесе одан да көп ойыншыға арналған. Жүргізуші – қатысушы ойыншыларға бас лото таратып береді, барлық үй жануарлары мен төлдерінің кескіндерін араластырып, ішінен бір кескінді алып, жұмбақ жасырады. Кім жұмбақтың шешімін тез тапса соған кескін беріледі. Ойыншы кескінді өз лотосындағы бос орынды жабады. Осылайша қай ойыншы бос лотоны бірінші болып толтырса, сол жеңімпаз атанады.

Тұяғымен тақылдатып,              Кто в степи так быстро мчится?

Кім жайлауға жүреді,                 Звонко цокают копытца.

Алысқа кім шабады?                  Скачет весело, игриво.

Өзі сондай көңілді.                     Вьется хвост, и вьется гриво.

(Құлын)                                        (жеребенок)

«Ұлттық аспаптар» тақырыбына «Бинго» ойынын ұсынуға болады.          «Бинго» ойынының шарты:

Бұл ойынды екі бала ойнайды. Әр ойыншыда әр түсті дөңгелектер, аспаптар бейнеленген бинго картасы болады. Жүргізуші (домбыра, асатаяқ, қоңырау, сазген, жетіген, дауылпаз, нарқобыз) аспаптардың атын атағанда, ойыншылар сол аспапты бинго катасынан сол аталған аспапты тауып, әр түсті дөңгелектермен жабады. Кімнің бинго картасы бұрын толса, сол жеңімпаз атанады. [4, с 12]

Халық педагогикасы ата – бабамыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс – тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасын балабақшадан бастап енгізетін болсақ, еліміздің болашағы зор, келешекте өз ұлтын сүйетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын қадірлейтін патриот азаматтар мен азаматшалар өсіп жетілмек.

Ұлы Абайдай тұлғамыз:

«Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Қырын, сырын білуге,

Көкірегінде болсын көз» – демекші келер ұрпақтың көкірегінде елін, жерін, тілін қадір тұтатындай, қырын – сырын ашатын көкірегінде көздері болсын!

Әдебиеттер

«Орталық қазақстан» газет 2013.

«Балапан» журналы 2012ж. №5.

Қалиев Қазақстан тәлім – тәрбиесі.

«Отбасы және балабақша» журналы 2009.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *