Технологиялық карта – мектеп дейінгі балалардың даму деңгейін бағалау және саралау құралы


Мынжанова М.К., А.А. Смаилова-
№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы, Қарағанды қаласы тәрбиешісі, әдіскері

Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік  білім  кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық.

Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

Қазақстан Республикасының 23.08.2012 жылға №1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жылпыға міндетті білім беру стандарты» бойынша бес білім беру саласы бар. Олар:«Қатын  әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылады. «Денсаулық» білім беру саласы баланың ағзасында тірек-қимыл жүйесінің дұрыс қалыптасуына, тепе-теңдіктің дамуына, қозғалысының үйлесімділігіне, ұсақ және ірі қол моторикасына, сондай-ақ ағзаға зақым келмейтіндей негізгі қимылдарды орындауға, қимылды ойындардың ережесін меңгеруге; салауатты өмір салтының құндылығының қалыптасуына, оның қарапайым қағидалары мен ережелерін меңгеруге (тамақтануда, қозғалыс тәртібінде, сауықтыруда, пайдалы әдеттер қалыптасу барысында және т.б.) әсер ететін баланың дене дамуын қамтиды. «Қатынас» білім беру саласы мәдениет пен қатынас құралы ретінде тілді меңгеруді; белсенді сөздікті байытуды; диалогтік және монологтік тілді, грамматикалық дұрыс байланыстыруды; шығармашылық сөйлеуді дамытуды; дыбыстық және екпінді сөйлеу мәдениетін, фонематикалық естуді; балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы мәтінді дауыстан түсінуі, балалар әдебиетін, кітап мәдениетімен таныстыруды; сауат ашудың алғы шарты ретінде дыбыстық талдау-синтетикалық белсенділікті қалыптастыруды қамтиды. «Таным» білім беру саласы балалардың қызығушылығын, білімге құштарлығын және танымдық ынтасын дамытуды; танымдық әрекетін, түсінігін қалыптастыруды; ойлау және шығармашылық белсенділігін дамытуды; өзі және басқа адамдар туралы, қоршаған әлемнің нысандарының қасиеттері мен қарым-қатынастары (түрі, түсі, өлшемі, материалы, дыбысы, ырғағы, қарқыны, саны, бөліктері және біртұтастығы, кеңістікте және уақыты, қозғалысы және тыныштығы, себеп-салдары және т.б.), туған жер мен Отан, қазақтың және басқа халықтың әлеуметтік мәдени құндылықтары туралы, салт-дәстүр мен мерекелер туралы, адамзаттың ортақ үйі Жер ғаламшары туралы, табиғаттың ерекшеліктері туралы алғашқы ұғымын қалыптастыруды қарастырады.

«Шығармашылық» білім беру саласы өнер туындыларын (ауызша, музыкалық, бейнелеу), табиғат әлемін қабылдау мен түсінуін дамытуды; қоршаған әлемге эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлерінің қарапайым ұғымдарын қалыптастыруды; музыка, көркем әдебиеттерді, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлыққа ынталандыруды; балалардың өз бетінше шығармашылық (бейнелеу, құрастыру-моделдік, музыкалық және т.б.) іс-әрекеттерін іске асыруды қарастырады.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы адамгершілік ережелер мен жалпы адами құндылықтарды меңгеруге; қатынас жасауға және баланың ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетін дамытуға; дербестігінің, мақсаттылығының және өз әрекетін өзін-өзі реттеуінің қалыптасуына; эмоциялық бауырмалдығын, бірге мазасыздануын дамытуға, құрдастарымен бірге бірлескен әрекеттерге дайындығын қалыптастыруға, өз отбасына, балаларға және ересектерге тиесілі қатынастары мен сезімдерін қалыптастыруға; еңбек пен шығармашылықтың әр түріне оң көзқарасын қалыптастыруға; тұрмыста, әлеуметте, табиғатта өзін өзі ұстаудың қауіпсіздік негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Осы бес білім беру саласында қойылған мақсат міндеттерді педагог технологиялық карталар арқылы жүзеге асырады.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың даму деңгейлерінің жеке картасының кестесінде сандық көрсеткіштермен (1,2,3) белгіленеді. Кезеңдері тағайындалған: оқу жылының басында диагностика балалардың даму деңгейлерін анықтау және оқыту – тәрбиелеу мазмұнына түзету мақсатында жүргізіледі; ал оқу жылының ортасы мен аяғында – алынған нәтижелерді салыстыру мақсатында жүргізіледі. Технологиялар мәні топ тәрбиешілері және мамандармен «Зерек  бал», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына ссәйкес білім беру салаларының бөлімдері бойынша берілген индикаторларға байланысты шешімдер мен ұсыныстар негізінде оқу жылының басы, ортасы және аяғында баланың құзыреттілікті дамуының үш шартты  деңгейіне қарай мектепке дейінгі жастағы балалардың даму деңгейлерінің картасын толтырудан тұрады:

Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы — негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.            Мектепке дейінгі жас  кезінде балалардың денесі мен  ақыл-ой өрісі төменгі жастарға  қарағанда недәуір өсіп қалады. Бірақ 3-5 жастың арасында бала  бойының өсуі шамалы тоқталып қалады да, мектепке кіргенше тез өсетін болады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді.  6 жастағы баланың бойы -116 см., салмағы -21,5 кг.шамасында болады.

Көкірек қуысы, иығы, жамбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады. 5-6 жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т/б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.Онымен бірге дене  мүшелерінің айырмашылығы көріне бастайды. Баланың мінез-құлқын реттеуде жоғары ми қабығының мөлшері артып, жоғары жүйкенің қызметі жетіле түседі, мидың  маңдай бөлігі шапшаң дамиды, сондықтан  күрделі талдаулар мен жинақтауларды  түсінеді. Байланыстырып сөйлеуі қалыптасып, 30-60 сөзден әңгіме құрай алады. Өзін қызықтырған әңгіме болса, 150-200 сөзді пайдаланып, әңгімелеп бере алады. Бұл жастағы балалар ойын, еңбек, т.б. әрекеттер кезінде сөйлеу белсендігі алдыңғы кездегімен салыстырғанда 2-3 есе төмендейді. Мұның себебі, сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге ауысуынан. Ойлауы-көрнекі ойлау, шығрмашылықтың кейбір элементтері кездеседі. Мұқият тыңдау, (зейіні) есте сақтау, талдау, салыстыру, қарапайым қорытынды жасау қабілеттері дамиды. Өз шамасына сай кедергілерді жеңуді, қолы жеткен нәтижесін дұрыс бағалауды, өзара көмектесуді игереді, бірге ойнайтын балалар тобы пайда болады. Бұл кезде баланың білуге ынтасы артып, тілі, ақыл-ой қабілеті, қиялы белсенді дамиды, өзіне тән дербес іс-әрекетті жақсы орындай алу дәрежесіне жетеді.                                                                               Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.

Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың улкендермен қалыпты жағдайдан тыс – тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.

Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады.                                                                                      Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жанурлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.

5-6 жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады.                                                                 Балабақшада баланың дамуының білімдік жеке маршрутын анықтау, шынайы жетістіктерін бағалау, баланың дамуында ілгерілеу барлығы тұралы жазбалар, бала жайлі барлық ақпарат жиналатын, баланың жетістіктері мен нәтижелеріне куә болатын түрлі материалдар жинақталады,оған қарап бала дамуының түрлі салаларындағы табыстары мен жетістіктерін кешенді түрде қарастыруға болатын жиынтық-папка жасалады, оны портфолио деп атайды.      Мектепалды баласының портфолиосы-оның дамуының өзінше бір маршруты. Жылына екі рет тәрбиешілер,медициналық қызметкерлер,мамандар ата-аналарға білгісі келетін мәселелері бойынша кеңес береді. Портфолионың арқасында педагогтер мен ата-аналар арасында неғурлым жылы, тығыз байланыс орнайды.

Әке-шеше ұсыныстарды оқып, әр топ үшін ұсынылатын әдебиет пен ойын жиынтықтарын пайдалана алады, сондай-ақ балаларымен жұмыс жасайтын кез келген маманға білгісі келген сурақтарын қоя алады.

Жеке жетістіктер папкасының маңызды ерекшеліктері-әр балаға дерлік жекеше көзқарас қалыптастыруды жүзеге асыратындығы. Балабақшамен қоштасарда портфолио баланың өзіне табыс етіледі.

Бұл оның ата-анасы үшін де тамаша сыйлық.

Портфолионы жүргізу тәрбиешіге бала туралы ақпаратты мақсатты түрде жинап, жүйелеуге, баланың қайталанбас жеке-мінез құлқы туралы мәліметтерді сақтап қалуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе мектепке дейінгі,баланың дамуы бірқалыпты емес,секірмелі сипатта болып, психикалық функциялары мен субъективті тәжірибе жинақталуы жеке қарқынмен пісіп-жетілетін мектепке дейінгі кезеңде ерекше маңызды болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ Заңы,  2007ж.

2.«Қазақстан Республикасындағы  тілдер туралы» Заңы .

4. «Алғашқы қадам» бағдарламасы

5. «Зерек бала» бағдарламасы

6. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *