“Адамның сезім мүшелері”


Молдабекова Бахытжамал Коренқызы

Рудный қаласы әкімдігінің “№7 мектеп – гимназия” мұғалімі

Сабақ мақсаты:

1.Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ-сезім мүшелері қызметімен танысады.

  1. Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады. Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.
  2. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі  түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды.

Сабақ түрі: Зерттеу сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ойын технологиясы,тәжірибе зерттеу әдісі, сәйкестендіру, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Керекті құрал-жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, жемістер, АКТ, интербелсенді тақта.

 

Кезеңдер Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушылар назарын сабаққа аудару мақсатында әуен қосылады.

 

Оқушылар тыныш отырып тыідайды.
 

Психологиялық ахуал тудыру

 

·         Ал, балалар, күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза, мөлдір көңіл-күймен

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

 

Тақырыпқа шығу

 

·         Ал, енді, бүгінгі сабағымызды сіздермен «Жасырын сурет» ойынын ойнаудан бастаймыз. Қазір мына алдарында жатқан қиындыларды құрастырып, болған топ суретке сипаттама береді.

 

-Топпен жұмыс істеуді;

Қиындыларды құрастыруды үйренеді

 

 

 

 

·         Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы – сезім мүшелерін танысу. Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді?

 

·         Яғни ,бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың  қызметін білесіңдер.

 

-Топқа баға қоюды;

-Сезім мүшелері не екенін білгіміз келеді;

-Оларды қалай күту керектігін білгіміз келеді;

-Қызметін білгіміз келеді.

 

Топқа бөліну ·         Балалар, маған қай топта қандай суреттер болғанын айтыңдаршы.

·         Ендеше әр топтың атауы осы суреттерге байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ»,                    ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл»,                 Ү топ – «тері».

-Құлақ, мұрын, көз, тіл, тері.
Танымдылық жұмыс Балаларға интерактивті тақта арқылы сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Балалар сезім мүшелерінің қызметін сәйкестендіріп білу қажет.
Сергіту сәті Әуен арқылы балалар қимыл жасайды. Балалар дене мүшелерін қимылдата билеп, сергіп қалады.
Дәптермен жұмыс Балалар 32-33 бетті ашамыз 2 тапсымаға қараймыз.

-Суреттерде не бейнеленген?

-Олар адамның қандай мүшесіне қауіп әкеліп тұр?

Өте жақсы енді 3-тапсырмаға көңіл бөлейік. Санап цифрларды жазып шығамыз.

Балалар суреттерді атап, қандай мүшеге қауіпті екенін айқындау керек.

3-тапсырмада оқушылар сезім мүшесінің 5 екенін біледі.

Сарамандық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма

·         Балалар, сендердің алдарыңда қорап бар. Қораптың ішіндегі заттарды өз топтарыңның атауларына байланысты таңдап алыңдар. Неге бұл затты алғандарыңды дәлелдеп беріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

·         Құлақ тобы дискті таңдапты. Олай болса, бұл топты тексерейік. Мен сендерге дисктегі жануарлардың дыбыстарын қоямын, ал сендер олардың аттарын атау керексіңдер.

 

 

Көз:

*Біздің топ –көз тобы.

*Біз кемпірқосақ суретін таңдадық.

*Оның жасыл, қызыл, көк және т.б. түстері бар.

*Кемпірқосақты көзбен көреміз, қолмен ұстай алмаймыз, иісін сезе алмаймыз.

*Көз – көру мүшесі.

 

Тіл:

*Біздің топ – тіл тобы.

*Біз қант пен тұзды таңдадық.

*Қант – тәтті.

*Тіл – дім сезу мүшесі.

Тері:

*Біздің топ – тері тобы.

*Біз допты таңдадық.

*Себебі оны қолмен ұстаймыз, ал қолда тері бар.

*Доптың жұмсақ екенін, шипасы бар екенін сездік.

*Тері –сипап сезу мүшесі.

 

 

Мұрын:

*Біздің топ – мұрын тобы.

*Біз әтірді таңдадық.

*Әтірдің иісін мұрнымызбен сеземіз.

*Оның иісі жағымды.

*Мұрынмен дем аламыз.

*Мұрын – дәм сезу және дем алу мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Құлақ:

*Біздің топ – құлақ тобы.

*Біз дискті таңдадық.

*Себебі онда әр түрлі дыбыстар жазылады.

*Ал дыбыстарды біз естиміз.

*Құлақ – есту мүшесі.

 

Проблемалық сұрақ  

 

·         Енді, әр топ атауларыңа байланысты осы сезім мүшелерінің күтуін атаңдар.

 

 

Көз:

*Үшкір затпен ойнауға болмайды, себебі көзге кіріп кетуі мүмкін.

*Қолмен көп уқалауға болмайды, көз ауыра бастайды.

*Көзге бірдеңе түссе, жылы қайнатылған сумен шаю керек.

*Қараңғыда кітап оқуға болмайды, көз көруі нашарлайды.

*Теледидар және компютерде көп отыруға болмайды, себебі көздің көруі нашарлайды.

 

Тіл:

*Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі кесіп алуың мүмкін.

*Тамақты асықпай жеу керек, өйткені тілді тістеп алуымыз мүмкін.

*Тамақтан кейін ауызды шаю керек, өйткені тамақ қалдықтары қалады.

*Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.

 

Мұрын:

*Мұрынды үшкір затпен тазалауға болмайды.

*Мұрынды жылы сумен шайып отыру керек.

*Оны арнайы құралмен тазалау керек.

*Жылы киіну керек, құлаққа суық ттиіп қалуы мүмкін.

 

Тері:

*Теріні үшкір заттардан сақтау керек, себебі

жараланып қалуы мүмкін.

*Өткір заттардан сақтану керек.

*Ашық жиі жуынып отыру керек.

*Жылы киіну керек.

 

Құлақ:

*Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды, себебі дабыл жарғағына тиіп кетуі мүмкін.

*Оны арнайы құралмен тазалау керек.

*Жылы бас киім кию керек, өйткені суық тигізіп алуымыз мүмкін.

*Құлақты жылы сумен жуып отыру керек, себебі құлық жиналып қалады.

 

Рефлексия Қандай мереке жақындап қалды?

Енді шырша безендірейік, ол үшін алдарыңдағы смайліктерді ілеміз.Кімге сабақ түсінікті және қызықты болса қызылды , ал сабақ түсініксіздеу болса сарыны ілеміз.

Балалар шыршаны безендіреді.Екі үш баладан смайліктің мағынасы сұралады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *