«Сенің денеңнің құрылысы қандай?»


 Алиева Гаухар  Сагинбаевна
Қарағанды қаласы №32 ЖББОМ мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Мақсаты:

а) Әр түрлі тапсырмаларды орындата отырып, оқушылырдың дене мүшелеренің атауларын жеке меңгерту:

ә) Тіл үйренушіге жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын байыту, берілген тақырып бойынша  сөйлеу дағдыларын дамыту;

б) Дене мүшелерін әрқашан таза ұстауларына тәрбиелеу,

Сөздік жұмысы:  Дене  мүшелері.

Көрнекіліктер: айна, слайд, суреттер, жұмыс дәптері

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың

іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық
Шаттық шеңбері

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл-санамыз.

Қонақтармен ең алған,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздер ме?

Қонақтармен амандасады.
Ұйымдастырушы

лық – ізденістік
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:

«Құстар қайда қыстайды?»

Сурет бойынша сұрақтар қойылады.

–          Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?

–          Қандай құстарды білесіңдер?

–          Енді, мына құстарды мұқият қарайық, не көріп тұрсыңдар?

–          Дұрыс, балалар, мынау құстың тұмсығы, мынау көзі, басы,  аяғы, қанаты, денесі.

–          Бұлардың барлығы балалар, бір сөзбен айтқанда құстардың дене мүшелері деп аталады.

Сондай-ақ, балалар, дене мүшесі тек құстарда ғана емес, сонымен қатар, жануарларда және адамдарда болады. Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз осы адам дене мүшесі туралы болмақ. Тақырыбыздың аты « Сенің денеңнің құрылыстары қандай

ІІ. Жаңа сабақ

Өзіне айнадан қарау ұсынылады.

Өмірде бәрінен де ең қымбаты –адам екеніне баса назар аударту. Өлең

оқуға болады:

Айнам менің асыл ғой,

Тек шындықты айта ғой.

Бұл әлемде ең қымбат.

Олай  болса, мына суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?

Дұрыс, балалар, бұл дене мүшелері біздің өмірімізде түрлі қызмет атқарады. Денеміз түзу, әдемі, дұрыс қалыптасу үшін, біз түзу жүріп, түзу отыруымыз керек. Мына суретке қарасаңдар қай оқушы дұрыс отыр деп ойлайсыңдар?

–          Дұрыс айтасыңдар.

–          Ендеше сендердің де денелерін дұрыс қалыптасу үшін сендерде қазірден бастап дұрыс отыруға тырысыңдар. Ол үшін басымызды көтеріп, денемізді түзу ұстар отырамыз.

Қазір сәл сергіп алайық. Ол үшін «Кім не істей алатынын айт және көрсет»

–          Бас не үшін қажет?

–          Қол не үшін қажет?

–          Аяқ не үшін қажет?

Сергіту сәті:Слайд.

Дәптермен жұмыс:

Асқар мен Сауленің суретін боя. Қандай жұп дене мүшелері бар? Атап көрсет.

1-тапсырма. Балалардың суреттерін бояйды. Дене мүшелерін атайды

(оның ішінде жұп мүшелер: екі көз т.б.)

2-тапсырма. Төртбұрыш ішіне дене мүшелерінің суреттерін салады.

Олардың атқаратын қызметін айтады.

3-тапсырма: Саматқа дене мүшелерін  табуға көмектес.Бос  төртбұрыштарға дене мүшелерінің суреттерін сал.

Құстар.

Қарлығаш, торғай,

Шымшық,бүркіт.

Дене мүшелері, басы,тұмсығы,көзі,қанаты,

аяғы,қауырсыны.

Балалар,айнаға қарап дене мүшелерін атайды.

Балалар жауабы.

Балалар жауабы.

Әртүрлі іс-әрекеттер жасайды.

Дәптермен жұмыс.
Рефлексивті коррекциялаушы
ІІІ. Сабақтың  қорытындысы.

Рефлексия.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды

Барлық істі атқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Балалар өз жылулықтарын бір-біріне сыйлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *