Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданудың тиімділігі


Рамазанова Асем Бырлесовна
СҚО, Петропавл қ, «№21 орта мектеп» КММ қазақ тілі мұғалімі

Біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы ХХІ ғасырдың ұрпақтарын дайындап жатырмыз. Қазақстанның болашағы өзіміз оқытып, тәрбиелеп отырған оқушыларымыздың, жастардың қолында.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына, адамзат қоғамның алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән»,-деп атап көрсетті.

Сондықтан сауатты да, білімді, жан-жақты, мемлекеттік тілді меңгерген жаны таза, дені сау, сол тілде жұмыс істей алатын, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін ұрпақ қажет.Тіліміздің мәртебиесі-еліміздің мәртебиесі, демек  сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін саналы, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеу- қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің негізгі міндеті.

Тек мемлекеттік тіл-қазақ тілі арқылы ғана қазақ халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, болмысын үйренуге  болады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанды дамытып, көркейтетін саналы, білімді, дені сау, жан-жақы дамыған, 50 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, ұлтжанды, иманды, инабатты азамат тәрбиелейміз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушыитұрғысын сомдау үшін қажырлы еңбек ететін жаңашыл ұстаз керек. Өз мақсатына жету үшін Ұстаздың қолында екі мықты қаруы болу керек. Бірі-терең ғылыми білім, екінші-сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсілі. Осы екеуінің басын қатар ұштастыра білген мұғалім жаңа технологиялардың тиімдісін, ең керектісін таңдап, қолданады.

Білім беру саясатының тұжырымдамасына сай, мемлекеттік тілді меңгерген, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары кез келген қиындықты жеңе алатын, өз мәселелерін өздері шеше алатын, өзін-өзі үнемі дамыта алаын белсенді, қабілетті жеке тұлғаны, жастары тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің рөлі ерекше.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында осындай проблеманы шешуде өзім қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырады.

«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды» дейді халықымыз. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын тиімді пайдалана отрып, орыс тілінде білім беретін мектепте басқа ұлт өкілдерін қазақша еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйреніп, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтарын, ынтасын арттыру- менің алға қойған мақсатым.

Егер оқушыларда пәнге деген қызығушылық болмаса, сапалы білімді талап ету қиын болады. Бір сарынды тапсырмалар оқушылардың пәнге қызығушылығын жоғалтып, жалықтырады.

Осындай жағдайларды болдырмау үішін жаңа педагогикалық технологияның әдіс-тәсілдерінің ерекшелігіне қарай жеке оқушының қабылдау деңгейі мен қабілеттеріне сәйкес іріктеліп пайдаланамын.

Соның бірі- қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданып жүрген АҚШ-тың оқу жүйесінде пайда болған Джордж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос-Қазақстан» қорының «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл технологияның тиімділігі – біріккен іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысына ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» -сынау емес, шыңдалған ойлау. Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оны зерттеп, салыстырып, белгілі бір жүйеге келтіре отырып, кез келген проблемаға деген өз көзқарасын білдіру.

Осы СТО жобасының кез келген стратегияларын сол қалпында алып қана пайдаланбаймын, оларды өз проблемама, сыныптың ерекшелігіне дамытып қолданамын.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы мынадай жетістіктерге жетеді:

1.Өзіндік ойын ортаға салуға дағдыланады.

2. Еркін сөйлеуге жол ашады.

3. Алдына нақты мақсат қоя біледі.

4.Тапсырманы жауапкершілікпен атқаруды үйретеді.

5.Пікірталасқа белсенді түрде қатысады.

6 Шығармашылық қабілеті дамиды.

7. Өзгенің пікіріне құрметпен қарайды.

8. Жұппен, топпен, жекелей жұмыс істей білуге үйретеді.

9. Өмірге деген көзқарасы туады.

10.Оқиға немесе кейіпкерге деген сезімі оянады.

11. Мәдениетті, көркем тілде сөйлей алатын болады.

12. Жан-жақты мағдұмат алуына бағыт береді.

13. Өз ойын дәлелдеуге тырысады.

14. Өз бетіміен ізденушілігін қалыптастырады.

15.Сыйластық, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

16. Пәнге, тақырыпқа қызығушылығын артады.

17. Зерттеушілік қабілеті дамиды.

18. Сыныпта жайлы психологиялық ахуал туғызады.

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрлымы үш кезеңнен тұрады:

І. Қызығушылықты ояту.

ІІ. Мағынаны ажырату

ІІІ. Ой толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту кезеңінде әрекеттің танымдық түрлері орын алады. Бұл оқушыны өз білімін талдап, жаңа тақырып бойынша ойлауға белсендіреді. Тақырып туралы ой қозғау бар ақпарат пен жаңа ақпаратты байланыстырып, қызығушылықты тудырады.

Сабақтың кезеңдерін айқындау үшін мұғалім қажетті, мазмұнды сұрақтарды дұрыс қоя білуі керек. Қызығушылықты ояту кезеңінде мынадай сұрақтарды қоямын: Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Осы жайлы не білесіңдер? Не күтесің, нені білгің келеді? Не Үшін білгің келеді? Суретке қарап не ойладың? Не туралы сурет?

Дәл осы кезеңде тақырыптың мақсатын оқушының өзі ашады.

Бұл кезеңде СТО-ның мынадай стратегияларын қолданамын: Ой қозғау, Ассоциация, Атаулар көмегімен болжам жасау, Көрнекілік т.б.

Мысалы: «Ой қозғау» стратегиясын «Наурыз мейрамы» тақырыбын өткенде былай қолданам: алдымен Наурыз мейрамы жайында оқушылар не білетіндерін жұпта талқылап, ой қозғады. Оны жеке қағазға түсіреді.Топқа өз пікірлерін жеткізеді. Сөйтіп олар ортақ пікірдітақтаға жазып шықты. Мысалы:

1.     Наурыз мейрамы 22 наурызда тойланады.

2.     Наурыз-мұсылманша Жаңа жыл.

3.     Көктем мерекесі.

4.     Күн жылынады.

5.     Құстар ұшып келеді.

6.     Қыдыр ата келеді.

7.     Наурыз көже пісіріледі.

8.     Ұлттық ойындар ойналады.

9.     Бір-бірін қонаққа шақырады.

Ал әдебиет сабағында « Халық ауыз әдебиеті» тақырыбын өткенде ассоциация жасауға болады. Оқушылар осы тақырыпқа байланысты қандай ой туындайтынын, ойға не келетіндігін жазады.

Сонан соң солармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Осы ассоциация бойнша өтетін сабақтың не жайында болатындығын өздері айтып береді. Яғни өзіндік ізденуге үйренеді.Мысалы:

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңінде оқушының іс әрекетінің барлық түрлері қамтылады. Яғни, оның жаңа тақырыпқа көшуі, оны зерттеуі, оқу, жазуы, тәжірибе жасауы. Бұл кезең сабақтың ең негізгі кезеңі. Себебі жаңа тақырыпты түсіну, оны әрі қарай дамыту, ой елегінен өткізіп, керекті ақпарат ретінде қолдану осы кезеңге байланысты.

Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар мәтіннің мазмұнын зерттеп оқиды, өз білімдерінен жауап іздейді. Сабақта қолданылған көрнекіліктер арқылы ақпаратты өздері тауып, мазмұнын қалай түсінгендерін қолданады.

Бұл кезеңде СТО-ның мынадай әдіс-тәсілдерін пайдаланамын: Топтастыру, «Инсерт» стратегиясы , Болжам кестесі, Кубизм, Венн диаграммасы, Галереяға саяхат, ББҮ(білемін,  білгім келеді, үйрендім), Қарама-қайшы элементтер, семантикалық карта, Елес жетелеу, Екі қадамды сұхбат т.б.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруда, пікірлерін дәлелдеуде, білім сапасын арттыруда Венн диаграммасының тиімділігі мол. Бұл әдіс бойынша оқушылар екі кейіпкердің немесе екі заттың т.б. ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.Жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйренеді.Мысалы, 9- сыныпта қазақ әдебиетінен С.Сейфулиннің «Аққудың айырылуы» поэмасын өткенде ондағы бас кейіпкерлер Аққу мен Мергенге мінездемені Венн диаграммасы арқылы береді.

Бұл салыстырудан адамгершілікке жат қылықтардан аулақ болып, жа қсы қасиеттерді бойына дарытуға тәрбиелейді.

Оқытудың тиімді әдісінің бірі – «Инсерт» стратегиясы. Бұл әдісті қазақ тілінен «Киіз үй тақырыбын» өткенде балалар былай қолданады:

V білемін
+ білмеймін, жаңа
– келіспеймін
?түсініксіз

(білгім келеді)
1.Киіз үй –қазақтардың ертеден келе жатқан баспанасы.

2.Көшіп-қонғанда  тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.
1.Жазда ауасы таза, әрі салқын.

2.Қазақ халқы ХІІ ғасырдың ІІ жартысында ғана балшықтан, шымнана қыстық үй сала бастады.
1.Киіз үй қатты соққан дауылда жығылмайды.

2. Нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.
1.Киіз үй қалай тұрғызатындығы.
Мұндай әдіс білетін материалды есте түсіріп, жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетеді, әрі есте сақтау қабілетін арттырады.

ІІІ.Ой толғаныс кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа үйренген  білімін қайталап, қалыптастырады.Алған ақпаратты саралап, пікір алысады, өз пікірлерін дәлелдейді, ой-өрісі, шығармашылық ойлау қабілеті дамып, кеңейеді, қортындыны өздері шығарады. Бұл кезеңде «Бес жолды өлең» әдісі-ақпаратты жинақтау қабілеттілігін, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бұл әдіс ақпараттың талданғанын жәнемматериалдардың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді. Берілген әдіс мынадай жолдардан тұрады: 1жол-тақырыпты білдіретін 1 сөз -1 зат есім, 2-жол –тақырып мазмұнына байланысты 2 сөз -2 сын есім, 3-жол –тақырып бойынша іс-әрекетті білдіретін 3 сөз-3 етістік, 4-жол –тақырыптағы сөзден тұратын сөз тіркесі немесе көңіл-күйді білдіретін сөз. Мысалы, қазақ тілі сабағында «Менің Отаным» деген тақырыпты өткенде оқушылар «Отан» деген сөзге «Бес жолды өлеңді» былай жасады:

Отан

кең, байтақ

тұрады, қуанады, өмір сүреді

Мен отанымды мақтан етемін.

Атамекен

Сонымен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты түсінуге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық  және ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы тілді меңгеруде оқушы білімінің игергені мен тиянақтылығын арттырып, елін, жерін, тілді сүйетін елжанды, шығармашылығы жағынана дамығын, егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті», намысты, инабатты, білімді,дені сау ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Білім туралы Заң. Алматы, 1999ж

2.     Назарбаев Н.Ә Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

3.     «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» журналы.2014, №2,8,,9,10.

4.     «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» журналы.2015, №1,6,,9,11.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *