Өнерлі бала сүйкімді


Абежанова Нуржамал Арысбековна

Ақмола  облысы, Степногорск  қаласы С.Сейфуллин атындағы №5  көпсалалы мектеп –лицейінің өзін-өзі тану мұғалімі

Құндылық:   Ақиқат           Қасиеттер: Мейірімділік,ізеттілік,бірлік, ынтымақ т.б

Сынып:3   Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Міндеттері:

-өнердің  адам  өміріндегі маңыздылығын  түсіндіру.

-өнерге  қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін  арттыру;

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты  сүюге  тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:    үнтаспа,дәптер,оқулық,ақ  парақ (бала санына сай),қоржын,сақина,түрлі   түсті  қарындаштар,  «үкілі   домбыра».
Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,

көбелек суреттері
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

Топқа бөлу: Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді
Суретшілер, ақындар, әншілер.

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында
Үй тапсырмасын тексеру

«Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?
А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?
Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?
ӘңгімелесуӘңгімелесу

·        «Өнерлі өрге жүзер»дегенді қалай түсінесіңдер?

·        Адам өнерді не үшін үйренеді?

Мультфильм «ақсақ құлан» мултьфильмін интерактивті тақтадан көрсету.

Мәтінмен жұмыс   Өнердің адам өміріндегі  маңыздылығын түсіндіру мақсатында К.Сегізбаевтың «Құмға салған сурет»әңгімесін оқып беру.

Мәтінмен жұмыс: әр топ бөлімге бөліп мәтін оқиды.

Құмға салған сурет

Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің ауыртпалығын тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танығанда, мұның қолынан келетіні – тас бетіне, сұқ   саусағымен құмға сурет салу, тас пен ағаштан мүсін жасау.  «Бала,  әкең   Қаскей   марқұм   үндемей  қой   соңынан  ергенді  ғана  білетін  момын  кісі   еді.  «Мынауың  біз  білмеген   өнер   екен»  деді,  бір  күні   Әбілханның   ағаштан   жасаған  мүсіндерін   көргенде  Түргенбай   дейтін  қарт  ұста. Жетім  бала  өзі машықтанып жүрген ісіне  тұңғыш  рет ұстадан қолдау естіді.

–  Өнерді   алға   бастыру  үшін  өмірді   тану   керек. Білімсіз   адамның  өрісі  тар,  құлашы –  қысұа,  сурет  салуға   талабың   бар   екен.   Оқуың  керек   шығар,   балам, – деген   еді   бірде   ол.  Осы  сөз   оның   алдынан   бақыт   шырағы   болып   жылтырады.  Бірақ   жұрт   қатарлы    оқуға   күш   қайда?  Әрбір  әріпті   әркімнен  сұрап,  онысын  құм   бетіне   жазып   жүріп – ақ  бірер  жазда  жазып  оқуды   меңгерді. Ол үшін  жаға  өмірдің   есігі   ашылды.                                                                                                            Білсем, үйренсем деген құштарлық  барған  сайын   арта түсті.
Ақыры ол бір  кеште  өгізге   жайдақ  мініп,   Сағымбек   қартқа  тартады.  Елге аты шыққан шежіре қарт жөн  нұсқар  деп  ойлады.

–  Ұланым,  тай  сұрай  келдің  бе,  тон  сұрай  келдің  бе? – деді  шежіре  амандықтан соң.

–  Ата,  жөн  сұрай  келдім. Оқысам,  білсем  деген  талабым  бар,  бірақ  жоқшылық   жібермейді. Не  істесем  болады? – деді  Әбілхан.  Шежіре  қарт  бір  сәт  сақалын  саусағымен  салалап  ойға  батты.

–  Япырым ау,  осынша  жасқа  келгенше,  мұндай  сауалмен  алыстан   келген   баланы   көрмеп  едім. Шешінші  өзің, –  деді   бір  кезде.

Көп  ұзамай – ақ  жас  Әбілхан шежіренің ақылымен  және  берген  азын – аулақ  қаражатымен  ауылдан Жаркентке келді. Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Ата-баба айналысып көрмеген өнерге жол табу оңай болған жоқ. 1929 жылдары өнер іздеп,  оқу  іздеп  Алматыға  келгенде  де, хат  танудың әрі  білімі   жоқ  жігітке  оқу  табыла  қоймады.  Тек атақты суретші Николай   Гаврилович Хлудов өнер  үйренуге   талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркемсурет өнерінің әліппелік заңдарын үйретті.
Сол бала Әбілханның қазақтың сурет өнерінің ең басында тұрып, атақты суретші Әбілхан Қастеев атанарын ешкім де  ойламаған  еді. Құмға сурет салудан басталған балалық талап үлкен өнерге осылайша жол салды.

·        Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді?

·        Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

·        Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Дәйексөз:

Жетес шешеннің «Адамның сәні- өнер, білім, ақылы» деген даналығының мәні ашылады:

–         Адам өнер, білім, ақылмен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа , қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.

Оқушылар дәйексөзді дәптеріне жазып алады  және   оқи  отырып  мағынасын   ашып  береді,  өмірмен   байланыстыра   отырып  мысалдар   келтіреді.
Мағынасын түсіндіру
Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».
Өнер

Домбыра күмбірлеп, (Сол қолын жанына көтеріп , домбыра тартады.)
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,(Екі қолын кезекпен көтеріп, би қимылдарын жасайды)
Суретте саламын.(Қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді)
Ұқсатып кілемге(Ауада төртбұрыш сызады)
Кестеде тігемін.(Ине ұстап, тігін тіккен қимыл жасайды)
Актерше рөлде(Күліп, қабағын шытып, әдемілеп, киімін қолымен шашын түзейді.)

Ойнай да білемін.
Жалықпай талай күн,(Ермексаз илегенді қолымен көрсетеді)
Жасаймыз мүсін де.
Өнер көп бойымда(Екі қолын жаяды)
Мақтану маған жат.(Өзін көрсетеді)

Жаттығу – ойлану

Айтылған ойға сәйкес балаларды өнерлі болуға дағдыландыру үшін жаттығу- ойлану ұйымдастырылады .

Мұғалім өз ойынан тапсырма береді. Балалар соны өмірде қалай ұқсастырып  қолдануға болатындығы туралы айтып береді .

Тапсырма

Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма  бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, өз өнерлері туралы айтып беру ұсынылады.

Сергіту сәті.

Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады.

Кубиктің 6 жағында,

6 мамандық иесі болады.

1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы;

4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер.

Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды.

Шығармашылық жұмыс:

6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс
Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп…….. (алды)
Асықпай, Мұрат………..(суретті) салды.
Столға жайып…….(қағазды) аппақ
…….(Сарымен) сұлу жасады бақ – бақ
Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау
1. Білім көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
2. Кітап – білім бұлағы,
Білім – өнер шырағы.
3. Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
Әншілер тобына – Жұмбақ шешу
1. Түк білмей барасың
Төлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2. Оң жағымда бес саусақ,
Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)

Оқушыларға тапсырма беріледі
• Суретшілер: сурет салады.
• Әншілер: ән айтады.
• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.
Тақырыпқа байланысты эссе жазу
Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топпен ән айту

«Бал балалық» әнін айту
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы:  Мәтінді  оқып түсінік айту
Күнделіктеріне  жазады.
Соңғы тыныштық сәті:

–         Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы»
Оқушылар көздерін жұмып демалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *