Абай дана – Абай дара қазақта.

Бекхожина Жана Еслямбековна

Ақмола облысы Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы  мектеп – лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаттары:

  1. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру,әндерін нақышына келтіріп орындау.
  2. Табиғаттың көркемдігін суреттер арқылы сезіну.
  3. Абайды тануға, оның сөздерінің мән – мағыналарынан тәрбие беру, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке,адал достыққа баулу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту.

Сабақтың  көрнекілігі:  Абайдың портреті,  кітаптар, шығармалары, фотослайдтар

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Пән аралық байланыс: тарих, музыка, сурет.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз

« Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты әдеби  кешімізде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.   Бұл сабақта Абайдың өлеңдері, әндері мен қара сөздерімен танысасыздар.

2- жүргізуші: Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.- деп  елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Абайды тану біздің парызымыз.

  • жүргізуші:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

  2- жүргізуші: Абай атамыздың сөзін басшылыққа алып, сайысымызды бастайық. « Жерұйық» тобымен « Атамұра» топтарын ортаға шақырайық.

Топтарды ортаға шақыру, қазылар алқасын сайлау.

ІІ. Сайыс

  1. Топтар өздерін таныстырады

Абайдың өмірбаянына тоқталу –фотослайдтар жүргізу.

  1. Сұрақ – жауап
  • Абайдың шын аты кім? (Ибрагим)
  • Абайдың анасының аты кім? ( Ұлжан)
  • Абайдың бес асыл ісін ата.( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым )
  • Абайдың бес дұшпаның ата.( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

   1 – жүргізуші: Абай әрбір мезгілді өзіне тән бояумен, өзіне тән ерекшеліктермен айқындап көрсете білді. Туған ел табиғатын сипаттауда Абайдың суреткерлік шеберлігі  аңғарылды.

3.Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін тындау.

  1. Қыс мезгіліне арналған сурет сайысы ( үй тапсырмасы)
  2. Абайдың қара сөздеріне құлақ салу, мазмұның талдау.

2- жүргізуші: Абай ақындық өнермен қоса әншілік,сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты әндері бар. Әндерін бала да, үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де орындауында тындап жүрміз. Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң – шерін, қуаныш – қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады.

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй! – дегендей келесі сайыс – ән сайысы.

  1. Ән сайысы.мен күй сайысы

 ІІІ. Қорытындылау.

Абай кім? –  әр топ өз ойын жеткізеді.

    І V.Қазылар алқасына сөз беру. Жеңімпаздарды анықтау.

Leave a Reply

Your email address will not be published.