«Тарлан тарихтың бүгіні мен болашағы»


 Касаинова Мадина Муратхановна
 Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектеп – коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11 «б» сынып оқушысы
 Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Кульмаганбетова Роза Аубакировна

Күн санап алда, дөңгеленген мына дүние-ай,

Көш басындағы елдермен иық теңесіп.

Жарқырай көкте сәулесін төгіп күн мен ай,

Жаңғыру кезінде ішкі оймен жүрмін кеңесіп,- деген осы өлең жолдары  жаңа дәуірге қадам басқан қазақ еліме арналған болатын. Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласымен қауышқалы бері болашаққа деген сенімім күшейе түсті. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасымыз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасын жариялаған кезде, халқымның көңілінде үміттен гөрі күдік басым болғаны белгілі. Тәуелсіз жас мемлекеттің  тәй-тәй басып, арты  жар, алды бұлыңғыр тұман болып тұрған кезі. Мемлекет басшысы етектен тартып, жағадан алып тұрған  қиындықтарға  қарамастан, елдің еңсесін тіктеп, болашаққа қарай сеніммен қадам жасауы үшін қазақстандықтар алдына биік мақсаттар қойып, оған апарар  жолды  айқындап, саралап берді. Міне, бүгін  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің  қарыштай дамып, іргелі мемлекет болғанына көзіміз жетіп отыр. Дүниенің төрт бұрышындағы алпауыт мемлекеттер  Қазақстанды таныды, мойындады, санасты. Басшы көрсеткен сара жол бәрімізді  айқын да, ашық, мақсаты мен мүддесі белгілі дамудың дара жолына алып шықты. Белгіленген мақсаттар мерзімінен бұрын – он бес жылда  жүзеге асырылды. Елбасының кезекті жолданған мақаласы жариялаған кезде осыдан он тоғыз жыл бұрынғыдай көңілімізде сенімсіздік орын алған жоқ, қайта жігерімізге жаңа серпін беріп, бойымызға қуат құйды. Онда айтылған алты жобаның бәрі де көкейге қонымды, алға қойылып отырған міндеттердің бәрін өз кезеңінде орындап шығамыз деген сенім мол. Әрине, мақсатқа жету үшін ең алдымен еңбектену керек. Ізденбеген, еңбектенбеген, білім мен білік деңгейін дамытпаған болсақ, біз 2030 бағдарламасын мерзімінен бұрын орындап, бүгінгі күні алға зор үмітпен қарап отырмас едік. [1]Мақалада айтылған мақсаттар біздің бүгінгі қалыптасқан мемлекетімізді даму жолдарында қиындықтар іргесін шайқай алмайтын, тамыры терең бойлаған іргелі ел болуға апаратын жол деп білемін. Бұл жолдың да оңай еместігі белгілі. Елбасы Қазақстанға, оның халқының әлеуетіне сенгендіктен де осындай жобалар ұсынып отыр. Мен мектепті бітіріп, болашаққа қадам басар түлек атанар шақта алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталсам деймін.
Аталмыш мақалада қазақстандықтарды XXI ғасырдың талаптары бойынша даярлап, «Мәңгілік ел» болудың шарттары көрсетілді. Ұлттық сананы жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті сақтау жолдары айқындалып, ауқымды міндеттер жүктелді. Осы жобалар бүгінгі таңда орнымен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпаққа сапалық деңгейде білім беріп әлемдік бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашатыны анық.

Елбасының мақаласы тек жолдау ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын XXI ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы XXI ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.

Елбасы айтқан жобаның алғы бағысың,

Рухани жаңғыру жария қылған намысың!

Жаңғыру деген шаттыққа қосу шаттықты,

Алдағы жылда елімді әлем танысын!- деген өлең жолдары мақаланың бірінші бағытын оқыған кезде көмейімнен жыр болып төгілді.

Елбасы XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың төмендегідей 6 бағытын  атап өтер едім:

Болашаққа деген сенім – бәсекелестік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін,- дегенболатын. [2]Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.

«Бірінші жоба алты тіл жайлы сөз еді,

Ағылшын, орыс, қытайдың тілі деп еді.

Испан мен араб, француздың тілінде сөйлеу,

Бүгінгі талап, мақсат пен шартың дегені.

Өзге тілдің бәрін де біле жүріп сен,

Өз тіліңді мәңгілік құрметтегені!»  Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Болашаққа деген сенімім- ұлттық байлығым

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.  Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті  көрсетеді.  Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі.

Болашаққа сенім – ұлттық санадан басталады

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар:

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

Елбасы өз сөзінде «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»- деген болатын.

Сонымен, елімізде қызу талқыға түскен мақалада атап көрсетілгендей, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақ­тал­маса, ешқандай жаңғыру бол­майды». Ұлттық  код  дегеніміз не? Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қа­зақтың ұлттық коды деп қазақ хал­қының жаратылысын, таби­ға­тын, рухани бітімін, өмір салтын ай­қындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары баға­ланатын қасиеттері, солардың сы­ғымдалып тұжырымдалған фор­му­ла­сы қазақтың ұлттық бол­мы­сының сы­рын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын  құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес.  Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді. [3]

Түркі жазуының түп тамыры және латын әліпбиіне көшудің тиімді жолдары

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың сәуір айында «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен “Қазақстан-2050” Стратегиясында “2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін” мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек», – деп Үкіметке тапсырма берген болатын.

Менің ойымша, латын әліпбиіне көшу- әлемдік өркениетке ілесу. Себебі, ана тіліміздің әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосылатыны жақсы жаңалық. Әліпбиді ауыстыру- өз тілімізді ұмытып, басқа тілге (латын тіліне) көшу емес, керісінше ана тілімізді өркендетіп, өзге әлем тілдерімен терезесінің тең болуы және қолданысын арттырып, қоғам сұранысына сай ету деп білемін.

Осының бәрі Елбасымыздың көрегендігі мен ұстанымының берік болғанының арқасы.

Осы орайда, қазақ тілінің латын әліпбиінен көшірілуі туралы айтатын болсақ:

1. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

2. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

3. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи  таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта  басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне  кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

«Сананың ашықтығы» – биік белестерге даңғыл жол.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі – «сананың ашықтығы». Жаһандану кезеңіндігі ел халқына жүктелетін негізгі талап – әлемдік тілдерді меңгеруге ұмтылу болмақ. Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Мемлекеттік тіл елдің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.

Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. ХХІ ғасыр табалдырығын аттап кірген шақта, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі саяси-экономикалық жағдайлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің тағдыры екендігін баршамыз терең түсінеміз. Терең түсіне отырып ұлы дала академик ағаларымыз айтып кеткен: «Еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте. Еліңді жамандасаң көмусіз қаласың, жеріңді қорғамасаң кебінсіз қаласың, тіліңді қорғамасаң қадірсіз боласың»,- деген дана өсиеттеріне таңдай қағып, бас шұлғимыз. Тілдердің үштұғырлығы саясатының астарында ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес, өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді де меңгеру міндеті тұрғаны анық.[4]

Лингвистика ғылымында, көп тіл білетін адамның ойлау аумағы, ой өрісі кең болатыны дәлелденген. Сол лингвистика ғылымының тілімен сөйлейтін болсақ, екі тілді білетін адамды «қостілді», ал 3 немесе одан да көп тілді білетін адамды «полиглот» дейді. Дүние жүзі тарихына көз жіберсең, жаһанға атағы жайылған дара тұлғалардың, ғалымдар мен ақындардың барлығы дерлік кемінде 2 немесе 3 тілді меңгергенін байқауға болады. Мәселен, шығыс ғұламасы, Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған, қазақ топырағынан шыққан Әбу Насыр Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Бүгінде бұл ғалым тарих парақтарынан өшпестей орын алған. Ал, орыстың классигі, ақыны А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Тіпті, көне еврей тілін зерттеп үлгеріпті. Бүгінде орыс десең – Пушкин, Пушкин десең – орыс есіңе түседі. Яғни, Пушкин Ресейді жер жаһанға танытуда ақындығымен қатар, бірнеше тілді меңгергенінің көмегі де болған. [5]

Қазақ поэзиясының атасы – Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгеріп, сол тілдерде бірнеше кітаптарды оқыған. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Дегенмен, ештен кеш жақсы ұстанымын ұстанған ұлы данамыз, ғылым игеруде тіл білудің маңыздылығын өте жақсы ұққан. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлы перзенті, Абылай ханның немересі Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген екен. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген. Сол тұстарда қазақтан шыққан жалғыз зерттеуші ғалым Шоқан болғанына ешкім күмән келтіре алмас. Оның ғылымға, зерттеушілікке деген қызығушылығы көптілді меңгергенінен кейін пайда болғаны да жасырын емес. Көптілді адам білім мен ғылымға құштар болатыны бүгінгі күнде де талай дәлелденіп отыр.

Болашаққа сенім, жастарға жалын берер асыл мұра: [6]

Жас ұрпаққа жүрекжарды сырын, ақыл ойын, қамқорлықпен айта келе, Нұрсұлтан Әбішұлы болашақтың тірегі жастар екенін тағы да бір дәлелдейді.

«Бұл ғасыр – ең алдымен, жастарымыздың ғасыры. Жаңа мыңжылдықта Қазастанның байрағы биік, табысы ерен, қорғаны берен болады деп сенеміз. Сенімнің сергектігі – еліңнің ержеткені. Ол – біздің бақытымыз. Елдің бақыты».

«Ұлы дала ұлағаттары» Қазақстан азаматының жанына рухани жігер беретін, өткенді ұмытпау, болашаққа сенім, жанына жалын құятын асыл мұра.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылық­тарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жоба­ларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілет­тіліктің» бір шарты.

Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. Мен болашақта қазақ елінің сенімін ақтар тәуелсіз елімнің ұрпағы, ұлы даламның еркесімін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 «Егемен Қазақстан» газеті [1]

2 «Ана тілі» газеті [2]

3 «Ертіс Дарыны Хабаршысы» ғылыми- тәжірибелік журналы [3]

4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы.Астана, 2007 ж. [4]

5. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010[5]

7. Ұлы дала ұлағаттары. Н.Ә.Назарбаев [6]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *