Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез – құлқын зерттеу және олармен қарым – қатынасты ұйымдастыра білу


Толеуов   Нұрасыл
“Балалар мен Жасөспірімдер сарайы” ҚМҚК “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” үйірмесінің қатысушысы
Жетекшісі: әлеуметтік педагог, психолог Ибрагимова Гульбахарам Ибрагимовна 

Өзектілігі: мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез – құлқындағы ерекшеліктерін зерттеу ,  өзіміздің ортамызға  тарта отырып , олармен қарым –  қатынасымызды  дұрыс ұйымдастыру және  жетістікке жету жолдарын анықтау.

Мақсаты: мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез – құлқындағы ерекшеліктерін зерттеу ,  өзіміздің ортамызға  тарта отырып , олармен қарым –  қатынасымызды  дұрыс ұйымдастыру және  жетістікке жету жолдарын анықтау.

Міндеті:

– мектебіміздегі  мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесі бойынша теориялық материалдарды талдау.

– өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беру , мінезіндегі ауытқушылық мәселелеріне  практикалық талдау жасау , сараптау , бақылау.

– мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық  көмек көрсету жүйесін орнату.

Зерттеу кезеңдері:

– мектебімізде оқитын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар туралы теориялық және практикалық  талдау жасау , зерттеу.

– барлық жинаған материалдарды жүйелеп ,  дұрыс іріктеп ,  жұмыс істеу арқылы түрліше көзқарастарды сараптау , зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін анықтау , бақылау , жинақтау

– жинақтап басқан мәліметтерді  баспаға шығару. Нәтижесін түйіндеп , қорытындылау.

Әдістері: терең зерттеу , өзіндік ізденіс, сараптау,  бақылау, ойын  түрінде

әңгімелесу,   ой қорыту.

Болжамы: егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды қоғамдық өмірге тартып , қарым – қатынасымызды үзбесек ,  онда олар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезіне алар  еді.

Күтілетін нәтиже: мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды өзімізбен бірге тең дәрежеде өмір сүруге үйретуге  бағыт – бағдар беру , бағдарламамды  ұсыну ,  мектептерде шағын  жеке  әлеуметтік оңалту орталықтарын ашуға ұсыныс жасау.

Зерттеу бағдарламасы:

1 – кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу.

2 – кезең. Проблеманың өзектілігі , зерттеу обьектісін анықтау , оның тақырыбын таңдау , мақсаты мен міндетін айқындау.

3 – кезең. Зерттеу гипотезасын құрастыру , зерттелетін объект нәтижесінің айқындылығын дәлелдеу.

4 – кезең. Зерттеу әдістерін таңдау және оның тиімділігі.

5 – кезең. Тәжірибені ұйымдастыру және оны жүргізу.

6 – кезең. Зерттеу нәтижелерінің сараптамасы , тақырыптың жете ашылуы.

7 – кезең. Зерттелген проблема бойынша ұсыныстар.

 

Кіріспе

Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі бар оқушы  тұлғасының   ерекшеліктері,  яғни  өзін -өзі бағалауы,  қарым – қатынас, мінез-құлық  туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Сондықтан да, менің жобамның негізгі тақырыбы мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез – құлқын зерттеу және  олармен қарым – қатынасты ұйымдастыра білу , яғни олардың терiс жолға түспеуiн, адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады.

Бұлай болу себебі қазіргі  таңда   отбасы  жағдайына, заман талабына   сай, әр түрлі   зиянды   заттардың арқасында  ешқандай   кінәсіз  толық қарым – қатынасқа   түспейтін,  мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдер  көбеюде.

Сондықтан да бұл жобамның  өзектілігі мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез – құлқындағы ерекшеліктерін зерттеу ,  өзіміздің ортамызға  тарта отырып , олармен қарым –  қатынасымызды  дұрыс ұйымдастыру және  жетістікке жету жолдарын анықтау.

Олардың   қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Зерттеудің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың (жастарды) мінез – құлқын зерттей отырып , оларды  өзімізбен бірге  өмір сүруге үйрету , қарым – қатынас жасау арқылы өздерін тең құқылы азамат ретінде сезіндіру.

Зерттеу  объектісі: 8 – ші түзете оқыту сыныбының оқушылары

Зерттеу болжамы: егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды қоғамдық өмірге тартып , қарым – қатынасымызды үзбесек ,  онда олар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезіне алар  еді.

Зерттеу міндеттері:

– мектебіміздегі  мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесі бойынша теориялық материалдарды талдау.

– өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беру , мінезіндегі ауытқушылық мәселелеріне  теориялық талдау жасау , сараптау , бақылау.

– мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық  көмек көрсету жүйесін орнату.

Зерттеудің практикалық мәні:  8 – ші түзете оқыту сыныбының оқушылары бойынша бағдарламамды құрып , соның негізінде олардан әр тұрғыда  диагностикалық материалдар өндірілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: бұл  зерттеудің теориялық, практикалық міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының  сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез – құлқын зерттеу және  олармен қарым – қатынасты ұйымдастыру үшін төмендегідей жұмыстар жүргіздім.

Зерттеу барысына  мектебіміздің 8 – ші  түзете оқыту сыныбының   оқушыларын бақылауға алдым және  төмендегі әдіс – тәсілдерді қолдандым. Олар:

1.                Ата – аналармен  мүмкіндігі шектеулі балалардың  көңіл – күйі , денсаулығы жайлы алдын ала әңгіме жүргізіп , олармен қарым – қатынас жасай отырып , жұмыс жасауыма келісім алдым.

2.    8 – ші  түзете оқыту сыныбының   оқушыларымен қарым – қатынасты ұйымдастыру үшін және  олардың бойындағы қиындықтарды түзету мақсатында   мектеп психологымен , әлеуметтік педагогпен  бірлесе отырып   арнайы бағдарламамды құрдым.

Бағдарламаның  мақсаты: оқушылардың мінез – құлқындағы қиындықтарды (дұрыс қарым – қатынас жасай алмаушылық , қорқақтық , өзіндік бағалауы төмен , ұялшақтық ) түзету.

Бағдарлама міндеті:

–                     өзін және басқаларды сыйлауға , дұрыс қарым – қатынас жасауға үйрету.

–                     оқушының өзіне деген сенімін арттыру

–                     өз жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше орындауға дағдыландыру.

Аталған бағдарламам 3 бөлімнен тұрады.

І бөлім. Өзіңе деген сенімсіздікті жою дұрыс қарым – қатынас жасауға арналған бағдарламалар.

Міндеттері:

– Өзіне деген сенімділікті арттыру.

– Өзіндік пікірін дұрыс қалыптастыруға үйрету

– Өзінің жетістіктерін бағалай білуге дағдыландыру

1.                «Періште ойыны

2.                «Сенің есімің»

3.                «Өзіңе дос таңда»

4.                Жақсы дегеніміз не? және жаман дегеніміз не?

5.                Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді?( сурет бойынша)

6.                «Менің өмірім» тренинг
ІІ бөлім. Жағымды мінез – құлық қасиеттерін қалыптастыру бойынша дағды, ұялшақтық қасиеттерін жоюға арналған бағдарламалар.

Міндеттері:

–                     Оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып, жағымсыз әдеттерден арылту.

–                     Дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету;

1.                «Осылай әділ болады»

2.                «Жағымсыз қылықтар»

3.                Сұрақ – жауап» тренинг

4.                «Жаман болғым келмейді»

5.                «Мен өзімді қасиетім үшін жақсы көремін»

6.                «Мен орындай алмаймын» , «Мен орындай аламын»

ІІІ бөлім. Қорқыныш қасиеттерін жою

Міндеттері:
– Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.
–  Өзін басқалармен қарым – қатынас кезінде қалай ұстау керек екендігін үйрету.
1. «Менің қорқынышым қандай түсті»
2.«Сенің туыстарың»
3.«Не істеу керек»
4.«Мен және басқа: біз – әртүрліміз»
5. «Сен неден қорқасың »

Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалды. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

1. Олар ойланады.

2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

Зерттеу барысында мен 8- ші түзете оқыту сыныбының  оқушыларынан бойынан мынадай қиындықтарды анықтадым.Ол үшін мен олардың арасында «Менің өмірім» тренингін жүргіздім. Тренингке барлығы 5 оқушы қатысты.

Мақсаты: Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы саналы ойқорытынды жасай білуге үйрету.

Қорытынды: Оқушылар  ортаға шығып, айналасындағы құрдастарының сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар оның өмірі туралы, жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы және т.б. мәселелерді қамтыды. Оқушылар  сұрақтарға шын ниетпен жауап беріп, өз мінез-құлықтарына өздері талдау жасады, өздерінің әлсіз жақтарын анықтады.

Мынадай сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды: «Сенің қандай жағымсыз және жағымды қасиеттерің бар?», «Сен не үшін ашуланасың?», «Қандай мәселелер сені толғандырады?», т.б. Жасөспірімдер қызығушылықпен қатынасып, өздерінің ғана емес, жолдастарының да жағымды және жағымсыз қасиеттерін біліп, салыстырып, олардан құтылу жолдарын бірігіп шешті.

Сонымен қатар , 8- ші түзете оқыту сыныбының оқушыларын қалыпты 8 –ші сынып оқушылардың мінез – құлқындағы ерекшеліктерді анықтау үшін өзін – өзі бағалау   тестісін психологтың көмегімен   алдым. Тестінің қорытындысы  төмендегідей көрсеткіш  көрсетті.

Зерттеу нәтижесiнде кестеде көрсетілгендей ,  өзін-өзі   бағалауындағы

8 – ші жалпыға бірдей мектеп оқушылары мен арнаулы түзете оқыту   сыныбы  бойынша  көпшілігі ақыл-ой, үлгерім, мінез және бақытты таңдау (жалпы балалар санының 43%, 40%, 33%, 47%) сиякты көрсетілген қасиеттер бойынша өзіне қанағаттануының жоғары деңгейімен сипатталады.

Жалпыға бірдей мектеп оқушылары сабақ үлгерiмi мен ақылдығын сипаттай отырып, сабақты жақсы ұғатындарын, есте сақтау қабiлеттерiнiң жоғары болуын дәрiптедi. Сонымен қатар, математика,  қазақ тiлi мен әдебиет сабағын өте жақсы көретiндерiн көрсеттi, өйткенi бұл сабақтарда есеп шығарып, шығарма жазып ой-өрiсiмiздi дамытамыз, – деп белгiледi.

Алайда, түзете оқыту сыныбы оқушыларының сабақ  үлгерiмi мен ақылдығын бағалай отырып, ақыл-ой деңгейiнiң тек бiрнеше белгiлерiн ғана бөлiп көрсеттi, мысалы: “Пәндер бойынша жақсы ойлаймын”, “Сабақты жақсы оқимын”, “Сабақта көп жауап беремiн”, “Өлеңдердi жақсы оқимын”.

Бiрақ, өз ақылдарын сипаттай отырып, олар негiзiнен қандай да бiр пәндердiң үлгерiмiне ғана сүйенедi, яғни ақылдылықты тек сабақ үлгерiмдерiмен шектедi.

Сыналушылардың екі тобының да мәліметтері өзін қабылдаудың төменгі деңгейіндегі олардың басым көпшілігі «ақыл-ой» кестесіне сәйкес келеді.  Жалпыға бірдей мектеп және түзете оқыту сыныбындағы  бірнеше оқушылар  өздерінің ақыл-ой қабілеттеріне қанағаттанбағандарын көрсетті.

Мысалы, Айдана өзінің ақылын бағалау кезінде «Мен кітап көп оқымадым, сондықтан ақылым аз деп ойлаймын», ал Қаныш өзін көбінесе бұзақылық жасайтынына байланысты ақылды емеспін, – деп төмен көрсеткішті белгіледі. Бұл 8-сыныптағы оқушылардың көпшілігінің өз ақыл-ой   қабілеттерін үлгеріммен   байланыстырмай,   сын   көзбен   бағалағандарын байқатты, яғни олар өзіндік өмірінің іс-әрекеті тұрғысынан кеңірек қарастырады.

Өзін-өзі теріс бағалайтын балалар «ақыл-ой» шкаласынан басқа, барлық шкалалар бойынша кездеседі. Екі топта да «мінез» шкаласы бойынша теріс баға кездеседі. Мінез бойынша өзін-өзі теріс бағалау өзіне қанағаттанбағандықтан болады, біздің пікірімізше, бұл өзін-өзі бағалау дағдарысының басталуымен байланысты. Мұндай дағдарыс кейбір оқушыларды қарқынды болу мүмкіндігін ескеру қажет.

Аталған кестедегі «үлгерім» шкаласы да аса назар аударуды қажет етеді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, арнаулы түзету  сыныбының оқушылары жоғары және орташа деңгейлер бойынша көрсеткіштері, жалпыға бірдей мектеп оқушыларына қарағанда, 2 есе төмен, ал төменгі деңгейдегісі соншалықты жоғары болады. мінез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің оқушыларының көбісі бұл көрсеткіштер бойынша теріс баға берді. «Үлгерім» параметрі бойынша өзін-өзі теріс бағалауы оқу іс-әрекетінде келіспеушіліктің бар екенін білдіреді деп айтуға болады.

Жалпыға бірдей мектептің 8-сынып оқушыларының көпшілігі барлық қасиеттер бойынша өздеріне қанағаттануы жоғары деңгейде болатыны анықталды. Балалар айналасындағылардың жағымсыз бағалауын, өздерінің сәтсіздіктерін көбінесе уақытша жағдайлар ретінде қабылдап, олардың өздеріне деген катынастарына айтарлықтай ықпалын тигізбейді.

Оқушылардың мінез – құлқындағы қиыншылықтардың пайда болу  себептерін анықтау барысында, біз мынандай әдістерді қолдандық: “Отбасы суреті”, Әңгімелесу, қарым – қатынас деңгейін анықтау, Айзенк тесті, мектеп – оқушы көзімен, досыңа жол бере аласың ба? Т.б.
“Отбасы” суреті.

Мақсаты: Отбасы ішілік қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтау.
Алдымен оқушыларға: “Оқушылар сендер үйде кіммен тұрасыңдар, Отбасы мүшелерін салыңдар” – деген тапсырма беріледі. Суретті талдау барысында, оқушының отбасы мүшелерін қалай суретегеніне көңіл бөлу керек.

 

“ Отбасы” cуретті бойынша алынған нәтиже.

 

Оқушы ата – анасының ортасында
Оқушы әкесіне немесе

анасына жақын
Оқушы екеуінен де

алшақ
2
4
2
Зерттеу нәтижесін  сарапқа ала отырып  түзете оқыту сыныбындағы оқушылардың мінез – құлқындағы ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлдік.
Біріншісі тән кемтарлығы және жан-жарақаты бар оқушылар.
Екіншісі – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

Қорытынды

Зерттеу  жұмысының мақсатына сүйене отырып нәтижеге қол жеткіздік пе? Мінез – құлқында, қарым – қатынасында, өзін – өзі бағалау кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларды (жастарды)  ортақ өмірге қосуға бола ма деген мәселе төңірегінде ойымызды ортаға салған жөн шығар.

Әрине болады. Мектебімізде қандай , қай жастағы бала болсын онымен санасып , оның жеке ерекшелігін ескеріп , ақылдасып отырған жөн. Олар да өмір   тәжірибесінің аздығына,  білімнің  әлі   таяздығына   қарамай  өзін ерекше  көрсеткісі  келеді. Сондықтан да мен олармен жиі – жиі әңгімелесіп, икемі  бар жаққа   қарай   баулып , қоғамдық   пайдалы   істерге   икемдеп,  тындырған   ісіне   баға  беруде де  қырағылық танытып, оның   алдында  айқын мақсат  қойдырып   және  оған   жетуге  көмектесе отырып     өмірге деген құлшынысын  байқадым.

«Баланы  бастан» демекші, әуел   бастан – ақ  балаға   дұрыс  ықпал, түзу  бағдар  беру, тәрбие   жұмысының   бір минут   та ұмыт   қалдырмау баршамыздың   борышымыз болып келеді.

«Сүтпен сіңген мінез сүйекпен  кетеді» демекші  бала  қандай  жағдайда  болсын  шыр етіп  дүниеге  келген  күннен бастап   әр сағат сайын   оның өсіп – дамуына   көп  көңіл бөліп,  жас  ата  – аналарға  психологиялық, медициналық   ақыл кеңес  беріп, баланың  дамуындағы  олқылықтарды  жойып, мінезін түзеп, қарым – қатынасқа  қосып,  өзін – өзі  бағалауын   сіз біз болып жоғарлатуымыз  керек, бұл біздің келешек ұрпақ алдындағы міндетіміз.

Сонымен жұмысымызды қорытындылай келе, оқушыда тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін және олармен дұрыс қарым – қатынасты ұйымдастыру үшін  мына негізгі шарттарды орындау керектігін   және   мынадай ұсыныстар  жасағым келеді.

 

1.                Олардың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін және мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.

2.                Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.

3.                Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.

4.                Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды,
ұстамды болу қажет.

5.                Олардың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.

6.                Қателігін үнемі бетіне баспау керек.

7.                Жан жылуын зәруліктен құтқару, олардың  құқығымен санасу қажет

8.                Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.

9.                Оларға арналған жеке  әлеуметтік оңалту орталықтарын ашуға мүмкінді болса

10.            Мүмкіндігі шектеулі балалардың кәсіптік білім алуына мүмкіндіктер жасалса

11.            Мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан әлі де болса көмектер ұйымдастырылса

12.            Осы топтағы баланың ата-анасымен, балаға көбірек көңіл бөлініп, ұдайы қамқорлыққа алынса.

 

Пайдаланылған әдебиеттер
1.                ҚР. Президент. Заң Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы // Егемен Қазақстан .- 2003. — 17 қаңтар.

2.                Неке және отбасы заңы .- Алматы: Жеті-жарғы.-2003.

3.                Темірғали Ж.     Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы//Заң.- 2000.-N1

4.                Баймұқанов М. Кемтар балаларға  әлеуметтік қамқорлық қажет// Заң.- 2002.

5.                Бап-Баба С. Психология негіздері, Алматы 2012, Әлеуметтік педагогика.

6.                Әр түрлі психологиялық ойындар «Психология» журналы №3 2011 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *