Қазақстанның жасанды жер серіктері


Әбікенов Нүргелді 
“Балалар мен Жасөспірімдер сарайы” ҚКМК “Ғарыштану” үйірмесінің қатысушысы
Жетекшісі:”Ғарыштану” үйірме жетекшісіСаулембекова Дарига Муратовна 

Кіріспе

Біздің Әлем қандай тамаша! Мұнда қызықты әрі сыры толық ашылмаған ғажайыптар қаншама! Маған «Ғарыштану» үйірмесінде өткізілетін сабақтар ұнайды, аспан әлемі, ғаламшардан тыс болып жатқан нәрселерді танып білесің. Ғарыш әлемімен танысуға болады. Көп мағлұмат аламыз. Сабақтардың бірінде Жердің жасанды серіктері тақырыбын өттік. Мен осы тақырып қызықтыра түсті. Олар жайында, Қазақстанда қандай жасанды жер серіктері ұшырылып жатқандығы, олардың қызметі мен маңыздылығы жайлы көп білгім келе бастады.

Менің жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы жасанды жер серіктерінің қызметі мен маңыздылығын зерттеу.

Мен келесідей міндеттер қойдым:

1. Аталмыш тақырып бойынша әдебиеттер мен ақпаратттар табу және танысу, оқып-зерделеу;

2. «Жасанды Жер серіктері» дегеннің не екендігін анықтау;

3. Қазақстандағы Жасанды Жер серіктерінің қызметі мен маңыздылығына баға беру.

Зерттеу әдістері:

1.    Әдебиеттерді талдау;

2. Балалар мен жасөспірімдер сарайдағы «Ғарышкерлер» мұражайындағы материалдарға талдау жасау;

3.  Ғаламтордан алынған мәліметтерді талдау.

Өзектілігі: Қазіргі уақытта ғарышты игеру мәселесі өзекті болып тұр. Соңын ішінде жасанды жерсеріктерінің арқасында біз көптеген заманға сай технологияларды дамытып, көптеген жетістіктерге қол жеткіземіз. Қазақстанның жасанды жерсеріктерін одан әрі зерттеп, еліміздің дамуына және экономикасын көтеруіне зор үлесін қосады деп үміттенеміз. Дамыған елдер қатарына қосылу үшін, біздің мемлекет бәсекеге ат салысып, өзінің алғашқы инновациялық технологияларды және жаңалықтарды меңгеруге дайын. Сондықтан да, бүгінгі өзекті тақырыпты талқылау үшін біз зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақстанның жасанды жерсеріктері»- деп атадым.

Жаңалылығы: Бүгінгі таңда технология мен заманауи мүмкіншіліктерді бақылай отырып, біз қол жетімді қызметтер мен ешуақытта теңдесі жоқ жаңа идеялардың куәсіне айналып отырмыз. Қазіргі жасанды жерсеріктерінің арқасында біз интернет, теледидар және басқадай ақпарат құралдарын қолдана отырып, күнделікті тұрмыс тіршілігімізді жеңілдетеміз. Мысалы: навигация жүйесі арқылы біз болашақта  көлікті, үйдегі тұрмысқа қажетті құралдарды басқарамыз. Медицина саласы бойынша жедел жәрдем қызметінің жұмысын жеңілдетеміз. Қосымша жүктеулердің арқасында: (скайп, уатсап және т.б,) сурет, видео, аудио, құжаттарды  жібере аламыз.

Мысалы: спутник арқылы менің ойымша болашақта  көліктерді жер бетінен басқару мүмкіндігі туады. Ол болашақтың еншісінде.

Күтілетін нәтиже: Жасанды жер серіктері туралы алған танымдық мәліметтермен қатар білімдерді өзгелермен тәрбиеленушілермен бөлісу.

·     Өздіктерінен ғарыш саласындағы, яғни жасанды жер серіктері жайлы ізденіс жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау

·     Тәрбиеленушілердің жасанды жер серіктеріне деген  қызығушылықтарын арттыру, осы саладағы болып жатқан жаңалықтар жайлы хабардар етіп отыру.

Жоспар:

1.                Жасанды жер серіктері жайлы қысқаша мәліметтер.

2.                Қазақстанның жасанды жер серіктерінің түрлері мен қызметі;

3.                Навигация жүйесінің дамуы;

4.                Жасанды жер серіктерінің болашағы және жаңа мүмкіндіктері.

1.   Жасанды жер серіктері жайлы қысқаша мәліметтер

Жер орбитасына шығарылған кез келген нысан «жасанды серік» деп аталады, ол адам қолымен жасалады. Оларды әртүрлі ғылыми және технологиялық мақсаттар үшін пайдаланады. Жасанды жер серіктері зерттеу жұмысымен қатар, байланыс түрлерін орнату үшін де қажет. Солардың арқасында, біз теледидар, телефон, ғаламтор, тағы басқаларды пайдаланып, сыртқы әлеммен қатынаса аламыз.

Зерттеу ісіне арналған жасанды жер серіктер тығыздық, температура, сыртқы атмосфералық-ғарыштық радиацияның иондануы сияқты көптеген құбылыстарды өлшейтін аспаптармен  жарақтанған. Мұндай өлшемдерді Жерде отырып жасау өте қиын.

Жасанды серіктер күн клеткаларымен, көп жағдайда, ядролық генераторлармен толтырылады. Серіктер мәлімет алып және жіберіп  тұруға арналған транспондерлермен жабдықталған.

2.   Қазақстанның жасанды жер серіктерінің түрлері мен  қызметі

Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырмалардың нәтижелері екенін атап өткен жөн. Мемлекет басшысының қолдауымен біздің ірі жобаларымыз Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Олар: «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі; «Ангара А-5» зымыран-тасығыш негізіндегі зымыран-ғарыштық «Бәйтерек» кешені; ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешені; жерді қашықтықтан зондтау жүйесі.

«Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесінің түрлері мен қызметі тоқталатым болсам:

KazSat-1 — Қазақстанның алғашқы ғарыш аппараты Ол Жер айналымында  тұрақты жайғасымында (103° E) орнатылған.

Алғашқы рет KazSat-1 ғарыштық жабдығы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006 жылдың 18 маусымында Байқоңыр айлағынан  ұшырылды.

Сол сәттен бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады. KazSat-1 Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Оның тарату аймағы Қазақстан, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық  бөлігін  қамтыды.

Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығына байланысты 2008 жылы Қазсат-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатты.

KazSat-2— Қазақстан Республикасының  тіркелген спутниктік байланыстың екінші, коммуникациялық жасанды жерсерігі.

КазСат-2 ғарыш аппараты Байқоңыр ғарыш айлағынан 2011 жылдың 16 маусымында ұшырылды.  Республикалық ғарыш байланысы орталығының жарлығы бойынша КазСат-2 ғарыш кемесінің қызмет көрсету аймағына Қазақстан Республикасының барлық территориясы, Орта Азия мен Ресейдің орталық территориялы кіреді.

Қазақстан мамандарының айтуынша жаңа ғарыш серігі Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қамтамасыздандырумен байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. «КазСат-2»  Республикамызға қажетті ақпаратты қызмет көрсету саласын, оның ішінде электронды үкімет, интернет пен ұялы байланыс үшін кеңейтілген спектрлерді  кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы  зымыран-тасығыштар, ғарыштық аппараттар мен спутниктер сияқты тағы да басқа күрделі, әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам басты.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша таяу және алыс ғарышты зерттеу және ғарыштық техника мен технологияны әзірлеу мен қолдану саласында бірқатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді. Қолданбалы зерттеулердің нәтижелері Ұлттық ғарыш орталығының құрамында Ұлттық ғарыштық технологиялар лабораториясын құру туралы мәселені қоюға мүмкіндік береді.

3.  Навигация жүйесінің дамуы

Қазіргі таңда кеңінен таралып, дамып келе жатқан спутниктің түрі ол – «Navstar-GPS». Бұл нысан арқылы Жер бетінен көптеген мәліметтер ала отырып, біз географиялық зерттеулерді жасаймыз. Мысалы, ауа, су және жердің орналасуы мен жыл сайынғы өзгерістерді фотосуреттерге түсіріп, арнайы зертханаларға жіберіліп отырады. Сондай-ақ, бұл құрылғы қозғалыс жылдамдық пен бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытта, екі ғарыштық спутник жүйесі жұмысын атқарады. Олар: GPS пен ГЛОНАСС. Ең алғаш спутниктік навигациялар «Циклон» және «Транзит» болып табылады. Біз «Ғарыштану» үйірмесінде осы спутниктермен танысып, олардың адамзат баласына әкелген пайдасы туралы біршама мағлұмат жинадық.

Ендігі GPS туралы айтып кетсем, бұл Америка Құрама Штаттарының тапқан ғылыми жобасы болып табылады. Ал ГЛОНАСС болса, Ресей Одағының ғарыштану институтымен құрылған. Қазіргі кезде Жер орбитасында 27 спутник өзінің қызметін атқарады. Төменде бірнеше салынып жатқан аймақтық жерсеріктік жүйелерін мысалға келтіремін. Олар: «IRNSS», «QZSS», «DORIS». Бұл жүйелер болашақта өзінің пайдасын әкеледі деген сеніммен айтамын. Қазіргі мәліметтерге сүйіне қарап отырсақ, 2020 жылға дейін жерсеріктерінің саны 35-ке ұлғайтылады деп күтілуде. Соның ішінде Қытай мемлекетінің «Beidou» жүйесі жақын арада жұмысын іске асырмақ. Бұл жаңа технологияның дамуына байланысты біз сол жерсеріктерінің арқасында біраз жетістіктерге жеттік. Мысалға, Жердің кез келген аумағында және кез келген ауа райында нысанның орын ауыстыру мен жүру жылдамдығын тура анықтауға болады. Сонымен қатар, жерсеріктері бізге интернет, теледидар, радио және басқадай ақпарат құралдарының тынымсыз жұмыс істеуі біздің күнделікті тұрмыс тіршілігімізді жеңілдетіп отыр. Соның ішінде ауа райын болжау, ғарышта ұшып жүрген астероидттар мен аспан денелерін зерттеуге және ғылыми болжам жасауға үлкен үлесін тигізіп отыр.

Біз «Ғарыштану» үйірмесінде жасанды жер серіктер жайлы көптеген жаңалықтарды біліп, оны зерттей отырып олардың болашақта зор мүмкіндіктерін талқыладық.

Тағы бір кейінгі кездегі кеңінен қолданатын жүйе ол Галилео. Бұл – авиабилеттерді брондау үшін арналған халықаралық компьютерлік жүйе.

4.  Жасанды жер серіктерінің болашағы және жаңа мүмкіндіктері.

Осы зерттеу жұмысын жүргізу кезінде біз еліміздің жер серіктерінің жаңа мүмкіндіктері мен мақсаттарын, дамуы мен елімізге әкелетін пайдасын сипаттаймыз. Мысалы, елімізде келер жылы ғарышқа екі жерсерік ұшырылмақ. Барлық қазақстандық жерсеріктердің саны алтыға жетпек. Соған орай, елімізде ТМД-да теңдесі жоқ жерсеріктерін дайындайтын зауыт ашылмақ.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президентінің орынбасарының айтуынша, елімізде 2025 жылы Ұлттық ғарыш орталығы салынып аяқталады деп атап кетті. «STSAT» жерсерігінің айырмашылығы барлық технологиясы отандық жабдықтармен дайындалады. Бұл Жер сілкінісін болжауға, климаттың өзгеруін және басқа да, ғылыми жобаларды зерттеуге көмегін тигізеді деген үміт бар.

Осыдан бұрын ғарышқа ұшырылған «ҚазЕОСат-1» және «ҚазЕОСат-2» жерсеріктері 200 миллион шақырым жерді суретке түсіріп өтті. Тағы бір айтарлық жайт, бұл жерсеріктерінің жұмыс істеу ұзақтылығы. Бұл аппараттар он жылдан астам уақыт істей алмайды. Ал істен шыққан жерсеріктері жеріміздің теңіз мұхиттарына апарылып тастайтыны сөзсіз.

Сондықтанда, болашақта осындай әрекеттердің бір шешімі болуы тиіс деп сенеміз. Ғарышты тек зерттеп қана қоймай, жеріміздің экология проблемасын шешуді ұмытпағанымыз жөн.

Қорытынды:

1.  Алғашқы жасанды жер серігін ұшыру-әлемдік –тарихи маңызы бар оқиға. Дәл осы жасанды жер серіктері–барлық бастауларының басы.

Сондай-ақ, біз мақтанышпен айта аламыз алғашқы жер серігі осыдан 60 жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл еліміз үшін де, бүкіл адамзат үшін де сол уақытта жауапты қадам еді. Сол арқылы ғылымның, технологияның дамуына, еліміздің әр саласының өркендеуіне жол ашылды.

2. Ғарыш саласындағы осындай алғашқы қадамдарсыз біз бүгінгі күні ұялы телефондарды қолданып, қызықты бағдарламаларды, тікелей эфирлерді, телекөпірлерді көре алмас едік. Сонымен қатар, ғаламшарға қандай қатер туып тұрғандығынан бейхабар болар едік.

3. Біз ғарышты бағындырған және алғашқы зерттеулер жасаған адамға құрметпен қарауымыз керек. Тек сол ержүрек адамның  арқасында біз жарқын өмір сүрудеміз. Еңбектеріңізге мың алғыс!

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Маликов А.М. Запуск спутника  //Космонавтика-2009-№7

2.  Николаев А.У. Первый спутник Земли  //Космонавтика-2011 -№4

3.  Википедия – еркін энциклопедия материалдарынан //ru.wikipedia.org/

wiki/ Спутник-1

4.  Балалар мен жасөспірімдер сарайындағы «Ғарышкерлер» мұражайында

жинақталған материалдар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *