«Әлихан ауылының топонимикалық атаулары мен тарихы»


Мұхамедқали Еркеназ Жеңісқызы
Әлихан негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 сынып оқушысы
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Нурмагамбетов Айдос Елубаевич

 

Бағыты: гуманитарлық

Секциясы: “Өлкетану”

Ғылыми жоба тақырыбы: «Әлихан ауылының топонимикалық атаулары мен тарихы»

Авторы: Мұхамедқали Еркеназ, 6 сынып оқушысы”Әлихан негізгі орта мектебі” КММ, Әлихан  ауылы

Жетекшісі:

Нурмагамбетов Айдос Елубаевич, тарих пәнінің мұғалімі, “Әлихан негізгі орта мектебі” КММ, Әлихан ауылы

Әлихан – 2017 жыл

Мазмұны

 

Аннотация ……………………………………………………………………………………3-4

 

Кірспе…………………………………………………………………………………………… 5-6

 

Жобаның мақсаты………………………………………………. ……….. ………………. 7

 

Теориялық бөлім ……………………………………………………………………………8-14

 

Қорытынды ……………………………………………………………………………….. …..15

 

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………… ………….16

 

Пікір ………………………………………………………………………………………………..17

Аннотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасна тараған мұраларын жинақтауға арналған.

Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» – деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.

Абстракт
Это исследовательская работа, в течение многих лет, без какого-либо урегулирования, помогла установить историю нашего аула,жизнь исторических деятелей нашего аула , чтобы получить их общее наследие нашего государства .
Известный во всем мире, великий предок Абу Насыр аль-Фараби, “не зная прошлого, трудно предсказать будущее”Человек, который не знает своего прошлого пороману Чингиза Айтматова тот и не знает своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается из поколения в поколение.
Ученики , ознакамливаясь с работой данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни ,чтобы воспитать любовь к Отечеству.Благодаря хорошей работе школьников можно сделать много нового,для получения новых данных экспонатов.

Abstract
This research work, over many years, without any settlement, the history of our country, the lives of historical figures from the country, to gain their arasna common heritage of the country.
Known throughout the world, the great ancestor of Abu Nasr al-Farabi, “without knowing the past history, current knowledge of the situation, it is difficult to predict the future”. What is the history of people’s intelligence. Intelligence, a person who does not know where it came from that ChingizAitmatovağamızdıñ novel is no different mäñgürtten.
Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the future of this work is to understand that it is defective.
Ölkemdistudents familiar with the work of this study, I knew it would be useful to increase the longing for meaning. To foster a love of the Fatherland.
For this purpose, the school museum, thanks to the good work of the students do a lot of new data tolıqtırılar of the exhibits.

Кіріспе

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні балам өзі шертеді.

Тарих керек – іргетасы қазақтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

Қадыр Мырза Әлі

Қазақтың қай ауылына барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау боп қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да сондай тамыры терең болып , жапырағы жайқалған байтеректер бар. Барлығы да бұтақтарын кең жайып , жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтеп отырады.

Тек солармен сырласып өскен үрім – бұтақтар ғана талай сындардан өтіп, адамгершілік пен азаматтықтың, бауырмалдық пен достықтың ұлы мектебінен дәріс алады, дәл солардай еңсесі биіктей түседі. Сөйтеді де , ақырын ғана сылдыр қағып, сандықтың қақпағын ашады, шежіре шомылдырып, тарихқа тоғытып алады.

«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»- деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.

Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс – әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымының, жерімнің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.Зерттеу неәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Әлихан ауылының ата тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Әлиханауылында небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы.

Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде.

Қала сағалағасын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін.

Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес қосамыз.

Жобаның негізгі мақсаты:

Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.

– Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Жобаның міндеттері:

·               Ауыл тарихын зерттеу

·               Өз жерінің тарихын жетік білу

·               Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қоу

Мәселе: ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттелетін объект: аулымыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.

Әлихан ауылының топонимикалық атаулары мен тарихы

Сарыарқада мекен еткен ауылым,

Алтын ұям. Мақтанышым,бір менің!

Өзің жайлы жылдар бойы сақтаған,

Ашып берем достарыма сыр кенін.

Өмірбек Асылхан

Бұл – Сәкеннің «Айша» повесіндегі Бименде көпестің ауылы. Қадыр атты жарлы-жақыбайдың қызы Айша Бименде көпестің жымдастыруымен қатыны өлген Шәкірге қалың малға, тоқалдыққа еріксіз ұзатылады. Қалыңдығын әкетіп бара жатқан Шәкір кеш бата Бименденің үйіне түседі де, түнде Айша осы ауылдан жылқышы ағасының көмегімен қашып шығып, Нілдіге тартып, сондағы кеншілер қамқорлығын көреді.  .

Әлиханның негізгі аты – Бәйменденің шиі. Сәкен «Айша» повесінде Бименде деп көрсетеді. Қазір қадымдағы соны шидің жұқанасы ғана қалған. Бәйменде бай – оқыған, көзі ашық адам болған. Кезінде өкімет өкілдері «мына жер кімдікі?» дегенде, қол астындағы жағдайы жұпыны жалшысы әрі туысы Әлиханды көрсете салыпты. Содан хатқа Әлихан деп жазылып кеткен. Бұл – ХХ ғасырдың басы, тәркілеудің алдында болса керек. Қарағандыдағы Әнгелбай Әлиханов көшесі осы Әлихан ұлының атына берілген.

Қарағанды көмір бассейнінің дамуына үлес қосушы мемлекет қайраткері.

Климаты айқын континенттік, қысы ұзақ, суық, боранды, қары аз (30-40 см), қаңтардың орташа температурасы -170 С, шілдеде +20 – +23С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-260 мм шамасында. Жерінде қара, қызыл, қоңыр, ашық қызыл, қоңыр, сортаң топырақ тараған. Жазық жерлерінде көде, селеу, жусан, кермек, көкпек, тобылғы, қараған, өзен бойында тал, шілік өседі. Тау аралық аңғарлары мен сайларында, өзен аңғарларында әр түрлі шөпті шалғын, тал, шілік басым. Гранитті тауларында арша, тасжарған, қараған, таңқурай, қарақат, бөріқарақат олардың бөктерінде қайың, көктерек өседі. Аңдардан: елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр, сасық күзен, қоян, қосаяқ, сарышұнақ, бозсуыр, байбақ суыр. Құстардан: бүркіт, қаршыға, лашын, құр, шіл, бөдене, қоныр қаз, үйрек, дуадақ т.б.су орман құстары мекендейді.

Таулары Керегетас, Кенелі

Керегетас жоталарының көрінісі

Сарысу өзенінің жағасына дейін қалың құрақпен ши және жиде, шеңгел арасы мал талғамына тұнып тұрған от. Бағзы заманнан аға кәсіп малды тіршілік тынысына айналдырған бабаларымыз осы өңірді күздеу мен қыстау әрі көктеу деп таныған. Шығысында Өкірген төбесінен басталып, батыстағы Кеңеліге жеткен жапан дала ежелден төрт түліктің өрісі. Атақты байлардың атамекені болған. Мәселен, Керегетас өңірін Бименді деген бай жайлаған екен. Оның ағаш үйі өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін сақталыпты.

Тарихи жәдігерлерге келсек аулмызда «Ақмешіт» атты медресе бар. Медресе осыдан ХVІІІ ғасырда салынған делінеді.

Осы аймақта археологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде қола дәуіріне жататын заттар табылды. Атап айтсақ, қола дәуірінің қыш құмыралары.

Дегенмен , бұл қасиетті жер, киелі топырақта ел-жұрт тарихының алсапыран заманын бастан кешкен. Үнемі көшіп –қонып, малмен күнелткен, басқа шаруаға қыры жоқ қазақтың бетке ұстар байларын 1928-1929 жылдарғы төңкеріс заманында Бетпақдала жазығына айдап алып кеп қырған. Ал бала – шағаларын бұрынғы «Көктіңкөліне» жинап алып , «итжеккенге» жер аударған. Бетке ұстар әрі көш бастаушы азаматтарынан айырылған ел , ол аз болғандай қолдағы малынан да жұрдай болады. Малды сыпырып алып , коллективизация басталғанда малсыз күні жоқ қазақ ашаршылыққа тап болып, жаппай қырылған жөні бар.

Үкімет Көктіңкөлінде мал шаруашылығын дамытуға қатты көңіл бөледі. Ауылдың алғашқы директоры Аскаров Әбибұлла болған.

Ауыл 1937 жылы әр 100 саулықтан – 118, 1938 жылы – 123 қозыдан алып, тасы өрге домалағаны. Он жылда қой саны – 29700 басқа , ірі қара – 1055 ке жетті. Жылқы ғана онша өспеген.

«Әлихан» ауылы құрылғаннан бері шаруашылықты 20 директор басқарыпты. Әрине әр директордың іскерлігі, совхозы экономикасын арттырып, тек мал шаруашылығымен айналысқан совхозды дүркіретуде олардың қосқан үлесі, сіңірген еңбегі көп ақ.

Соғыстан кейін ең ауыр жылдары совхозды (1943 – 1950ж.ж) Аскаров Әбибұлла басқарыпты. Одан кейін Е.П.Данильченко (1954 – 1958 ж.ж), А.А. Колдасов, (1960- 1964 ж.ж), Ж.Нүкетаев (1969-1954ж.ж ), А.Байжүнісов ( 1977-1979 ж.ж), Т.Байшеков ( 1977-1979 ж.ж), Омарбаев С.О (1980-1985 ж.ж), Бекетаев Ш. ( 1986-1996 ж.ж), басқарған.

Аскаров Әбибұлла арада жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де ауылдағы ел әлі ұмытпады. Ол іскер басшы , қабілетті маман болатын. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылға үкімет тарапынан да көп көмек алатын беделді басшы еді. Малшылар тұрмысынан баса назар аударатын. Жайлы қора, жылы үй, жеткілікті жем шөп, малшылар тұрмысына баса назар аударатын. Жайлы қора, жылы үй, жеткілікті жем -шөп , малшы азығы толық жеткізіліп отырған. Жұмысшылар арасындағы еңбек бәсекесі, ынтасы, жарыс барынша жанданумен дүркірейді. Өзіммен бәсекелес Ленин атындағы колхоздан және Жарсу мал совхозынан басым түсті.

Әлихан ауылының кіре берісінде Арқаның атақты атбегісі Жолдыбай ақсақалдың үйі. Қазір Арқадағы атбегі атаулының атасы осы – Жолдекең. Биыл 75-ке толып, ауылдағы (Нілді) мамыр тойында бәйгіні осы кісі мен үзеңгілес досы Рахман ақсақал екеуі берді. Сонда барам деп қойып, жете алмай қалып ем. Бәрі-бір дидарласуды жазыпты Құдай. Хатқа кейін түсер. Мамыр тойында бас бәйгіге Нарторыны қиыпты Жөкең. Бір емес бес автокөлік әперген тұлпардың өзі.

Әлихан аулымызыдың атын шығырып жатқан өзінің қымызымен сусындатып жүрген осы Жолдекен әулеті. Өзінің жеке кәсібінің арқасында ауылымызыды және аудан орталықтарын өзінің қымызымен және саумалымен сусындатып жатқан жайы бар. Әрі көлік , әрі сусын деп ұрандатып ауылымыздың жан ашыры деп атап кеткім келіп отыр.

Ауылымызда мектеп 1975 жылы ашылды. Оданда ертедегі болған мектебіміздің қазір тек үйіндісі ғана қалды.

Құлтай Кабулович, Мұқан Сенбекович, Рымбала Абдырахманова, Тамара Петровна, Куралай Каратаевна, Қарлығаш Базкеновна сынды ұлағатты ұстаздар тәрбиесінен қанаттанғандар да көп-ақ.

АуылдастарЖеңіс Мұхамедқалиевич сынды беделді қызметтер атқарып жүрген жерлестерін қашанда мақтан тұтады.

Сексен жылдық тарихы бар ауылдың шежіресі де таусылмас емес. Көктіңкөлі селолық округіне қарайтын бес ауылдық мекен; Әлихан, Жыланды, 56 Разъезд, Целинное бөлімшелері бір бірінен шалғай болғанымен ұйымшылдығы , берекесі, ынтымағы мол, дәулеті тасыған, мәдениетті өскен өскелең ауыл . осы ауылдарда 667 отбасы 1300 адам тұрып жатыр.

Бір фельдшерлік пункт және 2 дүкен жұмыс істейді.

Қорытынды

Міне , менің аулым – нұр мекенім,

Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау , бақыттың сенде екенін.

Би билеуді үйреткен тал – тірегің,

Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,

Жер бетінің жұмағы сен екенсің,

Сенен артық мекенім бар ма менің!

Ауылымның бұл тарихи шежіресі « Керегетас пен Кенелім жер ұйығым бесігім» дей келе егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндер көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз шежіре.

Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде…

«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н.Ә.Назарбаев

Қолданылған әдебиеттер

1. С. Қабылдаұлы «Туған жердің түтіні» Нұр-Принт-75  баспасы 2009

2.  «Шет ауданы» энциклопедиясы ҚАЗақпарат 2013 ж

3. Көктіңкөлі с/о әкімшілігі мұрағатынан

Әлихан негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

6 сынып оқушысы Мұхамедқали Еркеназға

Пікір

Мұхамедқали Еркеназ «Әлихан ауылының топонимикалық атаулары мен тарихы» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобада, ауыл тарихын зерттеу кезінде ауылымызыда еңбегін сіңрген азаматтар жайында тоқталған. Халық қазынасының ауыл тарихына тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды тарихын зерттеп , зерделеп қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып, архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.

Осы жоба ішінде оқушыларға таныс емес қасиетті сандар енгізілген. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.

«Ауылымызыдың тарихы» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.

Пікірші:География пәнінің мұғалімі Каратаев Даурен Маратович

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *