Торғайды таныстыру


Қабен Қалдыбай Базарбекұлы
Қостанай обл. Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ДМ-12 тобының оқушысы
Жетекшісі: оқытушы Азербаев Ринат Кадырбекович

Торғай деген май бүйірі серке паң дала,

Талайлар кеткен таңдайын қағып таңдана.

Ұлытудан бастау алған сұлулық,

Қарт Торғайыма жатыр жалғана.

 

Торғай түбек түйіне қалса түнерген,

Сүйіне қалса сезімнен нәзік гүл өрген.

Бұл далада Тархан туған Кейкі мен,

Жауының басын жаҺанамға жіберген.

 

Торғай деген тектілер туын тіккен жер,

Шайқалып шаңырақ, қаңырап қанша тік белдер.

Жандарында жан алғыштар да бата алмай,

Жауының өзі тағдырдан зауал күткен жер.

 

Торғай деген киелі мая керілік,

Кекетіп жүрме, кекетіп жүрме.

Қақталған күнге тері деп,

Көзін жұмып сұрлана қалған даланы.

Ойламаңдар үнсіз қалған бөрі деп.

 

Торғай деген ақ шағала мен аппақ нұр,

Ар иманың мен ақ босағаны аттап кір.

Не деген менен тектіден туған тентектер,

Атаның салтын, ананың тілін сақтап жүр.

 

Торғай деген киелі қазық ат байлар,

Құлыны тулар анадан алып, қас қайлар.

Ахаң мен Жахаң туған Торғайда,

Көкірегінде күмбелі жиһаз отты ой бар.

 

Арыңды сенің Торғайым, өлеңім менен қорғайын.

Азбаса екен атаның қаны сол қайғы.

Торғайым сені жырлаған сәтте тереңнен,

Қаңтардағы боранды күнді таңдаймын.

 

Төрлетіп қонақ, көңілдер сыйға кенелсін,

Жатаған төбе жар қабақ тауға теңелсін.

Толқыған көңіл торқалы тойдың кешінде,

Халқым -ау саған осыдан артық не дерсің!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *