«Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім»


Кенжегарина Бақыт Балгалиевна
Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының бастауыш сыныптың мұғалімі

Мақсаты:  Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың                                 тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Ерлік – батыл да батыр адамның намысын адамзат абыройын Отанын қорғаудағы қайсар күресінің жеңісі, ересен еңбек жемісі екендігін оқушыларға ұғындыру.

Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, елін, жерін, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін ел арманын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі:

–  Құрметті ұстаздар, оқушылар Еліміздің тәуелсіздік туын тігіп,      егемендік алғанымызға биылғы жылы 25 жыл толып отыр. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» – деп атауымыздың өзіндік мәні бар.

300 жылдай Ресей отарлауында келег қазақ халқы өзінің тәуелсіз мемлекет болуын аңсап, ол үшін күресті. Әрине тәуелсіздік біздің алақанға салған біреудің сыйы емес. Осы сабақта бүгінгі күн үшін жанын төккен қаһармандар туралы тарих беттеріне үңіліп, нақ осы сәттің қадірін ұғынғалы отырмыз.

–  Балалар тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі көрде қазаны теңде болып, көшіп – қонып өмір сүрген ата – бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

 

І бөлім. Тарихы мол сан тарау.

1.     Біз қазақпыз

Есігі ашық, төрі кең.

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

2.  Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азат жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

3.  Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың,

Елі текті, киелі, қасіретті.

4.  Қорлаған жау – басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Елі текті, киелі, қасіретті.

5.  Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата –                     бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.

І – жүргізуші:

6.  1466 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.

7.  1723 жылы  Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Қаннен қатерсіз, шат – шадыман жаз жайлау қызығын көруге бет алғанда жоңғар – қалмақ тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақтабан болды. Аңдыздаған жұрт Алакөлге аялдап, Қаратауға бас сауғалады.

8.  1723 жылы «Ақтабан шұбырындыда» Жоңғарлармен болған соғыста бір миллион адамнан, яғни, сол кезде халықтың 40 пайызынан айырылды.

Адамдар мал мүлкін тастап, өлімнен қашты.

9.  1837 – 1847 жылдары Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс. 1836 – 1838 жылдары Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс. 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт – азаттық көтеріліс болды.

10.  1918 жылы Қазақстанда Кеңес Үкіметі құрылды.

11.  1925 – 1933 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі реводюция болмаған деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп, негізгі күнкөрісі мол болған қазақтар 2 – 3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. 200 мың қазақ аштықтан қырылды.

12.  1937 жылы қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын – сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» атанды. Олардың 105 мыңы абақтыға жабылып, 27 мыңнан астамы атылды.

13.  –  Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің елдігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан Төле би батырларды батылдыққа, елді ерлікке шақырды.

Жүргізуші: Үш арыстың үлгілері.

Көрініс: «Ақтабан щұбырынды, Алакөл сұлама».

14.  1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде      жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

Ақтандық жылдардағы қазақ деп қабырғасы майысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізді жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

15.  –  Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен сөз кешкен заман болды. Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жауды аңыратып жеңді.

16. 1941 – 1945 жылдары алапат соғыста қазақ батырлары фашистермен күресіп, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

Төле би:           Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім.

Ұқпаққа айтқан сөз жетім.

Атың жақсы болса –

Ержігіттің пырағы

Балаң жақсы болса –

Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би:    Алтың ұяң – Отан қымбат,

Құт – берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын – анаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат,

Кіндік кескен – жерің қымбат,

Ұят пен ар қымбат.

Әйтеке би:      Бай болсақ,

Халқына пайдаң тисін.

Батыр болсаң,

Жауға найзаң тисін.

Әумин!

Би: «Қара жорға».

17. Кеңес билігін шайқалтқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрес болды.

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға – апаларымыздың есімдері ешқашан ұмтылмайды.

1986 жылғы желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут орнымыздан тұрып, үнсіздікпен еске алайық.

18. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.

19. Қазақстан қасиетті ұғым бұл

Ей, келешек, жан – тәніңмен ұғынды

Он бір әріп не мағына береді

Ал тоғайың жеткенше қызыл тіл.

20. Т – білдіреді теңдікті

Ә – әдептілік, әлдікті

У – уайымсыз уақытты

Е – егемендік, елдікті

Л – дейді лағып, лепірме

С – сенімділік сенімді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой

Д – шақырады,  достыққа,

І – дейді күн боп көктегі

К – көз алартпа, көршілерге қол сұқта.

21. Көрініс: Атасы мен немересі

Тәуелсіздік дегеніміз не?

22. Дала да думан қала да думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, қалдырған бақыт, бұлбұлым!

Ән: «Елім менің» әні орындалады.

1991 – 2016 жылдар, аралығында қандай жетістіктерге жеттік? Соны бір саралап, есімізге түсірейік.

1991 жыл – Тәуелсіздік алған жыл.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Бірыңғай Ұлттық Ұйымға мүше болып кірді.

1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға шықты. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

1996 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті.

1997 жыл «Қуғын – сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

1998 жылы 6 мамыр – Астана күні. Қазақстан Республикасының астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1999 жылы 10 қаңтарда Президент сайлауға өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

2000 жыл – «Мәдениетті жолдау жылы» деп аталды.

2001 жылы ХХІ ғасыр бастамасы осы жыл тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

2002 жылы – «Денсаулық жылы» деп аталды.

2003 – 2005 жылдар – «Ауыл жылы» деп жарияланды.

2004 жылы – «Қазақстан – Ресей» жылы болды.

2005 жылы Ресейде «Абай жылы» деп өтті.

2006 жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 15 жыл толды.

2007 жылы «Қазақ тілін қолдау жылы».

2008 жылы «Қазақстан халқының әл – аухатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты» деген Қазақсатн Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

2009 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша республикамызда 100 мектеп, 100 аурухана салынды.

2010 жылы ҰБСЕ ұйымына төрағалық етті.

2011 жыл «Білім жылы», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

2012 жылы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту. Қазақстан  дамуының басты бағыты» деген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

2013 жыл «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасының Президенті       Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

2014 жыл «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

2015 жылы Қазақстан Халық Ассамблеясының жылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы. Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы.

Астана жас қала болса да EXPO 2017 көрмесін өткізуді 103 мемлекет қолдап жеңіп алды.

2016 жылы Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл желтоқсан оқиғасына 30 жыл толып отыр.

Биыл талай жылдан бері аңсап жеткен тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы  тойланса, ызғарлы желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын еске аламыз.  Бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Талай қазақ баласының       қанын, жанын қиып келді.

Қорытынды:  Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық мерекесі құтты болсын! Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Жақсы ақын үлгілі, тәртіпті, өз еліңді, жеріңді, көркейтер Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жетпес пе екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *