«Бақытың да байлығың да – Денсаулық»


 Нурмагамбетов Нуржан Каримович
«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №14 бөбекжай-бақшасы» МКҚК  дене шынықтыру ңысқаушысы

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан — 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8- ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты.

Мен Костанай педагогикалық колледжін бітіріп, мұғалім- тәрбиеші мамандығын алып балабақшаға келдім, маған дене шынықтыру нұсқаушысы болуына ұсыныс жасады. Мен ол ұсынысты қабылдап, міне үшінші жыл кішкентай бүлдіршіндерге  дене шынықтыру нұсқаушысы болып қызмет атқарып келемін.Дене шынықтыру іс-әрекетін өткізіп жүріп мен  балаға не үйретем деп?- өзіме сұрақ қоямын.Жүгіруге,секіруге, ойнауға…Олардың бәріде манызды, балалрды көбірек әр жағынан денсаулықа баулу керек деп ойылаймын. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», – деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде, озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына , рухани өсуіне, әдеби – мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.

Мектепке дейінгі мекеме бағдарламасының «Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

Сол бағдарламаның мақсатына сай мен оқу іс-әрекетім мен жеке жұмыстарымды, ойын-сауықтарды өткіземін. Денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыра тұрып, өз денсаулығына саналы көзқараспен қарауға ынталандырамын. Денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіндіріп, қозғалыс белсенділігін дамытуға және физиологиялық қасиетін қалыптастырамын.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен  инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса,  мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді. Біздің балабақшада дене шынықтыру залы және спорт алаңында заманға сай және баланың жас ерешеліктеріне сай  арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Сондықтан маған оқу –іс әрекетін немесе балалармен жеке жұмыс,ойын-сауықтарды өткізуге өте қызықты да жеңіл болады.Балалар құралға қарап қызығып спортқа деген қуанышы мол және көңіл қүйлері жақсарады.Сонымен қатар мен балалармен сауықтыру жұмыстарын өткіземін.Оған колданатын құралдар ол дәстүрлі емес құралдар,олар қолдан жасалған. Мысалы қақпақтардан жасалған жолдар, киндер ойыншықтарынан арқаға, және кеудесін тік ұстап бөтелкеден жасалған жол кедергілерімен өту үшін әр түрлі қолдан жасалған бала деңсаулығын нығайту үшін тағы да басқа құралдар пайдаланамын.Балаланың майтабандығын жою үшін арналған. Заманға сай дене шынықтыру залында тренажорлар орналасқан.Олар Велосипедіті тренажер,Жүгіруге арналған жол,Шанғы тренажеры және Гребной тренажерлары.   Ол тренажерларды балалармен жеке жұмыс жүргізуге қолданамын. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақс артуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйретемін. Балалрмен және ұжыммен көптеген мерекелік шараларды өткізіп жүрмін

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде. Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның, ата-аналар мен балабақшаның талаптарын орындау мақсатын көздейді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол – салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы бала үшін – өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы – баланың эмоцианалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты –  баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.Сондықтан мен ата-аналармен бірге қарым қатынас жасай отырып.Ата аналарға кенес беріп және мерекелік сайыстарды өткізіп тұрамын.Мысалы «Әке, ана және мен», «Әке мен бала» деген ойын-сауықтарын өткіздім. Ат-аналармен сауланама өткіздім.Мақсаты: ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз ету. 2012 жылы «Страна- Олимпий» деге қалалық сайысқа қатысып Грамота алдым.Ол сайыстың мақсаты өз білімін қорсете білу ғана емес және құжат құралдар, өз қолымен жасалған дәстүрлі емес құралдарды қолдана білу керек болды.Сонымен қатар қалалық спортакияда да 2012 жылы-1 орын , 2013 жылы -2 орынға ие болдым.

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр. Бала деңсаулығын жақсарту жылдық жоспарымда негізгі бірден-бір міндеті болғандықтан бийлғы жылы бала бақшамызда бала деңсаулығын нығайту жолында көптеген іс-шаралар жасалуда. «Күн тәртібінде шынықтырудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында, ояту жаттығулары, балаларды ұйықтау,нүкте массаждары,әр дене мүшелерәіне жекеше, т.б.Ұсынылған іс-шараларды қолданудың тиімділігімени бала денсаулығының қаншалықты жақсарғаның байқауға болады. Кез-келген сабақтардың міндетін орындау, оның тиімділігі балаларды ұйымдастыру жұмысындағы үйлесімді жаңалығы, оқу материалдардың күрделігі, материалдардың жабдықталуы қолайлы тәсілдерді аңықтаумен байланысты.Бала денсаулығын жақсартудың  бір жолы дене шынықтыру болғандықтан, оның көптеген әдіс-тәсілдерін жие қолданамын.Күнделікті күн режиміне сәйкес шынықтыру шаралары:

–  ауамен демалу (дем алу жаттығулары)

–  тақертенгілік жаттығуды таза ауада жасау

–  деңсаулық жолдарымен жүру (күм үстімен, тастардын үстімен, шоптін үстімен жалаңаяқ жүру)

–  шынықтыру (жаз кездерінде жалаң аяқ жүру, сумен аяқты тізеден төмен қарай жуу жалаңаш жүру)

–  Релаксация.

Егер балалардын денсаулығын жақсартуға қойсаңыз – онда бұл тренинг бабаларға арналған.Оның көмегімен мен бала өмірің ұзақ болуына бағдарлама жасаймын.Ол баланың жан дүниесінің жаман қасиетерден тазалап, ойларына жақсы көріністі алуына, денесінін лас заттардан тазалауға көмектеседі.Балалар ойларын шынықтырып, күш-қуатын бекітіп, денесін жаңа күшке толы болады.

Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.Ұлағатты шайыры, адам жанының адал бағбаны болған жөн.Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ.    «Сау дене,азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады – бақытты өмір»-деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай балабақшаның басты міндеті-тәрбие мен білім берумен қатар жан-жақты жарасымды жүйелі интелектуалды рухани тәрбие беру және балалардың денсаулығын мықты етіп өсіру. Денсаулық, тәрбие, білім егіз ұғымдар. Олай болса, қоғамымызды өркендететін бүгінгі ұрпақтың денсаулығы мықты болу үшін–мектепке дейінгі мекемелерде жас шыбықтай майысқан балалардың дене тәрбиесіне баулып,дендерін шынықтыру қажет. Яғни, дене тәрбиесі жас ұрпақтың бойында күш, ептілік, төзімділік, мықтылық, сергектік секілді моральдік ерік сапаларын қалыптастырады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» халыққа жолдауында: «Біздің болашақ ұрпағымыздың өсіп жетілуіне әлеуметтік жағдайларын дұрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені сау, епті, күшті, сымбатты болып өсуіне көңіл бөлу қажет» – деген. Дене қуаты қабілетін жетілдіріп, еңбек әрекетінің артуына,жеке мәндік қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді.

Адамның дене тәрбиесі – аса бағалы қазына. Дені сау, жан-жақты шыныққан бала елдің шын мәніндегі байлығы. Дене тәрбиесі сабағының мәнін, мағынасын білу, дене жаттығуларын тиімді қолдану мәселелерін терең түсінудің өте үлкен рөлі бар. Дене тәрбиесі сабағы ол мәдениеттілік. Ол балалардың сырт келбеттерін сұлуландырады, мінез-құлқын, өзін қоғамдық орындарда дұрыс ұстауын, бір-бірлерімен, адамдармен қарым-қатынасын реттейді, тәрбиелейді.

Денсаулық – ол әрбір адамның бойындағы ерекше күтімді қажет ететін өзіндік бір ерекше нәрсе. Жер бетіне  шыр  етіп  келгенде жаратқан иеміз деніңді сау, мүшеңді аман етіп жаратады. Денсаулығыңның бірқалыпты болғаны  деген сөз, ол жарқын болашағыңның айнасы деген сөз.

Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір бала  сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды,жақсы жұмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын  жеңуі, белсенді  өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.  Дене  тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың ағзасын шынықтыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Неміс ғалымы В.Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз. Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Адам неғұрлым жас болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршауды білмей, ойнайды да жүгіреді» Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі-дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене тәрбиесі-жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің терең білім – білігі жоғары мәдениеттілігі мен ақыл – парасаттылығымен үлгі болғаны жөн.

Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін   табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *