Менің мамандығым


 Троеглазова Дарья
 Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж Өскемен қаласы 17 ОГ-1 тобының студенті
Жетекшісі: кәсіби қазақ тілінің оқытушысы Сагатова Назым Амангельдыевна

Менің бала кезімдегі арманым саяхатшы болу болатын, сондықтан мен алға қойған мақсатыма жету үшін оқуымды үздік бітіруге тырыстым. Негізі адам баласы алдыға қойған мақсаттарына, армандарына жетуі үшін, мамандық таңдар алдында өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет.

Саяхатшы мамандығын таңдау барысында өзім ғана емес әкем мен анамда оз ойларын салып үлес қосты. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жетістіктерге жеткім келеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туризм қарқыны жедел дамып келе жатыр. Сол себепті саяхатшы болу, жане де шетел аралап Қазақстанымызды шет мемлекеттерге тереңірек таныту ол үлкен мәртебе деп білемін.

Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше саяхатшы болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті болуы керек. Мен өзімнің арманымды орындалу шыңына жеткізу үшін және болашақта өзімді биік шыңнан көрем деген үмітпен нық қадамға бардым.

Осылайша Өскемен қаласы Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжіне осы мамандықты таңдай отырып, тегін ақылы оқу бөліміне түстім. Ендігі ойым оқуымды үздік аяқтап, мамандықтың жоғарғы деңгейлерін тереңірек оқып, танысып білу.

Осы саладағы мамандықты таңдау үшін мен қазір шет тілі және география пәндеріне көп көңіл бөліп жүрмін. Ел көріп, жер көріп саяхаттанғанды жақсы көремін.

Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетедіғой, сондықтан мен өз мамандығымды дұрыс бағытта таңдадым деп ойлаймын.

Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *