«Сезімдер әлемі»

Раисова Аймарал Шалмырзаевна
 №5 «Алтын бесік» балабақшасының педагог-психологы

Мақсаты: Теңізге саяхаттау арқылы балалардың көңіл-күйлерін, сезімдерін анықтау , есте сақтау, ойлауды дамыту.

Міндеттері:

-Жалпы саусақ маторикасын дамыту:

-тактилді сезімдерін және көру координациясын, естіп сезіп, көруді дамыту:

-жағымды бір қалыпты, жақсы көңіл-күй тудыру.

 

Өтілу барысы:

1.Сәлемдесу.

Психолог:«Сәлеметсіздерме, балалар! Мен сендерді теңіз әлеміне саяхаттауға шақырамын. Саяхатқа атанбас бұрын сиқырлы айнаға қарайықшы, сендердің көңіл-күйлерің қандай? көрсетіңдерші!

Балалар мимикамен көрсетеді «әр түрлі сезімдер»

Психолог:Барлығымыз білеміз саяхатқа жақсы көңіл-күйде бару керек екенін, ал көңіл-күімізді көтері үшін, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.

Ойын «Қошемет айту»  Балалар дөңгеленіп тұрып бір-біріне қошемет, жылы лебіз білдіреді.

Психолог: «Қане сендердің көңіл-күйлерің көтерілді ме?»

Балалар: «Иә!»

2.Жұмыс бөлімі

Психолог: Сиқырлы теңізге аттанбас бұрын сіздермен жақсылап жолға дайындалып, жаттығулар жасаймыз. (Тактильді тақтаны пайдалану)

Психолог балаларға келесі жаттығуды жасауды ұсынады.

«Сәлеметсізбе саусақтар!»

Балалар пуфикта отырады, психолог балалармен бірге жасайды. Қолдарын алдарына қойып, үлкен саусақпен әрбір саусақты кезекпен тигізеді

(2-3 рет жаттығу орындалады)

«Саусақтар жүгіреді»

Оң жақ саусақпен кезек-кезек сол жақтың саусақтарын жылжытады. Қолымызды ауыстырамыз.

«Көңілді саусақтар»

Қолымызды алдымызға қойып, алақанымызбен баяу қимылдар жасаймыз, әр саусағымызды қозғауға тырысамыз.

«Жылдам аяқтар»

Сол қалпымызда отырамыз. Аяғямыздың ұшын алға артқа жылжытамыз.

Психолог: Жарайсыңдар! Енді біз теңіз әлеміне аттанамыз. Ол үшін біз смқырлы кемеге отырамыз, сендерге теңіз патшайымы сиқырлы кеме жіберіпті.

Балалар кемеге отырады (әүен қосылып тұрады)

Реалаксация:

Психолог: көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар.

Денелеріңізді бос ұстаңдар.

Біз теңіз жағалауында жүрміз деп ойлаңыздар. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыңдарма?

Жалаң аяқ жер астында жұп-жұмсақ құмды сезесізбе?, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен?…ол. дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып алыңызда саяхатқа шығыңыз.

Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп-мөлдір су астында сіз өмірі көрмеген түрлі-түсті өсімдіктер мен балықтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңыздан үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы сегізаяқ болады.

Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші….

Психолог:  Жәйлап көзімізді ашып, ақырын орнымыздан тұрамыз. Балалар өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар?

Психолог: Мне біз теңізге келдік, теңізде кімдер тұрады? Бір дыбыс естілетін сияқты ол ненің дыбысы? (балалардың жауабы тыңдалады)

Психолог: Балалар теңіз патшасы сиқырлы кемеге бірдеме жасырып қойған сияқты, қарап көрейікші. (балалар бір-бірден барып кемедегі шариктер арасынан түрлі-түсті жұмсақ доптар алып шығады)

Психолог: балалар, бұлармен не істеуге болады?

Балалар: ойнауға, массаж жасауға болады. Ендеше судың жиегінде отырып, бір-бірімізге массаж жасайық.

Жаттығу «Балықтар»

Психолог: Жарайсыңдар балалар! өте жақсы. Енді бізді су тоқындары күтіп тұр (балалар су толқынына жақындап, әр бала өзіне су көпіршіктерін таңдап, оларды жоғары-төмен бақылау арқылы көздеріне арналған жаттығуларды орындайды)

Психолог: Балалар, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастыру үшін бізді басқа да тапсырмалар күтіп тұр, оған жету үшін сендер аяққа арналған массаж дорожкасымен жүрулерің керек. (балалар дорожканың үстімен жүріп барып келесі тапсырманы орындайды.

Саусақ маторикасына арналған жаттығулар

Балалар арнайы үстелге жақын отырады.

Психолог: Сендер мына тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек, бұл тапсырмаларды бізге теңіз ханшайымы дайындап қойыпты.

Ойын «Сезімдерді тап»

Балалар үйшікте жасырылған әр түрлі сезімдер бейнеленген карточкаларды тауып, өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты жағымды көңіл-күйлерін «қуаныш» қабына, жағымсыз көңіл-күйлерін «қорқыныш» қабына салады.

Жаттығу «Қорқыныш пен Қуаныш»

Психолог: балалар, біздің көңіл-күйіміз жаттығулар, ойындар арқылы көтерілді, ал жағымсыз сезімдерден арылу үшін, мына «қорқыныш» қабына қатты айқайлау арқылы өзіміздің ашу ренішімізді тастап кетеміз. (балалар айқайлайды)

Психолог: Жарайсыңдар! Сендер ханшайым дайындаған тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Ойын «теңіз толқыны»

Ойын барысы: балалар дөңгеленңп тұрады, жерде әр түрлі дөңгелектер жатады, дөңгелек үстімен шеңбер құрып билейді. Музыка әуені тоқтағанда балалар жылдам түс таңдап, дөңгелектерге тұра қалып, өздерінің көңіл-күйлерімен, алған әсерлерімен бөліседі. (әрі қарай ойын жалғасады)

Психожаттығу «Күн шықты»

Көзімізді жұмамыз, терең демалып, демімізді мұрнымыздан шығарамыз, менің даусымды тыңдаңдар.

Судың жиегінде жатырмыз деп көз алдымызға елестетеміз. Жаз қандай тамаша! Көк аспан, ыстық күннің шуағы… Сендер өздеріңді жақсы, бақытты сезінесіңдер. Самал жел, таза ауа біздің барлық денелерімізді баурап, жылытуда.Сендер қандай сезімдесіңдер, сендер жеңілденіп, күш қуаттарың тасып, жақсы болып қалдыңдар. Қандай тамаша! Күннің көзі бізді жылытып, еркелетеді.Бізде өте жақсы, біз жақсы демалып қалдық.

Психолог: Балалар, біз барлық қорқынышымызды артқа тастап жақсы көңіл-күймен балабақшаға оралуымыз керек, бірақ біз оралмас бұрын өзіміздің көңіл-күйімізді құмға сурет салу арқылы көрсетейік.

Жаттығу «Құм терапиясы»

Балалар арнайы құмда өздерінің көңіл-күйлерін, саяхаттау арқылы алған сезімдерін құмға бейнелеу арқылы көрсетеді.

Балалардың көңіл-күйлері көтеріліп дельфинмен «көңілді күн» әніне билейді, дельфин балаларғв жақсы көңіл-күйлері үшін  сыйлықтар тапсырады.

Балалар дельфинге саяхаты үшін рахмет айтып, кемеге отырып балабақшаға оралады.

Психолог: Мне біздің бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Сендерге не ұнады?, теңізден не көрдіңдер?,біздің көңіл-күйіміз қандай?

(балалардың жауаптары тыңдалады) .

Педагог-психолог: Раисова Аймарал Шылмырзаевна.

Leave a Reply

Your email address will not be published.