Ашық сабақ «Ауа» дүниетану


 Арыстан Ақерке Әлімбайқызы
  Ақмола обл, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы Ә .Ы. Досов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : Оқушылырдың ауаның қасиеті және оның маңызы туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық :  Оқушылар ауаның қасиетін естеріне түсіре отырып ойлау қабілетін дамыту.

3.  Тәрбиелік: Оқушыларды отанды сүюге оны қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,  тәжірибе, зерттеу.
Пәнаралық байланыс: Күнделікті өмірмен байланыс.
Көрнекілігі: Глобус,  стакан, топырақ, су, доп, салафан.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, көңіл-күйлерін сұрау және сәттілік тілеу.

Психологиялық икем. (Топпен жұмыс)

Соғылды күткен қоңырау.

Сабағымыз басталды.

Дүниетану пәнінен

Аламыз білім сапалы.

Дүниетануды білеміз

Сондықтанда сүйеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Карточка нөмірлер таратылып, үй тапсырмасын сұраймын.

1, 2, 3 – нөмірдегі оқушыларды оқыту.

4. Зертханалық жұмыс деген не?

5. Бақылау дегеніміз не?

6. Табиғат құбылыстарын ата.

7. Табиғи апаттарға нелер жатады?

8. Жасанды денелерге нелер жатады?

9. Табиғи денелер дегеніміз не?

10. Қатты, сұйық және газ тәрізді денелерді ата.

11. Ауаның құрамында нелер бар?

12. Заттар дегеніміз не?

13. Заттардың қандай қасиеттері болады?

Қалған нөмірдегілер жұмбақ шешеді.

Адам, жануар,

Онсыз тіршілік ете алмас.

Онсыз желде тұра алмас.

Тіршіліктің нағыз көзін

Табыңдаршы балалар.

(Ауа)
ІІІ. Жаңа сабақ.

Ауа дегеніміз не?

Ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер?

Жаңа сабақ «Ауа» деп аталады. «Ауа» деп тақтаға жазып қоямын.

Ауа бүкіл Жер шарын қоршап және бос кеңістіктерді толтырып тұрады. Мәселен: бөлме, қорап, шкаф іштері ауаға толы.

Ауа топырақта (топырақты суға салып көрсету), суда (стаканға су құйып көпіршіктерін көрсету) және адам орнанизмінде болады. Тіпті аңдардың жүнінің, құстардың мамығының ішінде де ауа бар. Сондықтан олар суықтан тоңбайды.

Яғни балалар, адамдар да, жануарлар мен өсімдіктер де ауасыз тіршілік ете алмайды. Ал енді жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз. Өйткені ауа – мөлдір, түссіз, иіссіз болады және салқын, жылы да болады.

Жылу, салқынға тоқталсақ, алдымен Күн Жердің бетіндегі топырақты қыздырады. Соның қызуынан ауаның төменгі қабаты жылы болады. Ауа жоғары көтерілген сайын салқындай береді.

Тәжірибе: Мұны байқау үшін зертханалық жұмыс жүргіземіз.

Бізге балауыз шам мен сіріңке керек. Есікті сәл ашамыз. Балауыз шамды жағамыз. Кіреберіске шамды қоямыз. Шамның оты қалай қарай шалқығанын байқадық.

Ауа әр түрлі жылдамдықпен қозғалады. Яғни жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел дейміз. Мәселен әлсіз жел, қатты және өте қатты желдер болады. Өте қатты желді – дауыл дейді. Дауылдан басқа түрлі желдер де кездеседі. Оларды боран және торнадо дейді.
Мұндай желдер соққанда үйдің шатырын құлатып, ағаштарды сындырып, неше түрлі заттарды жоғары көтеріп, көптеген қашықтыққа дейін ұшырып әкетеді. Әсіресе теңіз бетіндегі соққан дауылдар өте қауіпті. Олар өте үлкен толқындарды көтеріп, жағадағының бәрін құлатады. Жел жылы ауа мен суық ауаның араласуына байланысты соғатын болғандықтан оның соғу бағыты да өзгеріп тұрады.

Ал түнде су қоймаларының үстіндегі ауа жылы болғандықтан, жоғары көтеріледі. Ал оның орнына құрлықтың салқын ауасы барады. Сөйтіп, жел түнде құрлықтан суға қарай соғады.

Ал күндіз жер беті суға қарағанда тез қызады. Мұндағы жылы ауа жоғары көтеріліп, су бетіндегі салқын ауа оның орнына қарай келеді. Сондықтан жел күндіз судан құрлыққа қарай соғады.

Желдің соғу бағыты өзгеріп отырады. Жел көкжиектің қай тұсынан соқса, соның атымен аталады. Мәселен «Солтүстік желі», «Батыс желі», «Оңтүстік желі» дейміз.
Дәптермен жұмыс. (тақтадағы жазуды дәптерге жазамыз)

Ескерту. Балалар әрбір тәжірибе жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Яғни үлкендердің көмегіне жүгіну керек.

IV. Сабақты қорытындылау.

1.
Желдің қандай қозғалыстарын білеміз.

2.
Жел деген не?

3.
Қандай жел түрлері болады?

4.
Желбағар деген не?

V. Үйге тапсырма.

1.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқып келу.

2.
Желбағардың суретін салып келу.

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *