Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер


Жусупова Айгерим Мухамметовна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі

Мақсаты: Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

–         тақырып бойынша түсінік беру;

–         өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

–         сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.

І. Шаттық шеңбері

1.«Келші, келші балашым» әнімен кіреді де, шеңберге түргеліп тұрады.

2. Амандасады

3. Балалар, ән сендерге ұнады ма? Әнде қандай жылы сөздер айтылған?

(айым, күнім, айналайын, қуанышым, жалғызым, әкесінің көзі, әжесінің сөзі)

Сендердің ата-аналарын сендерді қандай жылы сөзбен айтады?

(құлыным, ботам, айналайын, күнім, жаным, жүрегім, балапаным, қошақаным, жұлдызым)

ІІ.Негізгі бөлім

1. Әңгімелесу

Балалар, сендердің барлығының ата-аналарын бар.

– Оларды жақсы көресіңдер ме?

– Ата-аналарын қандай жақсылықтар жасайды?

(шаш өреді, киімдерімізді жуады, тәтті тамақтар пісіреді, балабақшаға апарады, сурет салғанда көмектеседі, әткеншекте тербетеді, шомылдырады)

2.Әңгімелеу

(Үстелдің басына отырады)

– Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Қазір мен сендерге «Қолғанат» әңгімесін оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап, менің қойған сұрақтарыма жауап бересіңдер.

1. Әңгімені оқу

2. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап алу:

– Жанар анасына қалай көмектескісі келді?(анасын аяп, жиып қойған кірін жуды)

– Анасы Жанардың бұл ісін қалай бағалады? (Құлыным, қолғанатым деп, бетінен сүйді)

– Сендер ата-аналарыңа қандай көмек көрсете аласыңдар?

(үй жинаймын, төсек жинаймын, ыдыс жуамын, анам дүкенге бар десе, дүкенге барамын, әкемме машина жууға, жөндеуге көмектесемін, заттарын әперемін, үйді сыпырамын )

3. Ойын: «Мен шебермін»

Карточкадағы сурет бойынша сөйлем құрастыру. Мысалы, балтаның суретіне: мен әкеме ағаш жаруға көмектесемін, т.б.

4.Тыныштық сәті

Слайдтан жұлдыздарды көрсету.

Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар?

Жұлдыздар қандай? (Әдемі, жарық, жылтыр)

Ендеше көздеріңді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Қазір біз бәріміз сонау ата-бабаларымыз өмір сүрген заманға сапарға барамыз. Мұқият тыңдаңдар.

Кең дала, жайқалған жасыл ағаштар, биік-биік таулар. Таулардың арғы жағында киіз үй орналасқан. Киіз үйдің жанында әжесі отқа құрт қайнатып жатыр, шешесі самауырға шай қайнатты, әкесі  аң аулауға кетті, немересі атасына қой айдасып жатыр, қыздар далада біреулері әдемі гүлдер жинаса, екінші біреулері көбелек аулап жүр. Ал ер балалар асық ойнап жүр. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Сапар ұнады ма? Иә, ұнады.

5. Әңгіме

Ерте заманда ер балаларды  батыр болуға, ержүрек болуға, аң аулауға, киіз үйді құрауға, асық ойнауға, қамшы өруге, балық аулауға,  мал бағуға, ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген, ал қыздарды ұршық иіруге, сиыр саууға, кесте тігуге, тоқыма тоқуға, ою-өрнек оюға, ас әзірлеуге, төсек жинауға, шай құюға үйретті.

-Қазіргі заманда неге үйретеді?

(Компьютерде  ойнауға, машина жүргізуге, ыдыс жууға, үй жинауға,  )

6. Сергіту сәті

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау

Атамның алып күрегін, (күрек ұстаған …)

Ауланың қарын күредім. (қарды күреу …)

Әжеме мен құдықтан, (құдықтан су алған …)

Су әкеліп беремін. (шелекті көтеру…)

Еденді де жуамын, (еденді жуу…)

Шаң-тозаңды қуамын. (шаңды сүрту…)

7.Сұрақ-жауап

-Ұлдар қыз балалар қандай болу керек? (тәртіпті, ажарлы, ару, сыпайы, көрікті,  ақылды, әсем, әдемі, сұлу, білімді, аналарына көмектесу керек)

-Қыздар ер балалар қандай болу керек?(тәртіпті, батыр, ержүрек, батыл, қамқор, қолғанат, еңбекқор, ікелерінің көмекшісі болу керек )

ІІІ. Қорытынды

а) Смайликтерді таратып беріп, смайликтер арқылы балардың сабаққа деген көңіл-күйлерін білу.

ә) Жүректен жүрекке

Алақай-ау, алақай,

Біз кішкентай балақай!

Батыр болар ұлдармыз,

Әсем гүлдей қыздармыз.

Болсақтағы кішкентай,

Алысқа барар ұрпақпыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *