Тұңғыш Президент


Кулболдина Гүлсара Серікбайқызы
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі

Мақсаты :  Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.   Отанын,  елін, жерін  сүюге, тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.

Шаттық  шеңбері :
Арайлап  таң  атты,
Алтын  арай  таратты.
Неткен  сұлу, неткен көркем
Осы  менің  туған өлкем.

Әнұран орындалады.

Балалардың  назарын слайд суреттеріне аудару,  сұрақтар
қою,  жауап  алу.

-Мына  суретте  не  бейнеленген?     …….  карта.
–  Қай  елдің  картасы ?   ҚР-ның  картасы.
–  Біздің  еліміз  қалай  аталады?   Қазақстан  Республикасы

Отан  туралы  кім  тақпақ  айтады?

Амина:

Отан жерім, Отан-суым,
Отан  қуат нәр береді.
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Тәрбиеші: Еліміздің  астанасы қай  қала?

Әлмади:
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала,
Тұрасың  жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Ясмина:
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.

 

Тәрбиеші:Біздің ұлтымыз  қалай  аталады?  –  ұлтымыз  қазақ.
Ана  тіліміз  қай тіл? -қазақ тілі.

Інжу

Қазақ-тілі ата-  анаң
Қуат алар Отан да одан.
Дүниенін бар асылы,
Тең келмейді ешбірі оған.

Тәрбиеші:  Біздің рәміздерімізді кім айтады ?
Балалар :   ту, елтаңба,  гимн.

Айнара:
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Тірегі әке баланың,
Қазақстан  жалауы.

Томирис:
Тәуелсіздік  жолында,
Талай-талай тер төккен,
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім  Елтаңбам.

Әділхан:
Айнымайды  аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

С.Самира:

Әнұраным айбатым,
Тәуелсіздік қайратым,
Достық, бірлік, татулық,
Арманға жетті жаңғырып,
Жастар салған айбатты үн.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

Тәрбиеші  :   -Балалар, еліміздің  президенті кім?
Балалар:    Еліміздің  президенті  Нұсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.

Тәрбиеші  :1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып
Есептеледі.  Өйткені бұл күн  «Тұңғыш  президент күні».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  еліміздің тұңғыш президенті.
1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбанвты  президент етіп сайлады. Ал,  10-шы
Желтоқсаннан  бастап  президент өз қызметін  бастады.

К.Мади:
Шықты  тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті.

Жасмина:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Аяулым:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Тәрбиеші:  –  1991 жылы 16-шы желтоқсанда ҚР-сы Тәуелсіз
Мемлекет болып жарияланды.  Содан бері  23 жыл уақыт өтті. Осы  тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің егемендік алуы, дамуы , жетістіктерге қол жеткізуі  еліміздің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен  байланысты.

Ән: «Отан – Ана»

Тәрбиеші : -Н.Ә.Назарбаев  1940 жылы  6-шы шілдеде,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Оның балалақ шағы
таршылықта өтті.  Өйткені бұл кезде еліміз Ұлы отан
соғысының  зардаптарынан қиыншылықты бастан өткерген еді.  Қиыншылықтарға қарамастан  ол зерек, алғыр болды.
Мектепте үздік оқыды.. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып, қаулы етуімен :
– 1992 жылы 4-ші маусымда Мемлекеттік Рәміздер қабылданды.
– 1993 жылы 28-қаңтарда  алғашқы  Ата Заң қабылданды.
– 1994 жылы  Ядролық қаруды тоқтату  туралы келісімге қол
Қойды.  Семей  полигоны  жабылды.
– 1997 жылы  «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданып, жарияланды.
-1998 жылы  Астана қаласы  еліміздің бас қаласы астанасы
болып  жарияланды.

 

Н.Ә.Назарбаевтың  өмір жолдары,  қызметі  туралы жазылған кітаптармен таныстыру.  Кітаптар  ішіндегі суреттерді  көрсету.   Балаларға  сұрақ  қою:
–  Балалар,  еіліміздің  тұңғыш  президенті  кім ?
–  1-ші  желтоқсан еліміз үшін қандай  күн?
Балалардың  жауабы  тыңдалады.
Тәрбиеші :  Міне  балалар , еліміздің  тұңғыш президенті
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев елімізді  дамытуда талай
батыл  қадамдарға  барып, халқына арнап  үндеулер, жолдаулар  жолдап,  еліміз үшін  аянбай еңбек етіп келе
жатқан азамат.  Ол  еліміздің  тұңғыш  президенті.

Ән: «Ортақ  мекен  жер шары»

Жүректен- жүрекке
Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз, данамыз.
Ойынменен өседі,
Ойымызбен санамыз.
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *