Қош бол, балабақшам!

Братаева Жанар Ғазизқызы
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі

Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы тұрмыз.

Шақырайық түлектерді ортаға,

Айтылатын жақсы тілек қаншама.

Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп,

Өнерлерін көрсетсінші баршаға –  деп, сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.

(Балалар қолдарына гүл ұстап, би билеп кіреді)

Би: « Қоштасу вальсі»

 

Жүргізуші:

Балабақша үйіміз,

Онда жақсы күйіміз.

Тоты құстай түрленіп,

Ән саламыз жиі біз.

Ән: «Балалық»

(Балалар орындарына отырады)

Жүргізуші: Біздің балаларымыз осыменен бала бақшамен қоштасқалы тұр, ал біз оларды қимаймыз. Иә, бірнеше жыл бойы олар  өздерінің жақсы қылықтарымен, әдеттерімен, мінездерімен біздің жүрегімізде ерекше орын алды.

(Слайдпен әр баланың фотосын көрсете отырып, әңгімелеу)

1.Сұңғақ бойлы, биязы мінез Зере.

2.Әділ топтың сабырлы да ұяны. Әр нәрсенің мәні бар,  спортшы Алиханның өз орны бар. 3.Білімді де жан-жақты Айлана.

4.Салмақты да, қайсар жігіт Дидар.

5. Қазақ қызы нәзік болсын Фаризадай.

6.Бота көзді, нәзік жанды Нарминадай.

7.Инабатты, тәрбиелі Аяулым.

8.Сыланған ерке қыз Мерей .

9.Қамқоршы да сүйкімді жан Әмір.

10.Алғыр да  қайсар Расул.

11.Өзі сері жолдасы көп бала Сәмір.

12.Жігерлі де алғыр Рамазан

13.Назар қойып тындайтын, болсын бала Әлидей.

 

(Көңілді әуенмен қолында су құйғышы бар Дымбілмес келеді)

Дымбілмес:

Ой, мен қайда келіп қалдым.

Балалар:

Сәлеметсіз бе? Сіз бала бақшаға келіп тұрсыз.

Дымбілмес:

Бау бақшаға? Кәне бау бақша? Иә, иә енді түсіндім. Мен білсем сендер, бау бақшадағы өсіп тұрған әдемі гүлсіңдер ғой иә?

Бәсе, бәсе бәрі шетінен әдемі екен, бос тұрғанша  бау бақшаны суарайын  (су құйғышпен гүлдерге су шашпақшы болады)

Балалар:

Тоқтаңыз, тоқтаңыз. Сіз түсінбедіңіз. Бұл бау бақша емес.

Бұл ба-ла-бақ-ша!

Балалар:

Мұнда балаларды тәрбиелейді, өсіреді, баптайды, үйретеді!

 

Дымбілмес:

Өсіреді, баптайды? Онда сендер неге өспей қалғансыңдар? Білдім, білдім сендерді суару керек, бойларың да өспей қалыпты. Кішкентай ғана әдемі гүлдерім-ау, сендерді қоректендіру керек қой, сендерге көп су ішу керек.

Жүргізуші:

Балалар, бізге Дымбілмес келіп қалыпты. Ол ештене білмейді екен. Оны өзімізбен бірге мектепке алып барайық.

Дымбілмес:

Мектепке? Онда не береді? Бармаймын мектепке.

Балалар:

Дымбілмес мектепте жазуды, оқуды үйренесің.

Дымбілмес:

Мен бәрін білемін. Мектептің маған қажеті жоқ.

Балалар:

Олай болса, қане, қандай сандардың қосындысы сегіз болады, айта қойшы?

Дымбілмес:

(мақтанып) Беске бес сегіз болады

Жүргізуші:

Жоқ, дұрыс емес. Дұрыс жауабын балалардан сұрайық.

Дымбілмес:

Міне керемет! Қандай ақылдысыңдар. Әрине, әрине. Білім ешқашанда артық болмайтынын түсініп отырмын.

Дымбілмес:

Көп рахмет сендерге, оқудың өте қажет екенін енді түсіндім. Балалар, қалай қарайсыңдар, мен де мектепке барсам бола ма?

Балалар:

Иә!

Дымбілмес:

Жарайсыңдар балалар! Енді бір сергіп, ойнап  алайық. Мен өзімнің досымды шақырайын, мүмкін ол да ойнағысы келетін шығар.

(Дымбілмес ханшайымды алып келеді)

Ойын: «Егер саған ұнаса, былай жаса…»

Ханшайым: Маған ойнаған ұнамайды, мен мектепке барғым келеді.

Дымбілмес: ой, ханшайым, өзіннің басынды қатырып нең бар? Осылай мен сияқты ойнап, күліп жүре бермейсің бе? Ойнамасаң, ойнама. Мен басқа балалармен ойнап, көңіл көтерейін. Сау болыңдар.

(Дымбілмес кетеді)

Жүргізуші: Ханшайым сен қайдан келдің?

Ханшайым: Ертегілер елінен

Жүргізуші: Ханшайым, сенің ойнағын келмес, онда балалардың өлеңдерін тыңда.

Балалардың тақпақтары:

Айлана:

Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық та болмас арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.

Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіннен алып барамыз.

Дидар:

Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді,

Ертіп енді келмеймін.

Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық.

 

Мерей:

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Гүлге  толы жан-жағым,

Асыр салып жүгірдім.

Өтті талап талғамым,

Көп нәрсені ұғындым.

Аяулым:

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бала бақшамен,

Біріншіге барамыз.

Рамазан:

Біздер жеті жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол, әсем бақшамыз!

Қош балалар бақшасы,

Естен кетпес есімің.

Қош балалар бақшасы,

Алғаш ашқан есігім.

Амир:

Мектепке енді барамыз,

Үлгілі бала боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Көк жүзінде самғаймыз,

Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғаймыз.

Күллі әлемді шарлаймыз,

Ғарышқа да самғаймыз.

 

 

(Күтушілермен патша шығады)
Патша: Ой, ой, ой не істесем екен? (барлық патшалықты аяғынан тұрғызды)
Күтушілер: Отырыңыз патшам, демалыңыз.
Патша: Оқығысы келеді оның. Жоқ дедім! Демек жоқ! Оқу – бұл патшалықтың ісі емес! Ешкім де тыңдата алмады. Аққу, қаздарды шақырдым. Бәрі ештеңе істей алмады.  Мектепке жібермеймін! Осыны біл! Мектепте жақсы, онда бестік алады дейді ғой.

(Ханшайым жылайды)
Патша:
– Жарайды, біз саған қанша бестік керек сонша әкеліп берейік. Күтуші аналар әкеліңдер бестікті
(күтуші аналар 2лік әкеледі)
Ханшайым: Сіздер не әкелдіңіздер! Бұл деген екілік емес пе? Жылайды
Патша:
Ой, біз әбден құрыдық.
Жүргізуші:
Қапаланбаңыз патшам! Біз сізге көмектесеміз. Бізде «5-ті қағып ал деген» өте қызық ойын бар! Қазір біздің балалардың бесті қалай қағып алғанын қараңыз.

Ойын: «5-ті қағып ал»
(Ханшайым қағып алады, қуанады.)
Ханшайым: Ура! Мектепке барғым келеді!
Патша: Мектепке барып не істейсің?
Ханшайым: Мен ештеме істей білмеймін онда мені билеуге үйретеді.
Жүргізуші: Ханшайым қараңыз біздің балалар қалай билейді.
Би: «Папури»
Патша: Айналайын сен осыны да білмеймісің? Сен бұдан да күшті билейсің. Біз қазір саған музыка ойнаймыз сен билейсің. Күтуші аналар музыкалық аспапты әкеліңдер.
(Патша, күтуші аналар музыка ойнайды. Ханшайым билей алмайды жылайды)
Ханшайым: Әне сендер дұрыс ойнай алмайсыңдар, сондықтан мен келістіріп билей алмадым.
Патша: Міне қызық, бізді ешкім үйреткен жоқ сосын білмейміз.
Жүргізуші: Біздің балалар әртүрлі музыкалық аспаптармен ойнай алады. Қане балалар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Оркестр
Патша: Ой! Қандай тамаша! Жаны елжіреп әндетеді.
(Ханшайым жылайды)
Патша: Бұл не деген жылау. Әкесіне бір минут та тынығу жоқ.
Ханшайым: Мектепте мені өлең айтуға да үйретер еді.
Жүргізуші: Ханшайым сен ән айтқанды жақсы көресің бе, ендеше тыңда.
Ән: « Ойыншықтар»
Патша: Қызым, тәттім, біз саған ән үйрететін мұғалімнің ең жақсысын табамыз.
Ханшайым: Мен ән сабағын жалғыз емес балалармен бірге оқығым келеді. Жалғыз болғаннан жалықтым қызық емес.
Күтуші аналар: Балмұздақ жегің келіп тұр ма?
– Жоқ.
– Әлде тоқаш жейсің бе?
– Жоқ.
– Марс немесе сникерс?
– Жегім келмейді.
Патша: Құлпынайым менің, жемісім. Әр түрлі қонақтарды шақырайын сенің көңіліңді көтерсін. Күтуші аналар қонақтарды шақырыңдар.
Күтуші аналар: тыңдап тұрмыз, патшам.
(Қонақтар келеді)
Ағылшынша ән.
Патша: Ой, қандай тамаша!
Ханшайым: Мен бұлай айта алмаймын, бұл ән тіпті қиын.
Жүргізуші: Ханшайымды қорықпаңыз. Мектепте бәрін үйретеді. Тапсырмаларды орындау тіпті қиын емес. Аздап ойлансаң жауабы дайын.
Тапсырмалар:

4 баланың неше құлағы бар?
5 әтеште неше құйрық бар?
Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы атқанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?
Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр. Неше мысық тығылған?
Ханшайым: Ура! Мен таптым мектепке барғым келеді.
Патша: Баяғы әдеті. Сен білесің бе мектепке ерте тұру керек. Таңғы асыңды тез ішу керек. Өлең, тақпақтар жаттау керек.
Ханшайым: Менің қолымнан ештеме келмейді.
Патша: Сенің көңіліңді қалай тапсам екен?

Жүргізуші:

-Патша, мен сізге көмектесейін. Ханшайымның көңілін табу үшін, балаларды шақырайын. Олардың өнерлері өте көп.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгін келген қонақтарға,

Өнерді сыйға тартамыз.

Балалардың тақпақтары:

Алихан:

Біз балауса баламыз,

Жетіліп ой-санамыз.

Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап,

Сағынармыз әлі-ақ біз.

Самир:

Бүгін жақсы киініп,

Салтанатқа жиналып.

Бақшаменен қоштасар,

Әліппемен достасар.

Келіп жетті сәтті күн,

Дайын қалам, қағазым

Мектепке енді барамын.

Али:

Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Үйреттіңіз санды да,

Келер деп әлі алдына.

Келешегімізді ойлап біздердің,

Үйретпегеніңіз қалды ма?!

Фариза:

Өзіңнен көп дос таптым,

Бауыр баса бастаппын.

Тәрбиешілермен мейірбан,

Келмей тұр енді қоштасқым.

Төсегің ыстық демалған,

Үстелімді еске кем алман.

Бөлме жылы, қолайлы,

Құшағына мені алған.

Нармина:

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Қоңыраудың шақырған.

Тәтті әуені, ән думан

Білім алған бақшадан.

Біз көңілді балдырған,

Шақырады мектепке.

Білім алған бақшадан,

Сыңғырлаған қоңырау!

Зере:

Қағазға сурет салдырып,

Қарайсыз көзді талдырып.

Жақсы ісімізді мақтайсыз,

Ата-ананы таң  қалдырып.

Көрсетіп әр кез әр қылық,

Жай жүрмей аунап, қарғыдық.

Еркелігімізді көтерген,

Ұмытпаймыз сізді мәңгілік!

 

Тәрбиеші: Біздің балалар тек қана тақпақтар айтып қоймай, білімдері де жеткілікті.

Қазір балалар сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

1.Мектепке біз барамыз ба?

2.Кілең 5-тік аламыз ба?

3.Айтқан тілді аламыз ба?

4.Ақылды бала боламыз ба?

5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.2 алғанда жылаймыз ба?

10.Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші: Енді ата-аналарды тексерйік. Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып,еспке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?

4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?

8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.Бала үшін асулардан асасыз ба?

 

Жүргізуші: Көрдіңіз бе патшам, біздің ата-аналар өз балалары үшін кез-келген қиындықтардан өтуге дайын. Оларға ата-әжелерінің де көмегі тиеді.

Ән: «Әже, жүрші мектепке»

Патша: Иә, сендер мені сендірдіңдер. Мектептің берері көп екенін түсініп отырмын. Жүр қызым, мен сені мектепке дайындайын. Рахмет сендерге, балалар. Сау болыңдар!

Ханшайым: Ура, мен мектепке баратын болдым. Рахмет балалар! Сау болыңда

(патша мен ханшайым кетеді.

 

 

 

Жүргізуші:

Келді міне, қоштасатын сәтіміз,

Балабақшаның біз сәніміз.

Қимай саған қараймыз,

Нұр бейнеңді ұмытпай, – дей отырып, қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз сүйікті апайларға ризашылығын білдіреді.

Расул:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Бала жаны бағбаны,

Риза ата-анада.

Көп әйгілі атағы,

Ұмытпаймыз апайды.

Шолпан Ермекқызына,

Айтамыз біз мың алғыс!

Амир:

Әдіскер Гүлназира апайға,

Алғыс айтып жүреміз.

Қабыл алып гүлімізді,

Әдемі болып жүріңіз!

Айлана:

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсам қуанып,

Қате болса кешірген.

Бақытгүл,  Гүлсара апайларға,

Айтамыз біз мың алғыс!

Аяулым:

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай,

Күнде болған әбігер,

Қамқоршымыз дәрігер.

Лариса Валеровнаға мың алғыс!

Самир:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып психолог апаймен,

Біріншіге барамыз.

Валерия  Викторовнаға мың алғыс!

Зере:

Ши, ши, ши еткен,

Тілімізді үйретіп

Ойымызды  жеткізген.

Антонина Александровна  сізге де

Білдіреміз мың алғыс!

Мерей:

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған билерді.

Үйреткен Татьяна апайға

Қарыздармыз бәріміз.

Дидар:

Жаттығуларды бұлжытпай,

Орындауға тырыстық.

Қорықпайтын сырқаттан,

Шымыр болып шынықтық.

Дина апайға

Білдіреміз ниет біз!

Али:

Жарқырап есік, терезе,

Сүртіліп шкаф, кебеже.

Тұратыны қашан да

Бұлжымайтын ереже.

Еденді күнде жуатын

Жолатпай шаңды қуатын.

Көмекші Ұлжалғас апайға мың алғыс!

Фариза:

Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан.

Марал апайға мың алғыс!

Рамазан:

Біздің «Ертөстік» бақшада

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы

Ақкөңіл жақсы апайлар.

Әр күніміз – тойдуман,

Асқа бізді тойдырған.

Аспазшы Марина, Наташа апайларға мың алғыс!

Алихан:

Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,

Светлана апайға мың алғыс!

Расул:

Үйренгенбіз өнерге,

Шетімізден шеберміз.

Ән салдыртып үйреткен,

Ольга Николаевна сізге де,

Айтамыз біз мың алғыс!

Нармина:

Орыс тілін үйреткен,

Ойымызды есейткен.

Үйреткен білімге біздерді

Айтжамал апайға мың алғыс!

 

Жүргізуші:

Өтті  қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Барасындар мектепке,

Бір белестен өтіндер.

Өсті ақыл ойларын,

Өсті міне бойларын.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың, – дей отыра, «Қоштасу» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Қоштасу»

Марапаттау, құттықтау  рәсімі

Балабақша меңгерушісі Каленова Шолпан Ермекқызына сөз беріледі.

Келесі сөз кезегін ата-аналарға беріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published.