Келді жомарт Алтын күз!


Хұндызбай Гүлсін
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға  мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Залдың  іші  күз  мерекесіне сай безендірілген. Әдемі сазды  әуен ойналып  тұрады, балалар музыка әуенімен билеп кіріп орындықтарға жайғасып отырады.

Жүргізуші:

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар , халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге  қарсы  алайық!

Сәлеметсізде ме,құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Келді жомарт алтын күз» атты мерекелік іс-әрекетімізді бастаймыз.

Жүргізуші:

Балалар мінеки күз мезгіліде келіп жетті.

-Балалар неше жыл мезгілі бар?

-Қазір қандай жыл мезгілі?
– Күзде ауа райы қалай құбылады?
– Күз мезгілінде неше ай бар?
Тақпақтар:

1.Нұрдәулет

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

2.Ильяс

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алауан жапырақ

Күзгі бақта  күлімдеп,

Көз тартады атырап.

3.Диана

Алақай! Алақай!

Бүгін мейрам, бүгін той

Алтын күзге арнап

Ән айтайық  отырмай
Осы кезде ішке Саңырауқұлақ  кіреді.

Саңырауқұлақ : Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма? Мен сендерді мейрамдарыңмен құттықтауға  келдім. Мен ормандағы  ең  үлкен  саңырауқұлақпын мен бәрін-бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердің не ойлап  отырғандарынды  білемін. Сендер ән айтқыларың келіп отырсыңдар, солай ма?

Балалар : Иә

Жүргізуші: олай  болса  балалардың  «Бұл алтын күз» әнін  тамашалайық.

Бағбаншы  кіреді.

Жүргізуші : Сен кімсің? Қайдан келдің?

Бағбаншы: Мен орманшымын.

Орманнан мен  келемін

Балаларды мейраммен құттықтауға.

Ал  сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы  қайда?

Жүргізуші: Біз сізбен  келеді  деп  ойладық.

Бағбаншы: Мен күз  ханшайымын  көрген  жокпын, ол орманда  адасып  қалған шығар.

Саңырауқұлақ : Келіп  қалатын шығар тосайық.

Жүргізуші : Иа Күз ханшайымын тосайық келіп қалар. Біздің балалар күз  туралы өлең,тақпақтар  біледі. Сіздер  отырып, балалардың  өнерін тамашалаңыздар.

Тақпақтар:

4.Нұржан

Күз  мезгілі тамаша!

Көз  тоймайды  қараса

Аяқ  асты  сап-сары

Төселгендей  алаша.

5.Әділет

Жайдарлы  күз, жомарт күз

Аяулы  күз,  алтын  күз,

Дәнге  толы  кең  далам

Дариядай  шалқып  жүр.

6.Әселім

Мерейлі күз, мырза  күз,

Сыйлығыңа  ризамыз

Көк  аспанның  мөлдіреп

Алтын  күзім елжіреп,

Асыр  салып  жүре  бер

Сары  көйлегің  желбіреп.

Бағбаншы  ойын  ойнатады:

Ойын: «Қарбыз жинау»

Әуен ойналады: Жел мен жаңбырдың  дауысы естіледі .

Музыка  әуенімен  Күз бен  жел кіреді.

Күз: Маған  көмектесіңдер, көмектесіңдер.

Әуен: Сиқырлы

Жел: Алақай мақалай,ақалай мақалай  күзді  ұйықтатып тастайын. Қара  бұлтымен күзді  жауып  тастайды.

Саңырауқұлақ пен Бағбаншы желді  артынан  қуады.

Жүргізуші: Жел сен неге күзді сиқырлып тастадын. Күз бізге  керек оны  балалар  тосып отыр.

Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады, мен барлығын ұшырып  жіберемін.

Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты  емессің.

Жел: Жоқ мен мықтымын.

Саңырауқұлақ: Ондай болса мықтылығыңды  көрейік, балалармен ойын  ойнайық. Біз  женсек сен бізге күзді қайтарасын.

Ойын: «Жемістерді  жинау»

Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты,епті,жылдам.

«Күз  ханшайымы»  оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары  алтынға  малынған

Алтын деген  мен болам.

Ән: «Күз  тамаша»

Тақпақтар:

7.Ерәли

Көктемде  егін  егетін,

Күзде  жиып  беретін

Біздің дала, бай дала

Алтын  астық  айнала.

8. Айзере

Думан толы  асқарлы

Күз  мезгілі басталды

Күз  әуені кеп  жетті

Әнге  бөлеп  жастарды

9.Арман

Әуенге  еріп  сиқырлы

Айтылды ән  боп сыр қилы

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.

Би:  «Көңілді күз»

Күз ханшайымы: Мен ойын  ойнағым келеді, бірақ ата-аналармен .

Ойын: «Кім жылдам»

Ойынның  шарты: Екі ата- ана ортаға шығып, мына тұрған 3 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Тақпақтар:

10.Даир

Алақай, алақай

Шаттанды  балақай

Береке-салты  күз

Мереке  алтын күз

11.Даниал

Сап-сары  маңай

Сап-сары  тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс  кетті қайтып.

Ән:  «Күзгі әуен»

Жүргізуші  сөзі:

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Келді жомарт алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *