Шынығады білмеген, тынағады білмейді


Мейрамбек Тлеужан
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны дене  шынықтыру нұсқаушысы

Мақсаты:   Балаларды дене шынықтырумен айналысуға үйрету,  спортқа деген   қызығушылығын арттыру. Дене бітімімдерінің  дұрыс қалыптасуына,    денсаулықтарының мықты болуына,   дене тазалығын сақтай білуге   және жақсы мен жаман әдеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  доптар  секіртпе доптар

Техникалық құрал-жабдықтар: Үнтаспа,

Барысы:

Жүргізуші:    Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Босқа қарап қалмаңыздар

Көргендерде арманда

Көрмегендерде арманда

Қызықтан тыс қалмаңдар

Бір аптада туғандай

Бір ұядан ұшқандай

Бір аспанның астында

Береке бірлік болсын деп

Біз тілейік бәріңе

Күшейтейік достықты

Той- тойлайық тамаша

Құрметті, балғын бөбек,  балалар!

Армысыздар, қымбатты балабақша ұстаздары!

Бүгінгі біздің денсаулық фестивальна байланысты

«Шыныға білмеген, тыныға да  білмейді» атты  эстафеталық жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

(Балалар қатармен сап түзеп келеді. Қонақтарға қарап барлығы сәлемдеседі).

Балалар,  қазір біз  алдымен жан-жақты дамыту жаттығуларын жасап денемізді шынықтырып алайық.

Балалар:           Біз бақытты баламыз

Шыныға да аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шам шырақ боп жанамыз

(Қолдарына  жалаушалар алып, әуен ырғағымен жаттығу жасайды)

Жүргізуші:    -Шынықтырар баланы

Су мен ауа, күн дейді

«Шыныға білмеген,

Тыныға да білмейді»

Бақшада бүгін басталған

Дайын болған жарысқа

Біріңнен -бірің қалыспа

Көніл қойып қараңыз

Жалындап тұрған баламыз

Жарыссын қане үш топ

Бір тынығып аламыз                (Үш  топ ортаға шығады)

Үш топтың таныстыру сәті:

Жүргізуші:  Гүл көңілдер қуаныштан өрілді

Жанарлардан үміт нұры төгілді

-Ал, жарысатын сайыскерлер қанекей

-Таныстыратын сәті келді өзіңді

І топ «Күштілер»

Ұраны: Күндей болып күлеміз

Шуақ шашып жүреміз

Денемізді шынықтырып

Ұзақ өмір сүреміз

ІІ топ «Мықтылар»

Ұраны:       Қырандай самғаймыз

Жарыстан қалмаймыз

3топ  «Жүйріктер» тобы

Балдырғанбыз, балдаймыз

Күшімізді шыңдаймыз.

Жүргізуші:  Ал келіңдер, келіңдер

Жарысқа қатысып көріңдер

Бір -біріңе еріңдер

Ойынға қатысып көріңдер.

-Ендеше, сайысымыздың тапсырмалары бойынша жұмысымызды бастайық!

1-тапсырма:  Кедергілер арасымен тез,  әрі шапшаң жүріп өту.

Екі доп қолдарында кеглилер арасынан жүгіріп өту.

Жүргізуші:  Бір, екі, үш.   Бойға жинап күш

Жарысайық, бой жазайық.    Кел сайысқа түс

2-тапсырма: Допты аяқтарының ортасына салып секіріп жүгіру.

– Ендеше, алға!

3-тапсырма:

Құрсаулармен жарыс

4- тапсырма

Допты жоғарыдан беру және  аяқ астынан жиберу.

Жүргізуші:

Ойна, ойна, ойналық

Ойынға еш тоймалық

Ойын, ойнап шынығып

Қызығына тоймалық

Қимылды ойын:  Тақырыбы: «Жылан»

Мақсаты: Кеңістікте бойларын бір қалыпта ұстай білу және қиындықты жеңе білуге үйрету

Шарты: Екі топқа бөлінген балалар бір- бірінің артынан ұстап ирелендеп, кедергілер арқылы мүдірмей жүріп өту керек.

Қорытынды бөлім:   (Үш топ сап түзеп бір қатарға тұрады)

Жүргізуші:   Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл мықты

«Мықтылар» , «Күштілер» және «Жүйріктер» жарысында жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отырып, әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:  – Әділ қазылар алқасының әділ шешімі бойынша, «Мықтылар» тобы  жеңіске жетті

Барлығымыз бір- бірімізге қошемет көрсетейік (қол соғылады)

Жүргізуші :Ал, балалар бүгінгі жарыста барлықтарын өздеріңнің епті, мықты, шапшаң екендіктеріңді көрсете білдіңдер, осылай спортпен шұғылдансаңдар үлкен азаматша болып өсесіңдер. Сендерге көп рахмет!

Осымен бүгінгі «Денсаулық фестиваліне» арналған эстафеталық жарысымыз аяқталды. Сау- саламат болыңдар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *