«Арайлы алтын күз» ертеңгілігі


 Ермекова Жанбота Талгатовна
  «Балдырған» бөбектер бақшасы» МҚКК тәрбиешісі

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді.

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша – «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ертеңгілігімізді  бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін Май селолық округі аппаратының әкімі  Байгалиев  Нұрлыбек Бейсенұлы және «Балдырған» бөбектер бақшасының меңгерушісінің міндетін атқарушы Ербол Құралай Ерболқызына берсек.

Жүргізуші:2017 жылдың 26 қазанда өткізілген«Арайлы алтын күз» жәрмеңкесіне қатысқан тәрбиеленушілерді марапаттауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

Балалар күз мезгілінде деп жауап береді.

Жүргізуші: Кездескен соң күзбенен,
Бұтағынан үзілген!
Ай жапырақ, сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуантып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
«Алтын күз» әні бүлдіршіндеріміздің орыңдауыңда ,қабыл алыңыздар!

Балалар отырады.
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Жүргізуші: Қане балалар қол соғып «Алтын күзді» қарсы алайық! /әннің ырғағымен /осы кезде ішке сары киім киген түрлі – түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз ханшасы: – Сәлеметсіздер ме қонақтар!
– Сәлеметсіздер ме балалар!
– Бүгін қандай әдемісіңдер?
Жүргізуші: Жиын – теріп болатын.
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Күз ханшасы: Өте дұрыс айтасыңдар мен күзбін.
Сәл нәрсеге ренжіп, қабағымды түйіп қаламын кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды төгіп – төгіп жіберемін. Әйтседе менің жомарттығым мен ақ көңілділігім үшін мені барлығы да ұнатады.
Жүргізуші: Иә біз сізді байлық пен молшылықтың белгісі «Алтын күз» деп білеміз. Төрлетіңіз! /Күз ханшасы төрге шығады
Көбейді құт – береке
Астық толы қойнымыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Күз ханшасы біздің балалар шетінен өнерлі балалар, осы өнерлі балалардың өнерлерін тамашалап жүріңіз. Сізге арнап балалар өз жыр шумақтарын айтып береді.
Тақпақтар

1 – бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,                       Елжан
Жабырқайды жапырақ.

2 – бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.                         Сымбат
Шуылдайды тал – терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 – бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,                                      Ерхан
Сары жібек көйлегін.

4 – бала: Алтын, сары, қызыл, көк…
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,                             Жігер
Көз тартады жапырақ.

 

Жүргізуші: Тамшы, тамшы, тамшылар,

Көгерді ағаш, тал шынар.

Тамшылардан өнетін,

Тамаша ханшайымдар бар шығар, – дей келе біздің кішкентай ханшайымдарымыздың «Тамшылар» биін тамашалаңыздар!

Күз ханшасы: Рахмет балалар! Сендердің өнерлеріңе риза болып отырмын.

Жүргізуші: Қане балалар бәріміз бау – бақшаға саяхатқа шығайық. Барлығың көздеріңді жұмыңдар.
Саяхатты құрамыз,
Бау – бақшаға шығамыз.
Ал бәріміз көзімізді ашамыз. Балалар мынау не?
Балалар: – Ағаш
Жүргізуші: Қане ағашпен сырласып көрелік.
– Ағаш, ағаш, тыңдайықшы
Айтшы бізге сырыңды.
Ағаш: Күн шуақта маужырап
Жатыр едім атырап,
Қыс ызғарын сезгендей.
Жабырқайды жапырақ.
Алтын – сары, қызыл – көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Бұтағымнан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Жүргізуші: Ағаш сен жабырқама, біздің балалар сенің айналаңды тазартып жапырақтарыңды жинап береді.
Ойын: «Жапырақ жинау»
Жүргізуші: Ағаш сізге арнап біздің бүлдіршіндер «Жапырақтар» биін билеп береді.
«Жапырақтар биі»

Жүргізуші: Балалар қараторғайды қараңдар. Көкөністердің қасына қоныпты, әңгімелесіп тұр ғой деймін.
Қараторғай: Әй мешкейлерім – ай, сендер жарбиып жерде жата бергенге мәзсіңдер. Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ. Барлық елде болдым. /деп мақтана түседі/
Картоп: Сол да сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеппе? Менің де тұқымым  жан – жақта өсіп жатыр. Адамдарға өзімнің дәруменіммен пайдалымын. Олар мені бірнеше тағам түріне қолданады. Сөйтіп, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым.
Жүргізуші: Картоп сен ашуланба, біздің балалар көкіністер мен жемістерге арнап жыр шумақтарын айтып береді, қабыл алыңыздар!
Тақпақтар

1. Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.               Мади
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

2. Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ               Нұрхат
Күнге қарап ұялып.

3.Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім               Сымбат

4. Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,                  Владимир
Ағайынбыз бәріміз.

5. Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,                     Кира
Сәбіздерміз жазықсыз.

6. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім            Елжан
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.

7. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша бақ .              Жігер

Күрең қызыл шіркін ай,

Менің атым құлпынай.

Қызанақ,Картоп: Рахмет балалар! Өнерлерің өрге жүзсін!
Қараторғай: Міне қызық, ал сен не дейсің, қызанақ?
Қызанақ: Менің де сендерден қай жерім кем? Біле білсеңдер менің бірнеше атым бар, томат – помидор – қызанақ. Мені адамдар тамақтарына қосып пайдаланады. Менің де адамдар үшін дәруменім мол.
Жүргізуші: Қызанақ біздің балалар сіздерге арнап «Көкөністер» биін билеп  береді қабыл алыңыздар!

Картоп: Енді қалай қараторғай, сөзіңді қайтып аласың ба? Жоқ әлде басқа көкөністерді тыңдап көресің бе?
Ал қараторғай үндемей ұшып кетеді.
Жүргізуші: Енді құстарды шығарып салайық
Көк жүзінде барады құстар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып – шалқып
Құстар ұшып барады жылы жаққа
Қыс боларын сезгендей қиқуласып.

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық,

Қол соғайық, тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі,

Шырқап әнге салайық!

Балалардың орындауында «Жау- жау жаңбыр» – әнің  қабыл алыңыздар!

Балалар орындарына отырады.

Күз ханшасы: Рахмет балалар
Уақыт өтпес тірліксіз
Бақыт келмес бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер
Қыстан аман өтіңдер.
Жеміс жидекті көп жеп дендерің сау болсын. Келесі кездескенше аман болыңыздар!
/Күз ханшасы кетіп қалады/

Жүргізуші: Күзгі бақтағы қонақтар,

Айналайын балалар.

Мерекеміз бүгінгі,

Естен кетпес күн болды.

Бақыт тілеп бәрімізге,

Сау болыңыздар, деп.

Аман- саулық тілеп,

Мерекені аяқтайық.

Осымен «Арайлы алтын күз» ертеңгілігің аяқтауға рұқсат етіңіздер. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *