«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» мерекелік іс-шара


 Шанғалиева Шұғыла Қанатқызы
 «Балдырған» бөбектер бақшасы» МҚКК тәрбиешіcі

Мақсаты: Көпті көрген дана  қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата – баба аманатына адал, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кеңін арқалаған айбынды аталар «Балдырған» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілерінің  қатысуымен  «1  қазан – Қарттар күніне» орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» атты мерекелік іс- шарамызға  қош келдіңіздер!

Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары деп біздің сіздерге арналған  мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісіне және де ауыл әкіміне берсек.

Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әжем»

Жүргізуші: Ата – әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын

Балаларымыздың сіздерге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар!

Ерхан: Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Елжан: Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Сымбат: Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

Ағзам: Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз

Нұрхат: Менің атам-дана

Айтқан тілін алам

Бата беріп өскенде,

Менде атамдай болам

Мади: Жақсы көрем атамды,

Жақсы көрем әжемді,

Ақыл сөзі мақалды

Екеуі де әдемі.

Жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші: Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: «Атасы мен немересі»

Осы көріністен шығатын қортынды: аталар мен әжелер сіздердің осындай ақыл, кеңестеріңіз өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға үлгі-өнеге және де біз үшін ауадай қажет. Әрқашан ақыл, кеңестеріңіз таусылмасын.

Ән: «Қошақаным»

Жігер: Әже деген көп шығар,

Әжедей адам жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі

Қандай әсем күлкісі.

Кәусар: Менің әжем ақ әжем

Алтын әжем күн әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Кира:Әжетай, әжетай,

Сізді жақсы көремін.

Көп ертегі тақпақтар,

Сізге айтып беремін.

Владимир:Пожилой — не значит старый

Очень мудрый — это точно

За людей таких с гитарой

Да поздравить надо срочно!

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: екі әжеміз ортаға шығып дәмді салат дайындауы керек.

Ән: Ерболат Абдуллаевичтің орындауында

Ән: «Асыл әжем» Ерболат Абдуллаевич пен тәрбиешінің орындауында

Жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін – деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді, сіздерден осы тәрбиеленушілерімізге  бата берулеріңізді сұраймыз. Балаларымыздың сіздерге арнап жасаған кішігірім сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *