Ашық сабақ “Менің сүйікті мысығым”

Қымызкенова Оруншай Бектемірқызы

Екібастұз қаласы Павлодар облысы

№7 “Ботақан” бала-бақшасының

II санатты тәрбиешісі

Білім беру салалары: Қатынас. Шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту. Жапсыру.

Мақсаты: Балалардың үй-жануарлары туралы білімдерін кеңейту , ерекшелігі, немен қоректенеді, қандай пайдасы бар, екендігі жайлы білім беру. Адам оған қандай қамқорлық жасайды? Сұрағына жауап алу. Жануарлардың дауыстарын ажырата білуге үйрету, баланың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін, ақыл-ойын дамыту. Жануарларға сүйіспеншіліктерін және оларға қамқорлық жасауға талпынысын тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: суреттер, көңілсіз-көңілді қыз, ойыншық – мысық, қуыршақ.

Сөздік жұмыс: Мысық, кішкентай, сүйкімді.

Қос тілдік компонент: Мысық-кошка, кішкентай-маленький, сүйкімді-ласковый.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

Шаттық шеңбері.

“Қуырмаш” ойынын ойнау. Бүгін, балалар, біз саяхатқа шығамыз. Немен шығамыз? Көлікпен.Қандай көлікпен шыққыларың келеді? Автобуспен

 

“Қуырмаш” ойынын ойнайды.

 

 

Автобусқа отыру қимылдарын жасайды.

 

 

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік Бірінші аялдама – жайлауға келдік.Жайлау қандай әдемі,ауасы таза,кәнеки таза ауамен демалайықшы.

Мында балалар қандай жануарлар жайылып жүр екен? Сендер оларды танисыңдар ма?

Қазір сендерге жұмбақ айтып, сендер жауабын айтындар:

1) Қабат-қабат тоны бар,

Кішкене ғана бойы бар

Ол қандай жануар?

2) Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

3) Өзі жап-жас мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар,

Тастамайды жылы үйді,

Түкті тойып шұп-шұбар.Өте тамаша,жұмбақты шешіп ,үй жануарлары атауларын есімізге түсірдік.Енді автобусқа отырайық,ары қарай жүрейік.

Екінші аялдама – жыл мезгілі.

Балалар автобус терезесінен қандай жыл мезгілін көріп тұрсыңдар, қазір жылдың қай мезгілі? Бұл аялдамада есік қағылған дыбыс естіледі.Бізге кім келіп тұр? Ол Сәуле кішкентай қыз.

Неге Сәуле жылы киініп келді?Ол неге жабырқаулы,неге мұнайып тұр.Саған не болды Сәуле? Мен кішкентай мысығымды жоғалттым.Оны аты Барсик еді.

Барсик деп біз кімді атаймыз?

Балалар, мысықты Сәуле өте жақсы көрді, мысықпен өте жақсы тұрды, мысыққа тамақ бергенде ойнайды, шақырады “кіс-кіс” деп.

Балалар, қалай Сәуле шақырады?

Балалар, біреу есіктің артында мияулайды. Не мияулайды?

Дұрыс балалар. Мысық қалай мияулайды?

Есікті ашып, Сәуле Барсикпен бірге кіреді. Бізге мысық қонаққа келді. Балалар мысықты сипаттайды.

Балалар, мысық қандай?

 

 

 

 

Мысықтар қандай болады?

 

 

Мысық қандай тағамдарды жақсы көреді?

Мысық не істейді?

 

Тәрбиеші балалардан мысық туралы тақпақ-өлеңдерін оқып беруін сұрайды.

Балалар жайлауға қызығып қарап,таза ауамен тыныстайды.

 

 

 

 

 

 

Ол үй жануары – қой (суреттерін көрсетеді)

Түйе, ол да үй жануары екен.

 

 

Мысық. Ол да үй жануары.

 

 

 

 

 

Қыс.

 

 

 

 

 

Өйткені дала суық. Ол серуенге шықты,

 

 

 

Барсик атты мысығы жоғалды.

 

Мысықты.

 

 

 

 

 

“кіс-кіс” деп.

 

Мысық.

 

“Мияу-мияу” деп.

 

 

 

 

Мысық кішкентай. Мысық көңілді, ойын-шыл, өткір, сүйкімді, қызық, пысық, ақымақ, әлсіз, нашар.

Түстері әр түрлі болады. Басынан сипау құйры-ғына қарай керек.

Сүтті, етті, тышқанды жақсы көреді.

Секіреді, жүгіреді, мияулайды.

Әдия:

Әне отыр мысық,

Өзі сондай қызық,

Қарайды ол маған,

Бір көзін қысып.

Ризабек:

Беті қолын жуады,

Тышқандарды қуады,

Тазалықты сақтайды,

Анам оны мақтайды.

Сергіту сәті:

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр,

Тышқан етін жегісі кеп,

Оның тісі қышып отыр.

Үшінші аялдама – сурет бойынша әңгіме.

Балалар, мына суретке қараңдар-шы, Сәуленің көңіл күйі қандай болды?

Барсик келгенде қандай көңіл-күйі болды?

 

Балалар, сендерге Сәуле мен мысық ұнады ма?

Мен сендерге қазір Сәуле мен мысық туралы әңгіме айтамын. Сендер мұқият тыңдаңдар.

Сәуле серуеннен көңілсіз келді, өйткені ол мысығын Барсикті жоғалтып алды. Өте қатты қайғырды, ойлады ол – кішкентай, ақымақ, енді қалай тауып аламын. Ойланып, ойланып айнала “кіс-кіс” деп іздеді. Біреу есіктің артында мияулады. Сәуле есікті ашып, Барсик келді деп қуанышты мәз болды, мысықпен ойнады. Сәулеге әңгіме ұнады.

Сәуле, қазір біз мысықтың суретін жабыстырып береміз.

Коллективтік жапсыру: “Мысық”

Сен балалардың жұмысын отырып қара.

Балалар, бүгін біз не істедік? Біз қайда шықтық?

Балалар орындайды.

 

 

 

 

 

 

Барсик жоғалды, мұң-ды, уайым, қайғылы, қа-сіретті, жаман, көңілсіз.

Қуанышты, жақсы, көңілді, жайдары, мәз болды.

 

Ия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-4 бала әңгімені қайталайды.

 

 

Балалар мысықтың бейнесін жапсырады.

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

 

 

 

 

 

 

Балалар, бүгінгі сабақта біз мысықты сипаттадық, ол туралы әңгіме айттық. Мысықты әдемі-леп жабыстырдық. Түгелі Сәуле мен мысыққа ұнады. Ақылды-сыңдар. Осымен сабақ аяқталды, Сәуле мен мысық сендермен қоштасады. Рахмет, Сәуле. Балалар қуанышты сезімде болады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Қабылдай алады: Мысықтар туралы мәліметтерді мұқият тыңдап, олардың тіршілігі туралы тапсырмаларды.

Түсінеді: Әңгімелеу, тақпақтар айту.

Қолданылады: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.