Ашық оқу қызметі: «Жомарт күз»


Абдуллаева Айсулу Маратовна

Маңғыстау облысы .Жаңаөзен қаласы «№5 Сәуле балабақшасы» тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

 

Жүргізуші:                                         Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген

Жылауық бұлттары бар қанат керген

Күз келді мезгілінде арқаланып

Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық, жеміс, мақтасын- бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Жұлдыз» тобының дайындаған «Жомарт – күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән: «Күз келегенде»

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы осы күз мезгілінде айналамызда қандай өзгерістерді байқаймыз?

Балалар: Күн суытады,  жапырақтар сарғайып түседі. Күн бұлттанып, көп жаңбыр жауады.

Жүргізуші: Біз күзді неліктен алтын күз деп атаймыз?

Балалар: Жапырақтар сары болады, барлық жемістер мен көкөністер піседі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендеше алтын күз туралы тақпақтаға берейік.

1.Мариям:

Жасыл шөп қуарды

Жойды түс ажарын

Тарқатып шулады

Қалың құс базары

2.Жарасхан:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

3.Малика

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз

Мерейлі күз, мырза күз

Жүргізуші:                                          — Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып – теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде ойлайсың?

Балалардың жауабы: Дұрыс, күз мезгілі.

Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз! – ендеше күз ханшайымы біз ортаға қолшатырмен биге балаларымызды шақырамыз. Сіз тамашалап бағасын беріңіз.

Би: «Қолшатыр»

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?

 

Күз ханшайымы: Иә балалардың өнері ұнады ма?

 

Күз ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен. Ал ендеше ойын ойнайық.

Ойын: «Кім тез?» (кім тез жапырақтарды жинайды)

Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!

 

Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға береміз.

1.Бағдаулет

Листопад, листопад

Осыпаеться наш сад

Литья желтые летять

Под ногами шелестят

2.Нұржан Айзере

Дала сары киінді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық, астын тау

Дәмі аузыңнан кетпейді

Қызыл алма, шырын бал

Көктей тісің өтпейді

Піскен кезді үзіп ал

3.Таджик Айзере

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Ән: «Осень»

Жүргізушілер:     Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Тақпақтар:

1.Әбілмансұр:

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтынымз

Жиын теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

2.Несібелі

Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

О, алақай тамаша

Шашу шашты апырақ

3.Азима

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Алтын күз: Қандай ақылды балаларсыңдар!  Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

Тақпақтар:

1.Мөлдір

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

2.Айсұлу

Күзім –ау, кұзім – ау

Мінезі бұзық – ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық ау

3.Айдана

Алтын күн келді

Жарқын күз  келді

Байлығы менен

Берекелі, мерекелі,

Алтын күзбен бір би: «Жапырақтар»

Алтын күз:      Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болындар, балалар,

Келгенше жыл айналып

Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сауболып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші:Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).

Ән: «Күз»

Жүргізуші:

Жүргізуші: Алтын күздің  сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сауболыңыздар!» дей  отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *