«Атадан қалған асыл сөз» сөзмерген сайысы 


Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

№17 орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Мусайф Гүлжанат 

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:  Мақал-мәтелдер мен тұрақты

тіркестерді   меңгерту арқылы  сөз құдіретін терең түсініп, тілді

әлеуметтік қызметіне сай жұмсай білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта

алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Оқушылардың өзұлтына,

еліне деген сүйіспеншіліктерін  арттыру, ана тілінің мәртебесін

көтеруге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: тіл сайысы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қосымша суреттер

Қатысушылар:    10«А» сыныбы ,   10 «Б» сыныбы,    9 «А» сыныбы

Мұғалім : Армысыздар ұстаздар,оқушылар , қадірменді қонақтар!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-!

Тілім менің!

Тілім  үшін  мың  өліп, тірілді  елім,
Аралыммен  арыммен  қатар  қойып,
Тілді  қорғау – парызым  бүгін  менің! –дегендей, бүгін 9«А,» және 10«А»,

10 «Б» сыныптар арасында  қазақ  тілі білгірлерінің «Сөзмерген сайысын назарларыңызға ұсынамыз!

Ақталған ақ арманы, үміттері,

Қашан көрсең жүреді күліп тегі

Қаумалаған ағайын, аманбысың,

Аманбысың, сайыстың үміткері – дей отыра ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз .

1 – «Алғырлар» тобы    2 – «Білгірлер» тобы  3−Талапкер тобы

Шын жүйрік шабысымен танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады – дей келе әділғазылар алқасымен таныстырып өтейік.

 

Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен

Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,

Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – деп, сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайыс бес  кезеңнен тұрады:

1-кезең. “Жүзден жүйрік,    мыңнан тұлпар”

2-кезең.  “Мақал – сөздің  мәйегі”

3-кезең. “Өнерлі өрге жүзер”

4-кезең. “Халқын сүйген – салтын сүйер”

5-кезең. “Поэзия сәті”

Сайыста қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, көнерген сөздерден құралған тапсырмалар жасырылады.

Экранда берілген тапсырмаларға қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылып отырады.Сайыс барысында әр сұрақ  10 ұпаймен бағаланады.

1 – кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

1− топ                                       2- топ                                   3 -топ

Құлағы                                   қолын                                                    ажар

қолы                                       білегін                                                   көңіл

мақсатқа    жету                 бармағын           тістеді                     бой       тасу                                        көзі                                        тырнағын                                               қол

Көзі жету− анық білу         бармағын тістеді –өкінді      көңілі тасу− қуану, шаттану

Түк                                          мұрын                                   қарға

Шаш                                       ауыз                                       сауысқан

Өсімдік     бар                        құлақ      танадай                 бозторғай    жұмыртқалау

Гүл                                          қол                                        қарлығаш

Жүрегінің  түгі бар – батыр   Құлаққа  ұрған танадай     қой үстіне бозторғай           –   

                                                     тыныштық                            жұмыртқалау − бейбітшілік

 

Жүзік                                             олжа                                     тәуекел

Сақина                                           табыс                                   сабыр

Білезік   тілеу                                ақша     іздеу                       шындық  байлау

Сырға                                              кір                                       орамал

Сау басына сақина тілеу             Тырнақ астынан кір іздеу     тәуекелге бел байлау

−қиындық тілеу                                                    –бәле іздеу                                     − көну

 

Жіп                                               жүрек                                       жылқы

Сөз                                                көз                                           мұрт

Уәде   байлау                               ауыз    ашпау                          тай       шаппайды

Арқан                                           жүзік                                       ағаш

Сөз байлау – уәделесу     жұмған аузын ашпау  − үндемеу          мұртын балта                                                                                                               

                                                                                                 шаппайды−азаймайды

Бірінші кезең бойынша ұпайларын анықтау

2-кезең.  “Мақал – сөздің мәйегі”

аяқ

батыр

еңбек         көз

шындық    

көз−қорқақ , қол−батыр

адам

құлақ

бас         пәле

шешен       

Басқа пәле тілден

ел

күріш

сөз    сәлем

киім 

Сәлем− сөздің атасы

ақыл

тіл

ой         көтереді

піл

Піл көтермегенді  тіл  көтереді

ер

батыр

дос                намыс

қоян

Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді

Ел

Кісі

Ұйқы     сұлтан

Отан

 Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол

3-кезең. “Өнерлі өрге жүзер”

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өзана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне уызынан жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Тілдің қасиеттілігін байқау үшін үш  топтың  өнерлерін тамашалайық!

Мұнда әр топтың өнері  отыз ұпаймен бағаланады

1 – «Алғырлар» тобы   Тіл туралы диалог. (Мұқағали ізімен)

Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым, не етер едің?

Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.

Болашағы мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?

Шұбарламай тіліңді, өз онымен сөйлей біл.

Тілін білмес жандарды айтшы біздер не дейміз?

Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.

Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?

Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.

Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен?

Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла, құрметте,

Тіл- халықтың жаны мен сәні» деймін шын жүректен.

Басқа пәле тілден деп ойлайсың ба , достарым?

Аз сөйлегін, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.

Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?

Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.

2 – «Білгірлер» тобы. Күй ойнады

. 3- «Тапқырлар» тобы  «Ана тілім – мерейім»  өлеңін мәнерлеп оқыды

4-кезең. “Халқын сүйген – салтын сүйер”

1-топ: Саптыаяқ дегеніміз не?    Ерулік дегеніміз не?

2-топ: Қорамсақ дегеніміз не?    Шаршы сыйлау дегеніміз не?

3-топ: Күбі дегеніміз не?             

5-кезең. “Поэзия сәті”

………………………….көңілді,

………………………….төгілді,

………………………… құлпыртып,

…………………………өмірді.

Қорытынды сөз : Ұлы ғұлама Пифагор: «Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін, дінін үйрен» — деген екен,. Біздің тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілді құрметтеу, елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады.

Ана тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз.

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем
Ана тілім –
Дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім-
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жазың, сенің әнің айтарым,
Снам сөніп,
Байланғанша тіл-жағым!

Ана тілінің мөлдір әлемін лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық, жас достар!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *