Салтым менің – алтын қазынам


Рамазанова Әсем Бірлесқызы
СҚО Петропавл қаласы «№21 орта мектеп» КММ қазақ тілі мұғалімі

Мақсаты:  Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Оқушылардың танымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Түрі: мерекелік іс-шара, сайыс.

Көрнекілігі: Интерактивтегі тақтадағы видеоролик: Бесік (әбзелдерімен), тұсау кесуге арналған құралдар

Барысы:  Күй орындалады.

1-жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар!

Бәріңіз есен-сау армысыздар!

Отан деген не?

Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

Ол-Қазақстан Республикасы.

2-жүргізуші: Отан деген туған елің,

Отан деген туған тілің.

Мәдениетің,әдебиетің,салт-дәстүрің өлмейтұғын.

1-жүргізуші: Алтын бесік секілді,

Туып  өскен жер қымбат.

Дарқан тірлік мекенім,

Бәрінен,Отан,сен қымбат!

2-жүргізуші:Ең бірінші бақытым-халқым менің

Ал екінші бақытым –тілім менің.

Бақытым бар үшінші –Отан деген,

«Кім мықты ?»-десе біреу, «Отан»- дер ем.

Атақ та, құрмет те, жұмыста болар, егер Отаныңды сүйе білсең.

 

1-жүргізуші: «Бүгінгі салтым менің –алтын қазынам» атты сайысымызда балалар  өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жерінің, халқының салт-дәстүрін қаншалықты біліп, қастерлейтіндерін, үш тілдіктің маңыздылығын танытады.

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар!

Бәріңізде  есен-сау бармысыздар!

 

2-жүргізуші:Здравствуйте, уважаемые гости!

Мы начинаем  состязание, которое называется  «Традиция-золотое сокровище!»

 

1-жүргізуші : Туылған соң  адам бол,

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабам ардақты

Жамандыққа бармапты,

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

2-жүргізуші: Енді сайысымызды бағалайтын әділ –қазыларды таныстырайын.

 

1 кезең –    «Келіңіздер,танысайық!»

 

1-жүргізуші: Сайысымыздың 1-  кезеңі –   «Келіңіздер,танысайық!»-деп аталады. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» дегендей әр топ  өз топтарының  атымен, ұранымен, таңбасымен таныстырады.

2-жүргізуші: 1 тур  состязания называется «Будем знакомы». В этом туре  каждая команда должна представить: команду,девиз,эмблему.

1-топ:

Тобымыздың аты: «Жұлдыз»

Ұранымыз: ата салтын  сақтаймыз,

Ел үмітін ақтаймыз.

Көк аспанда жарқырап,

Жұлдыздай біз жайнаймыз.

Таңбамыз  Жұлдыз

2-топ:

Біздің тобымыз:  «Шаңырақ»

Ұранымыз: Қалдырған бізге бабамыз,

Шаңырақты биік ұстаймыз

Дәстүрді жалғастыратын

Ұрпағы боп қаламыз.

Таңбамыз: Шаңырақ

 

2 кезең – «Ата салты елімнің »

 

2-жүргізуші: Енді сайысымыздың «Ата салты елімнің » деп аталатын екінші кезеңіне көшеміз. Бұл кезеңде әр топ қазақ  халқының салт-дәстүрі туралы айтып,соны  көрсету керек.

1-жүргізуші: Следующий тур называется  «Традиции народа». В этом туре каждая  команда должна рассказать о традиции и показать ее. Приглашаем на сцену команду «Жұлдыз».

1-топ: Біз сіздерге «Бесікке салу» рәсімін көрсетеміз.

Бесік  колыбель –это священное имущество, удобное для ребенка гнездышко.

По обычаю в колыбель впервые укладывает малыша всеми почитаемая бабушка. Обряд сопровождается традиционной песней-«Бесік жыры». Когда ребенок будет уложен в постельку, бабушке полагается «бесік салар»-подарок.

Баланың шешесі : – Апа, сіз сыйлы,үлкен адамсыз.Сондықтан баланы «бесікке салу » рәсімін сізге бұйырып отырмыз.

Әже: -Қызым, құрметіңе рақмет. Баланы бесікке салмас бұрын бесіктің қажетті саймандарымен таныстырайын.Олар: түбек,төсек,жастық,жөргек,қол бау,аяқ бау, шүмек.Бесікті алдымен аластаймыз:

Алас, алас, әр пәледен қалас,

Асқар, асқар таумен кет.

Ағыны қатты сумен кет,

Ұйытқып соққан желмен кет.

Әже:- Енді баланы бесікке жатқызып,бөлейміз:

Бісміллә, балам, ұйқың тәтті болсын!

Күлкің қатты болсын!

(Әже баланы бөлеген соң, әндетіп бесікті тербетеді)

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

Әлди, әлди, әлди-ай,

Әлди, бөпем, ұйықта жай!

Баланың шешесі: – Әже, мынау баланы бесікке салған жолыңыз.

Әже: -Рақмет,қарағым!

2-жүргізуші: Ал енді 2 топ – «Шаңырақ» тобы бізге өздерінің дайындап келген дәстүрін көрсетеді.

2-топ : Біз сіздерге «Тұсау кесер » рәсімі туралы айтып, көрінісін көрсетеміз.

«Тұсау кесер» рәсімі сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр.

Арнайы дайындалатын ала жіппен тұсаудың негізінде «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын! » деген тілек бар.Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл- бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Баланың анасы: Әже, сіз, қадірлі де, үлкен адамсыз, сол «тұсау кесер » рәсімі сізге беріледі.

Әже:  Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін.

Нық басып жүр құлама,

Құласаңда жылама

Алға қарай аяңда

Ешкімнен көмек сұрама.

Баланың анасы: Мынау сіздің «тұсау кесер»

 

3-кезең «Мақалдар-сөз маржаны»

 

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Мақалдар –сөз маржаны»  деп аталады. Халқымыз «Сөз тапқанға қолқа жоқ » деп, жастарды алғыр ойға, тапқыр тілді шешендікке баулып отырған.

2-жүргізуші: Казахские пословицы и поговорки –бесценные жемчужины устного творчества.

Можно сказать, что «пословицы-душа народа ».

Пословица- это краткое,меткое и мудрое изречение, заключающее в себе поучение.Она учит, как надо жить, как относиться к окружающему, к Отечеству, к труду, содержит советов, как вести себя в различных ситуациях.

Следующее состязание называется «Пословица –жемчужина   слов».В этом туре ведущие говорят начало пословицы, а команды продолжают на казахском, русском и английском языках.

1-жүргізуші:

Ер қанаты – … ( өнер, искусство)

Көз қорқақ-…  ( батыр, герой)

Ас атасы-…  ( нан, хлеб)

Көп сөз көмір,аз сөз-…  ( алтын, золото)

2-жүргізуші:

Адал достық алтыннан да – … ( қымбат, дорог)

Отансыз адам-ормансыз – … ( бұлбұл, соловей)

Атаның өнері- балаға – … (мұра,наследие)

Жері байдың-елі – … ( бай,богатый)

( Музыкалық номер)

4 кезең – « Қазақтың ырым-тыйымдары»

 

2-жүргізуші: Халықтың ғасырлар бойы жасасып,бізге  жеткен  асыл мұраларының бірі- қазақтың ырым,тыйымдары.Олардан халқымыздың әдет-ғұрпын, наны-сенім ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім, тәрбие сіңіреміз.

1-жүргізуші: Приметы и запреты имеют древние истоки.Они возникли в результате многовекового наблюдения людей над явлениями природы,различными обстоятельствами , связанными с их жизнью.Они остерегаю людей,подростков от вредных привычек, грубости, невоспитанности, непристойности ,прививая солюдение приличий.

И так, 4 тур состязания «Знаешь ли ты казахские приметы и поверия?».В этом туре каждая команда должна рассказать за минуту несколько примет и поверии. И должны их правильно перевести на русский язык.Слово предоставляется 1  команде « Жұлдыз».

Бірінші топ:

1.Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды.

Пришедшего в дом не отпускают, пока тот не испробует угощения.

2.Қайта кіретін үйіңнің есігін қатты жаппайды.

Уходя,не хлопают дверью.Известная пословица гласит «не хлопайте дверью, в которую вам еще придется войти»

3.Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын тағады.

Голова филина, ноги и перья сохраняют от злых духов, для этого  к юрте и колыбели детей.

4. Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат»                 деген жөн.

Поев,не говори наелся, говорят: доволен тем,что  съел:

5.Түнде  тырнақ алма.

Ночью  нельзя  подстригать ногти.

6.Таңғы асты тастама.

Если ты попал на утрений завтрак, нельзя уходить не отведав трапезы.

Екінші топ:

1. Нан-дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан дастарқанға алдымен нан қойылады.

Хлеб –всему голова,поэтому в первую очередь на стол ставить хлеб. Не  отведав хлеба,нельзя выходить из дома.

2.Жолаушыны кездестіргенде, « Қайда барасың?» деп сұрамайды, «Жолың болсын!» дейді. При встрече с путником не положен спрашивать : «Куда едешь?», а следует пожелать ему счастливого пути!

3.Әйел адамдар бас киімін біреуге бермейді, «бағы ауып кетеді» деп  сенеді. Женщины избегают давать кому-нибудь свои головные уборы: иначе счастливая судьба перейдет к другим.

4.Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды.

Если соседи угощают едой, посуду пустую не возвращают       .

5.Бос бесікті тербетпе.

Пустую колыбель не качай.

6.Үлкеннің жолын кеспе.

Не переходи дорогу старшему.

5 кезең-   « Ас-адамның арқауы»

1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі –   « Ас-адамның арқауы» деп аталады.Қазақ халқы  асты өте жоғары бағалаған,әрі жоғары қастерлей білген.

« Ас-адамның арқауы»,  «Жаман ауруға жақсы ас» деген мәтелдер тегін айтылмаған. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын бәрінен де жоғары қойған.

2-жүргізуші: Данное состязание несет следующее задание:командам нужно заранее приготовленное блюдо показать и объяснить приготовление блюда.

А,теперь приглашаем команды.

1-топ : Қымыз-қазақ халқының ұлттық тағамы. Нағыз қымыз тек бие сүтінен ашытылады.Қымыздың ойдағыдай болуы үшін үш түрлі шарты бар.Біріншісі-ыдысы.Екіншісі ашыту бабы.Үшіншісі –пісу мен сапыру бабы.Қымыздың алғашқы қорын сүр қазы, жал, жая салған бие сүтіне 2-3 литр ескі қымыз қосып ашытып алады.Соңынан осы қорды үзбей, әрбір 2-3 сағатта жаңа  сауған бие сүтін құйып отыру керек.Саба түбінде әр күнгі қымыздың қоры қалып отыруы шарт.

2-топ: Дастарханның басты асы-бауырсақ.Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан сүт пен майлы сорпаға иленіп, майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей.Бауырсақ көбінесе арнаулы сыйлы қонақтарға арнап пісіріледі.

 

6 кезең –   « Аталы сөз-баталы сөз»

1-жүргізуші: сайысымыздың келесі байқауы- «Аталы сөз-баталы сөз»

деп аталады.

Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім,өнеге-

Ақ тілеуі атаның

2-жүргізуші: –   « Бата»  (словесное благословение)-ценное духовное пожелание.

Это особый вид поэтического творчество, когда проиносящий испрашивает присутствующим милости от Всевышнего. Бата не дается где угодно.Это высокооценимое понятие.Благословение произносят обыкновенно старшие по возрасту аксакалы.

Следующее состязание команд-  « Мудрые слова»

Команды должны дать благословение. Здесь учитывается выразительность чтения и правильный перевод.Даем слово командам.

1-топ:-Мен жалпы осы отырған қауымға батамды берейін:

Бастарыңа бақ берсін,                Пусть пошлет тебе счастье,

Не берсе де нақ берсін!             Пусть Кыдыр посетит тебя,

Қырда жүрген Қызырды          Пусть будет изобилие,Никакого горя,

Үйлеріңе ап келсін!                   Пусть будет дом полон детей!

Қарындары тоқ болсын,                                           Аумин!

Қайғыларың жоқ болсын,

Шүпірлеген үйіңде

Балаларың көп болсын!

Әумин!

2-топ      -Ал мен осы дастарқанға бата берейін

Дастарқаныңа  береке берсін!                    Пусть будет дастархан в изобили!

Бастарыңа мереке берсін!                              Веселья и пира вашему дому!

Астарыңа адалдық берсін!                              Да будет всем здоровья!

Бастарыңа амандық берсін!                                     Аумин!

Әумин!

1-жүргізуші: Енді,сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Уважаемые, жюри! Ребята очень хотят услышать ваше мнение. Пока жюри совещается для наших гостей звучит песня.

1-жүргізуші: Осымен  біздің –   «Салтым менің –алтын қазынам!» атты сайысымыз аяқталды.

2-жүргізуші: Спасибо участникам состязания, членам жюри и гостям!

1-жүргізуші:Назарларыңызға көп рақмет!

Сау болыңыздар!

2-жүргізуші: Спасибо за внимание!

До свидания!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *