«Отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылық мәселелер»


Мырзабеков Мәди Құмарұлы
ЖШС «ҚАЕУ колледжінің 15П-к1 «Құқықтану» тобының студенті
Жетекшісі: оқытушы Мухаметкалиева Маржангул Кабдилкабасовна

Отбасы – шағын мемлекет  десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек.

Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санын көбейтіп, қоғам байлығын еселеп артуына тигізер ыөпалы бар болғандықтанда отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке орай  түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып,бекүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жатөан кездері де аз емес. Әрине,берекесі мен бірлігі жоқ,күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердің көбі ажырасуға мәжбүр болады.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзгерістер енгізілген. Мәселен,әйелге қол жұмсалғандығын растайтын құжаттар болса,әкімшілік жаза тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі мүмкін. «Әйелдерді қорғау » орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің саны көбейе түскен. Балалар да үйінде,мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұштасып отырады.Алайда осы кезге дейін қоғамдық проблемаға зейін қойып көрген жоқ.Бала үшін ата-анасынығ үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі.

Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл мәселеге зейін қойып көрген жоқ. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық құжаттарда көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

ҚР да Конституциясы. 17 бабында «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға зорлық-зомбылық жасауға болмайды.»делінген. Ал 22 бабында «Әркімнің ар- ождан бостандық құқығы бар.» Неке және отбасы кодексінің бабында ерлі- зайыптылар бір-бірінің алдында жауапты делінген.

Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың  алдын алуға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар ратификациядан өтті осыны кең көлемде халыққа түсіндіру керек. Отбасының шырқын бұзған адамға айыппұл түбінде бүкіл отбасына салмақ түсіреді. Ал, оларды қамасаң бюджетке шығын. Сондықтан, бұзақыны қоғамдық жұмысқа тартқан дұрыс деп ойлаймын.

Зорлықтың түрлері:

– Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

– Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

– Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

– Балаларды анасына қарсы қолдану – әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады

Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып-соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.

– Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.

– Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.

Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері:

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

3. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құ¬қық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

4. Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

5. Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Мәселенің алдын алу үшін қоғамда үгіт-насихат жұмыстары жаппай жүргізілуі жөн. Сондай-ақ, әйелдеріне қысым көрсететін ер-азаматтарға жазаны күшейту керек. Осы орйда айта кетер жайт, әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырамауына сеп болатын тиісті жүйе қоғамымызда әлі жоқ екен. Әйелдердің өзін тұрсытық зорлық-зомбылықтың құрбаны етпеуі үшін үгіт-насихат жұмыстары күшейтілгені абзал. Үгіт-насихат жұмыстарын әкімдіктер мен  дағдарыс орталықтарынан бастап діни ұйымдар мен үкіметтік  емес ұйымдарға дейін жүргізгені жөн. Қазақстанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің құқығын қорғайтын мемлекеттік және тәуелсіз дағдарыс орталықтары бар.Олар заң жөнінен кеңес беріп,психологиялық көмек көрсетеді. Бірақ бұл ұйымдар жайлы көп әйел біле бермейді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. ҚР Конституциясы 30.08.1995

2. ҚР «Неке және отбасы » Кодексі 26.12.2011

3. «Отбасы және әйелдерісі жөніндегі ұлттық коиссия туралы»Қ.Р Президент жарлығы 22.12.1998

4. Патронат туралы Ереже 30.12.1999

5. Неке және отбасы құқығы практикум

6. ҚР Қылмыстық Кодексі 16.07.1997

7. ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *