Оқушыларды диологтік оқыту арқылы шығармашылыққа баулу


Зейнелхан Қралығаш

№2 Астархан орта мектебі Астархан ауданы Ақмола облысы қазақ тілі мен әдебиет   пәнінің мұғалімі 

Адамға өмірде керегі-білім.  Сол білім арқылы, қоғамда қарым-қатынас құра білу басқа адамдармен тіл табысу маңызды. Тіл-ол диолог құру арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда оқушыны сөйлете отырып, өзіндік көзқарас қалыптастыру өте маңызды. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін. Баланың ойын тыңдап, оған дұрыс бағыт, бағдар беру мұғалім тарапынан, оқушыларды өзарсында сөйлете білу, бір-бірімен қарым-қатынаста, түсінісе білуге, өзара пікір алмасуға жетелеу сонымен қатар ой мен пікірге құрмет пен қарауға баулу да маңызды.

Менің ойымша, әрі тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, жаңа сабақты  түсініп, талдай білуде-диолгтік оқытудың оқушылар үшін көмегі бар. Себебі, жаңа тақырыпты сұрақ пен бастап, оқушылардың ойларын білу мен қатар өзара пікір алмасуларына мүмкіндік беріледі. Сабақ барысында оқушыға сұрақ қою арқылы ой салып, тиімді пікірлерді жинастырып, талдауға, неге, неліктен сыни тұрғыда оқушыға тереңнен ойлануға мүмкіндік бере отырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасаймын. Кей сабақтар топтар арасындағы ашық пікірталас алаңдарына нақты айтқанда диологқа тікелей құрылады. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, өзара қарым-қатынас барысында, оқушымен оқушының еркін алаңда өз ойларын жан-жақты дәлелдеуге мол мүмкіндіктер туғызады. Бұл әсіресе тұйық мінезді оқушыларға қолайлы мүмкіндіктер беріп, сұрақ-жауап барысында сабаққа көптеп қатысуларына ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушылары бір-бірінің пікірін қайталамуға ұмтылады. Мұның өзі оқушылардың танымдық белсенділіктерінің артатынын байқатады. Кез-келген тақырыпты талқылағанда, дәлелмен сөйлеуге, орынды сұрақ қоюға үнемі бағыт-бағдар беріп отырамын.

Мұғалімнің білім берудегі тәжірибесі, оқушылардың да білімге деген көзқарастарын өзгертеді. Ахмет Байтұрсынов: «Ең жақсы мұғалім-әдіс-тәсілді көп білетін мұғалім»-деген екен тәжірибеңді түрлендіре жүріп, оқушыға тиімді тәсілдер арқылы сабақты қызықтыра өткізу, бүгінгі күннің ең маңызды талабы. [1.160]  Оқушыға өзіндік көзқарас қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, оны көшбасшы етіп тәрбиелеуде  диологтік оқытудың тиімділігі зор.

Диологтік оқытуды сабақта қолданудың тиімділігі қаншалықты маңызды? Диологтік оқыту оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Тапқырлықпен ойлап табуға көмектеседі. Бір-бірінің пікірін құрметтеуге, қарым-қатынасқа түсуге ықпал етеді. Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерінің белсенділігін жоғарлатады.

Орыс психологы Лев Выготский: «Сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты»,-деп жазған. [2.319] Оқушы сөйлеу арқылы дүниені танып, айту арқылы өзі тұжырымдауға үйренеді. Қарым-қатынас және түсіну арқылы білім толықтырады. Лев Выготский: «Екі адам өзара әңгімелескен кезде олардың арасында жаңа білім қалыптасады»,-деген. Оқушылар диологке түсу арқылы өз білетіндерімен бөліседі. Ақпараттарды алмаса отырып, өздіктерінен білім алуға ұмтылады. Зейін аударуды. Бір-бірін тыңдауды, қарым-қатынас мәдениетін сақтауды үйренеді. Дегенмен, диологтік оқытудың кемшілігі де кездеседі. Мысалға, уақыттың көп кетуі, оқушылардың айтылған бұрыс пікірін басқа оқушылар есінде сақтап қалуы т.б.

Диологтік оқыту әдісі әдебиеттік оқу пәнінен ерекше қолайлы. Себебі оқушының танымдық қабілеті мен шығармашылық әлеуетін арттыратын, ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын негізгі пән болғандықтан. Сонымен қатар, жаратылыстану, дүние тану, музыка, өзін-өзі тану т.б сабақтарында қолданудың тиімді екенін өзімнің тәжірибемнен көріп жүрмін. Оқушыға білім беруде мұғалімнің еңбегі орасан зор. Оқушыны білім әлеміне қызықтыра жетелей отырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруде мұғалім тәжірибесі мен кәсіби құзіреттілігіне тікелей қатысты. Қазіргі таңда осы міндеттерді шешуде диологтік оқыту тәсілінің тиімділіг жоғары.

Әдебиеттер

1.     Халықаралық конференция жинағы Прага 2014 жыл

2.     «Алаш тағылымы және тәуелсіздік» халықаралық ғылыми конференция жинағы Астана 2016ж

3.     Ангеловски К. Учителья и инновации книга для учителья [текст] К. Ангеловски.-М.:Просвещение, 1991,-159с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *