«Өнерлі өрге жүзер»


 Мусина Нуржамал Кабдрашидовна
 педагог, руководитель кружка «Ою-өрнек» ГККП Центр  внешкольной работы «Әулет», детский дворовый клуб «Мирас». Кружок «Ою-өрнек» при отделе образования г. Кокшетау 

Білім және ғылым саласындағы күрделі жаңғыртулар қосымша білім беру саласын да айналып өткен жоқ, балаларға арналған қосымша білім берудің маңызы да арта түскендей. Көкшетау қаласы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының бөлімшесі «Мирас» балалар аулалық клубы Станциондық кенті № 7 орта мектебінің іргесінде орналасқан біздің клубқа  жас ерекшеліктері әртүрлі балалар қатысады. 5 жастан бастап 18 жасқа дейін.Клуб мұғалімдері жас ерекшеліктеріне қарай балаларды топтарға бөліп өнерге үйретеді. Біздің негізгі мақсатымыз балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру,шығармашылық қабілетін дамыту. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету. Патриоттық тәрбие беру. «Мирас» балалар аулалық клубында жазғы уақытта 3 үйірме жұмыс істеп жатыр: «Сәндік өнері», «Ою-өрнек» үйірмесі -жетекшісі Мусина Нұржамал Қабдрашидқызы. «Сиқырлы қолдар» үйірмесі – жетекшісі Мухарская Наталья Владимировна.  Атап айтсақ қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата- анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.Соны ескере отырып,клуб мұғалімдері өздерінің бойына дарыған бар өнер қасиеттерін балалардың бойына  сіңіруді  мақсат еткен. Осы   үйірмелерде біз балалармен әртүрлі материалдардан бұйымдар жасап үйренеміз. Сонымен қатар тек қана қолөнерге ғана баулып қоймай еліміздің сан алуан мерекелеріне байланысты тәрбиеленушілермен әртүрлі  тақырыптарда көңілді ойындар,спорттық іс-шаралар өткізуді мақсат қойып келеміз. Балалар бар өнерлерін салып жасаған бұйымдары және қатысқан іс -шаралары қалалық,облыстық,республикалық және  халық аралық деңгейде жүлделі орындарға ие болуына себептер әрқашанда жиі болып тұрады.  Келешекте балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылықтарының арта түсуіне ықпал жасап, оны ары қарай дамуына зор үлес қосуға әрқашан да дайын болуды көздейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *