Открытый урок 9 класс «Қазақ – қонақжай халық»+презентация


Жанатаева Гульнар Амановна
учитель казахского языка г. Караганда КГУ СОШ №59

Сабақтың мақсаты:Өткенді қайталау,  қонақ   туралы постер жасап, қорғау, білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Оқыту формалары: жеке,  топтық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Бір-біріне сәттілік тілеу

3. Психологиялық дайындық.
Жүректен – жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау – кішілік,
Үлгілі мінез – кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен  сабағымызды бастайық.

Оқушыларды II топқа бөлу.

Музыка ойнап тұрады. «Қазақтың дастарханы»

– Балалар мәна ән не туралы айтылған?

–  Қазақтың дастарханы туралы.

– Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

– Қазақ дастарханына байланысты

–  Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Дастарқан – отбасының дарқандығы. Синонимін табу

Ал сабағымызға қандай мақсат қоямыз?

Сабағымыздың мақсаты Қазақ халқының дастарқаны қандай болады соны білу.

–         Қазақ қандай халық?

–         Қазақ қонақжай халық.

–         Қазақ келген қонағын ақ дастарханын жайып қарсы алады. Бүгін бізде келген қонақтарымызға датархан жайып қойдық.

–         Енді осы қонақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

–         Балалар, кешегі өткен сабақта Қазақ қонақ жайлы халық туралы мәтінмен жұмыс істедік. Мәтіннің мазмұнын айту.

ІІІ Жаңа сабақ.

1.      Дастарқан деген не?

2.      Презентация. Жаңа сабақ түсіндіру.

Қазақ халқы дастарқанға аса мән – маңыз  береді. Дастарқан басында бірінші  үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады.

Қазақ халқы «Дастарқанның көркісі – нан» –  дейді. Дастарқанды   әзірлегенде бірінші нан, бауырсақ қояды. Содан соң  қымыз немесе шәй беріледі. Қазақ ұлттық тағамдар қойылады.  Шәй беру  үлкен рәсімі.  Дастарқан әзірлеу де  бір үлкен өнер.

І V. Сөздікпен жұмыс: оқу,сөз тіркестерін құрастыру, сөйлемдер айту.

Ас-адам қағида – принцип

татуластыру – сплотить

мырзалық – щедрость

бағалау – оценить

қастерлеу – почитать

жөн-жосық – порядок

жомарт- щедрый

ның арқауы – еда придает силу человеку

кие – святыня, святость

V. Мәтінмен жұмыс:Мәтінді мәнерлеп оқу. 64 бет 2 тап. мәтінді оқу, мәтін бойынша топпен жұмыс сұрақ – жауап,

1- ші топ  1-ші обзац,

2-ші топ   2-ші обзацтің мазмұнын айтады.

VI. 1.Тапсырма.Тақырып бойынша, сұхбат құру.

1-ші топ.     Келген қонаққа дастарқан мәзірімен таныстыру.

2-нші топ.  Қазақ қонақжай халық.

VIІ. 2.Тапсырма. Екі топқа слайд көрсетіледі.

1-ші топ     Наурыз тойына әзірленген дастарқан туралы.

2-нші топ жалпы той-думандарда әзірленетін дастарқан жайлы сөйлемдер құрау.

 

 

VIIІ.Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы: Көмекші есімдер.

– Көмекші есімдер дегеніміз не?

– Көмекші есімдерге қандай сөздер жатады?

 

Тапсырмалар:

1.  Қазір екі топ оқушылары мына көмекші сөздермен тақырыпқа сай сөйлемдер құрайды.

1-ші топ:     үстінде, жанында, астында.

2-ші топ:     ішінде, шетінде, қасында.

 

2.  Көп нүктенің орына тиісті көмекші сөздерді қойып жазыңдар.

Атам қонақтарды қарсы үшін үйдің ……… тұр.

Қонақтар үйдің ……… кірді.

Дастарқан ……. атам бата берді.

Атамның …….. әжем қонақтарға шай құйып отыр.

 

Сабақты қорытындылау.

–   Балалар, бүгінгі тақырыбымыз  не туралы?

–   Дастарқан – отбасының дарқандығы туралы

–   Қазақ дастарқанында ас қайтарғанда не айтады?

– Онда осы батаны тыңдайық

 

Бата беретін көрініс.

 

VІ Үйге тапсырма беру.  Ситуациалық жағдай. Мысалы үйіне қонақ келді. Қонақты қалай қарсы аласың? Шақырылмаған қонақ келсе не істейсің?

VІІ Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *