«Тәрелкедегі алмалар»; «Пайдалы дәрумендер»


Кенжегалиева Эльенора Жұмаханқызы

№59 «Ақбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:                                                                                                                              Білімділігі: Балаларға кеңістікті бағдарлай  білуге түсінік беру.Балаларды жемістер түрлерімен таныстырып,аттарын атауға үйрету, Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру.

Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру; Тілдік қорлары мен танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды жұмысты ұқыпты таза жасауға тәрбиелеу.  Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.                                                                                                             Билингвалдық  компонент: жемістер-фрукты; алма-яблоко; өрік-абрикос.шие-вишня, алмұрт-груша, жүзім –виноград, шабдалы-персик, қара-өрік-слива , құлпынай-клубника, ананас-ананас.

Сөздік жұмыс:Жеміс

Қолданылатын көрнекі құралдар: Күз, жемістер суреттері ,жеміс-муляждар, үлестірмелі материалдар.

ҰОҚ  барысы:

Шаттық шеңбері

Амансың ба Күн Ана
Амансың ба Жер Ана
Амансың ба достарым
Сендерді көріп қуандым.
(Алақандарын жайып жүрек жылуын бір – біріне үрлейді)
Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған іс-әрекетімізде дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз.
Жылдың қазір қай мезгілі? – Күз мезгілі.
Күз мезгілі неше айдан тұрады? – Үш айдан.
Кәне атайықшы? – Қыркүйек, қазан, қараша.
Қазір қандай ай? – Қараша айы.
Күз мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе? – Күн салқындайды.
Адамдар жылы киімдерін киеді. Жапырақтар сарғая бастайды. Құстар жылы жаққа кетеді. Көкөністер жемістер піседі.
Күз мезгіліне арналған тақпақтар білеміз бе?
Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Балалар деніміз сау, күшіміз көп болу үшін не керек?

– Дәрумендер.
Дәрумендер қайда болады?

– Жемістерде.
Қандай жемістерді білеміз?

– Алма, алмұрт, жүзім, банан және т. б.
Жемістердің денсаулыққа пайдасы өте көп. Біз жемістерді көп жесек ауырмай үлкен болып өсеміз. Біз жемістерден жеміс шырынын аламыз. Балалар жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді екен. Егеміз, суарамыз, баптаймыз. Піскеннен кейін жинаймыз.

Еңбек туралы, мақал – мәтел білеміз бе?
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Негізгі
Сергіту сәті:
1 – 2 – 3
Біздерде бар күш,
Терезені ашамыз.
Таза ауа жұтамыз,
1 – 2 – 3
Отырамыз тып – тыныш.
Балалар сергіту жаттығуын жасайды.
Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын.
Ендеше ойын ойнайық,
Дидактикалық ойын: «Бөлігін тап»

Ойынның шарты:Балалар мен тақтаға бөлінген жемістерді орналастырдым. Осы жемістердің бөлігін табайық.
Балалар жемістердің бөліктерін табады.
Балалар тәрелкеге  нені жапсырдық?  – Алманы.

Алма қайда өседі?  – Ағашта.
Алманың дәмі қандай?  – Тәтті.
Пішіні қандай?  – Дөңгелек.
Алманың түстері қандай?  – Қызыл, сары, көк алма.
Алманы ағашта өсетіндіктен жемістерге жатқызамыз екен.

Дәрумендер – дегеніміз не?  Орысша  қалай аталады?

Дәрумен – Витамин.

Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.
Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек екен? Төрт мезгіл. Таңертең, түс, түстен соң және де жатар алды кезінде. Дұрыс.
Тәрбиеші: Қане, тақтаға суретке қараңдаршы.
– Мына суретке қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?
– Жемістер, көкөністер
– Балалар, осы жемістер, көкөністер денсаулыққа өте пайдалы. Оларда дәрумендер өте көп. Бау-бақшадағы жемістер күзде піседі, оны адамдар жинап, теріп алып дүкендерге апарады.

-Балалар осы жемістерді деніміз сау болыу үшін, ауырмай өсу үшін қалай жейміз?
– Жуып, тазалап жейміз.

– Балалар, жемістер мен көкөністер үлкен еңбекпен келеді. Оларды көктемде егіп, күтіп баптап, суарып, күзде піскенде жинап аламыз.
– Қане, олай болса, мына қораптағы жемістер мен көкністерді топтап жинайық.
– Балалар, қане, бәріміз мұқият тыңдаңдар..
Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
– Балалар, сондықтан да жеміс-жидек, көкөністерді үнемі жуып жеп жүру керек.
– Өте жақсы, балалар «Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар.                                                                                                          Жұмбақ
Түсі қызыл,
Тамсандырар бал дәмі.
Домалақ пішіні,
Қызықтырар кісіні.
Жауабы: – Алма.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Алманың түстері әр түрлі болады.
Қызыл, сары, көк алма.
Бүгінгі ұйымдастырылған іс – әрекетінде тарелкеге  алманы жапсырамыз. Біздің тәрелкеміз алдымызда дайын. Енді тәрелкемізге  не жетіспейді? Алдымыздағы дайын алмамызға желімді ұқыпты жағып тәрелкеміздің  ішіне жапсырамыз. Балалар қолымыз шаршады ма?

Қорытынды.

-Жемістердің бізге пайдасы бар ма?

-Жемістерде дәрумендер денсаулыққа пайдалы.

-Дұрыс айтасыңдар.
-Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?
-Жеміске

-Жемістер қайда өседі?

-Ағашта
-Жемістерді жумай жеуге бола ма?

-жоқ, іш ауырады
Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балаларды мақтап мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *