«Геометриялық пішіндер. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.»»


Оспанова Айгерим Ержановна
№5 «Адтын бесік» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету, кеңістікті бағдарлау қабілетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың  сөйлеу және талдау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды  сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру, үйрету, көрсету,  сұрақ – жауап, сергіту сәті қорытындылау.
Көрнекілік – құрал: пішіндер туралы видео, сурет, сандар, үлестірмелі пішіндер.
Жаңа сөз: Дымбілмес, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш – треугольник, Төрбұрыш – четерый угольник, дөңгелек –  круг.
Тәрбиешінің іс – әрекеті

– Балалар бүгін бізде ерекше күн.
– Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер:
Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы,

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Тәрбиеші:
– Бүгін біздің ұйымдастырылған
оқу іс – әрекетіміз математика деп аталады.
– Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілі неше айдан тұрады?
– Қане, күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?
– Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Өте жақсы.
– Балалар бізге бүгін қонаққа Дымбілмес келіпті.

Дымбілмес «Математика патшайымынын» тапсырмасын , жасырған жұмбақтарын таба алмай сендерге келіпті. Көмектесеміз бе?

1 – тапсырма.
Пішіндер туралы жұмбақтар.

Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

– Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді түсін айтады)
– Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
– Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.

– Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?
– Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
– Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.
– Тағы бір жұмбақты жасырайын

Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?
– Өте жақсы
– Дөңгелек неге ұқсайды?
– Өте жақсы балалар.
Ал, енді алдарындағы пішіндердің, ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.

– Өте жақсы, жарайсыңдар!

2– тапсырма: Қай пішінге не барады? Көрсет.

3 – тапсырма:Суреттер  қандай пішіндерге ұқсайды?

(Алма мен уйдің суреті.)

 

 

 

Сергітусәті:

Ал, балалар тұрайық

Қолдан шеңбер құрайық.

Түзу болып тұрайық

Бір – біріне қосқанда

Үшбұрышты құрайық.

«Ойлан тап» дидактикалық ойын.

Мақсаты: Әртүрлі пішіндерден заттар құрастыру. Қандай пішіндерден жасағанын және түстерін ажыратуға үйрету.

4- тапсырма:  Адасқан фигураларды тап?Жоқ пішіндерді қою, атын атау, түстерін ажырату.

 

5 – тапсырма: Геометриялық пішіндерді үлкен үйдің терезелеріне  қатар бойынша орналастыр.

Телефон дауысы естіледі.

–  Иә, сәлеметсізбе?

–  Бұл «Ақ бұлақ» тобы.

–  Иә, Дымбілмес бізбен бірге Қазір шұғыл түрде Дымбілместі сіздің патшалығыңызға  тапсырмалармен бірге жеткіземіз.

Балалар, бізге қоңырау шалған  «Математика патшалығы» Дымбілместі тапсырмаларымен бірге орындап жіберіңіздер дейді.

Енді Дымбілместі немен жеткізсек болады.

Ендеше балалар Дымбілместі пойызбен жеткізейік. Қанекей ендеше геометриялық фигуралардан пойыз жасап шығарып салайық.

Қимылды ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш – пыш, пыш – пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу – гу, гу – гу гуілде,
Қалып қойма Дымбілмес сен енді.

Қанекей Дымбілмеспен қоштасайық.

 

Балалармен  сұрақ – жауап:

Балалар  бүгін сабаққа кім келді? Дымбілмес

Дымбілмес қандай  патшалықтын тапсырмасын орындай алмай, бізден көмек сұрады?

«Математика патшалығынын» тапсырмасын орындай алмай бізден көмек сұрады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді біледі.

Нені игерді: Геометриялық пішіндерден заттарды жасап құрауды.

Нені біледі: Жұмбақтардың шешуін, тапсырманы орындауды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *