«Сиқырлы күз»


Бисеналиева Райгуль  Дембетовна
№5 «Адтын бесік» балабақшасының тәрбиешісі

Музыка  ойнап, әсем безендірілген залға  қолдарында жапырақтары бар         балалар   билеп  кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз,

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегі аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз – ырыс, береке, бірлік ала келді.

Армысыздар  балалар мен ата – аналар, қадірлі қонақтар!

«Сиқырлы  күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер ! Балалар, мен сендерге бір жұмбақ  жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» – Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(Ендеше, күз мезгіліне арналған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

Адия:

Сап – сары  маңай,

Сап-сары т  торғай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып,

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты  ідерді.

Дәуір:

Құс біткен керуен тізеді.

Қара бұлт қабағын түйеді

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады  атырып.

Сембай Аружан

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады

Қайтқан елдей жайлаудан.

Карина:Жемісі  мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Садыбек Аружан:Келді,міне күз

Айнала сары  түс

Керемет  тамаша

Қандай  әсем  күз

Жүргізуші:

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

(алтын күзге арналған әнімізді айтайық)

ӘН: «Күз келгенде»

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы:

Рахмет достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.                     Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.  (Жеміс)

2.                     Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық (Пияз)

3.                     Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да. (Бидай)

4.                     Сырты қатты,

Іші тәтті (Қарбыз)

5.                     Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші:

Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал мәтелдер біледі.

Балалар:

1. Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

2. Жердің сәні егін.

Ердің сәні білім.

3. Егіндікті күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар

4. Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен.

6.                     Не ексен соны орасың

7.                     Жері байдың – елі бай.

Жүргізуші:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі бүлдіршіндеріміздің  тамаша  биін тамашалайық

Би:  «Саңырауқұлақтар»

Көрініс

1 Бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады!

2 бала: Енді, енді не істейміз?! Қалай көмектесеміз?

3 бала: Сабыр сақта, саспайық. Дәрігер шақырайық!

1 бала: Жо – жоқ! Дәрігер керек емес!

Қазір өзім тұрамын тез!

4 бала. Онда дәрі ішіп ал,

Менде міне көп дәрі бар!

5 бала: Аурмау үшін суық суға шомылу керек. Бұл  – дәлеледенген рецепт!

1 бала: Ах!

Бәрі бірге: Дәрігер, Дәрігер!  («Жедел ж»рдем»  машинасының дыбысы естіледі, дәрігер келеді.)

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар, қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге:   ?  дәрігерлік көмек керек!

Дәрігер: Қазір  қарап шығайын, Неден ауырғанын ұғайын (Фонендоскопен кеудесін тыңдайды)

Дәрігер: – а-а-а-а- деп аузыңды ашшы….. (Тексереді)

Тістерің орнында

Тамағын іспеген

Қол – аяғың әлсізденген

Қызуың ыстық екен

Білдім неден ауырғаныңды…!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа

Дәрумендер жетіспеген!

1 бала: енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп – көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!…

Жүргізуші: Балалар ендеше Эфирде – «Күзгі бақша» телеарнасының, Қызанақ корреспондентінен бақшада қандай өзгерістер , қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!

–  Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ  корреспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр. Бірақ кім оларды жинап  алады , мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН: «Жемістер мен көкөністер»

Залға  4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына – өрік, қызанақ, орамжапырақ, жүзім маскаларын кигізеді. Барлық  балалар 4 командаға бөлінеді

1-                     Өрік

2-                     Қызанақ

3-                     Орамжапырақ

4-                     Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын аяқталады.

Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші:

Қызанақ, саған көп рахмет, Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше бізге келген көкөністердің  ән   шашуын тыңдап жіберейік.

Ән: Бізде бар бау-бақша

Жүргізуші:Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып  халқын күз

Дамеля:Нан атасы-бидаймын

Елге    астық  сыйлаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын

Таир:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Саида:Жұлдыз   туып таң алды

Әнге орап ғаламды

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды

Алихан:Нұрға бөлеп  өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулені

Күз әуені төгілді

Айым:Келді,міне күз

Айнала  сары  түс

Керемет   тамаша

Қандай әсем  күз

Ән: «Сабантой»

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек   жинап күздің   сыйлықтарына рахмет айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының корреспонденті – Қоянға сөз берейік!

–  Сәлеметсізбе қоян!  Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалды?

Қоян  –  корреспондент: Сәлеметсіңдерме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Балалар сендерге жұмбақ жасырайын .ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине өзін қорғай алады, домаланып қалады. Қандай аң? (кірпі )

Қоян  – корркспондент: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.       (тиін)

Қоян  –  кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қөрек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп бересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге аламаларды, ал  тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

Ойын «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер, 1,2,3 дегенде бір – бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жібереді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

Ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Жау-жау  жаңбыр»

Кезегімізді өлең шумақтарына берейік.

Адия:Рэйн,рэйн,гэу эуэй

Кам эгэйн эназэ  дэй

Литл Джони

Уонтц ту плэй

Нурайыма:Осень,осень золотая

Хорошо что ты  пришла

Ты  и яблок,ты и меду

Ты  и хлеба  принесла

Жәңгір:Біздің  дала—бай дала

Алтын  астық  айнала

Астық  дала  сәулеті

Астық-Отан  дәулеті

Дәуір:Сприң из грин

Отм из  йелэу

Уинтэриз  уайт

Самэриз    лайт

ӘН: «Алтын  күз»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі  кеш! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндерне баратын уақытым болыпты.  Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар бүгінгі «Сиқырлы күз» – атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *