«Көкөніс»


Қабдеш Әйгерім Айдынқызы
 №5 «Алтын бесік » балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

Мақсаты:

Жаңа сөздер үйрету; көкөністің түстерін ажыратып дұрыс айта білуге жаттықтыру;

қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айтуға дағдыландыру;

мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: муляждар, қуыршақ, суретті сөйлейтін кітап, жеміс-көкөніс,  дүкенінің суреті.

Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ, сәбіз, көкөніс.

Билингвальді компонент: қияр – огурец, қызынақ – помидор, сәбіз – морковь, көкөністер – овощи

Мотивациялық қозғаушылық

–  Сәлеметсіздерме,балалар!

«Күз» өлеңін естеріне түсіремін .

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

–  Қазір жылдың қай мезгілі?

Қолына кітабы, себеті бар  қуыршақ Айжанды көрсетіп

– Балалар қане амандасайықшы.

– Сәлеметсізбе!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

– Айжан сенің себетінде не бар?

– Көкөніс? Кө-кө-ніс. Күзде көкөністер піседі.

Дыбыстық жатттығу жүргіземін.

-Ө-ө-ө-өсті  көкөніс. І-і-піс-піс-пісті көкөніс.

-Айжан қияр алыпты. Мынау-қияр.  Қ-қ-қи-қияр. Қияр-көкөніс.

-Мынау не?

-Қияр не?

-Қияр қандай?

-Мынау –қызанақ.Қызанақ.Нақ-нақ дәмді қызанақ. Қызанақ- көкөніс. Қызанақ  қандай?

– Мынау – сәбіз. Ә-ә-ә-ә-ә-сә-сә-біз. Біз-біз – алдым сәбіз. Сәбіз – көкөніс.

Жаңа сөздерді бекітуге арналған жұмыс.

– Менде сиқырлы кітап бар, кітапты ашып суретін көрсетеді.

-Мынау не?

Енді тексереміз мұқият тыңдаңдар

Айжан қоштасып, кітабын алып кетеді.

Сергіту сәті

– Ал, балалар, тұрайық,

Қолымызды созайық.

Жапырақ болып дөңгелеп

Жерге келіп қонайық.

1-2-3

Жапырақ болып ұш.

«Жалғастыр» дидактикалық ойыны

Бұл ойын сөздерді қайталап, бекітуге арналған. Қи-…, қыза-…, сә-.., кө-…

Тақтаға «Жеміс-көкөніс дүкені» суреті іліп қоямын. (Балалар қияр, қызанақ, әбіз, көкөніс сөздерін айтады, сонан соң осы сөздердің тақтадан суретін көрсетеді)

– Өте жақсы балалар. Бізге көкөніс не үшін керек?

– Иә әрине. Көкөністерде біздің ағзамызға өте пайдалы, онда  көптеген дәрумендер бар. Сол үшін көкөністерді көп жеуіміз керек.

Ғ.Көкеевтің немесе басқа да ақындардың көкөністер туралы жазған өлеңдерінің бір шумағын оқып, түсіндіреді, жаттату үшін бірнеше рет қайталатады.

– Балалар көкөністер туралы сендерге өлең оқып берейін, тыңдап отырайық не туралы айтылғанын айтып бересіңдер

Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

 

«Не жоқ» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты:

қияр, сәбіз, қызанақ муляждарын қоямын балалар көздерін жұмады, мен олардың ішінен біреуін алыптастаймын, қай көкөніс жоғын айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік

– Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

– Айжан өзімен не алып келді?

– Қандай көкөністі ұнатасыңдар?

– Жарайсыңдар балалар.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  Қияр, қызанақ, сәбіз, көкөніс сөздерін

Игереді:  Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту дағдысын

Меңгереді: Көкөністің түстерін ажыратып дұрыс айтуды .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *