«Үш тілдің патшалығы»


Арапова Нагима Малкаждаровна
Мұнайлы ауданы «№1 жалпы білім беру орта мектебі»ММ ағылшын тілі пән мұғалімі

Мақсаты: оқушыларды өз ана тілін қастерлеуге баули отырып өзге тілді білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру; оқушылардың өз тілін құрметтеп, өзге тілді білетін Қазақстанның білімді де жан-жақты патриот азаматы етіп тәрбиелеу.

Барысы

I-жүргізуші. Қайырлы күн! Қымбатты ұстардар, оқушылар! Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің бірігуімен 22-қыркуйек «Тілдер күніне» өткелі отырған «Үш тілдің патшалығы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

II-жүргізуші. С  обретением независимости в календаре появилась знаменательная дата- 22 сентября, День языков народов Республики Казакстан. Наше мероприятие посвящается этой дате, сегодня мы услышим замечательные высказывания и попытаемся напомнить о роли в значении языка в жизни каждого из нас.

I-жүргізуші.  Good afternoon, dear teachers and pupils! Today is “The Language’s day” therefore we want to show you our competition lesson.

II-жүргізуші.  Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүрі.  Ендеше тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын.

I-жүргізуші. Ендеше 5 сынып оқушысы Муса Рамазанның орындауындағы «Үйрен ана тіліңді» атты өлеңді тыңдаңыздар.

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді,

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлдеқалай жоғалтса ана баласын,

Бала әздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жок, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсық-ақ жазғырып ел тұрады,

Қаның, жаның, қазақы ұлттық түрің бар.

Сенен үлгі алар қызың ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

 

II-жүргізуші. Өте жақсы. Ендеше, бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған топтарымызбен таныс болайық. Сайыскерлер  7 сынып оқушылары.

Бірінші топ – Colour

Екінші топ – Time

Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық.

I-жүргізуші. Бүгінгі біздің сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.

 

I – кезең.  Таныстыру.

II-кезең.  Бәйге

III- кезең. Полиглот

IV- кезең.  Alphabetical order

V- кезең. Magic cards

VI- кезең. Сөз құрау

VII-кезең. Қай команда тез?

VIII-кезең. Сұрақ жауап.

 

Олай болса, қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.

II-жүргізуші. I-кезең. Таныстыру. Әр топ өз топтарының атын, ұранын таныстырады.The first round of our competition is introduction. You must introduce yourself.

I-жүргізуші. II-кезең. Бәйге. Бұл сайыста әр топ оқушыларына қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндеріне байланысты сұрақтар беріледі.

Ағылшын тілінің тапсырмалары:

1.Ағылшын тілінде неше әріп бар? (26)

2.Дифтонг дегеніміз не? (Екі дауысты дыбыстардың қосындысы)

3.What is Big Ben? (Big clock)

4.What is the longest river in Great Britain? (The Severn )

Орыс тілінің тапсырмалары:

1.Какой падеж существительного никогда не употребляется с предлогом? (Именительный падеж)

2.Перечислите самостоятельные части речи. (Существительное, глагол, прилагательное, местоимение, числительное, наречие)

3.Укажи род жюри- ж.р. м.р. или ср.р (ср.р)

Қазақ тілі пәнінің тапсырмалары:

1.Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз? (Көнерен сөз)

2.Қазат тілінде неше сөз табы бар? (Тоғыз)

3. Сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады? (Түбір)

4. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? ( екіге: дара сын есім, күрделі сын есім).

IІ-жүргізуші.  III- кезең. Полиглот. Бұл кезеңде әр топқа мақал-мәтелдер беріледі, әр оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, үш тілге аударуы керек.

1.Өнер алды –қызыл …. ( тіл-язык-language)

2. Тіл … жарады, жармаса бас жарады. ( тас-камень-stone)

3. … тамған тілден у да тамар. (бал-мёд-honey)

4. … кілті-тіл. (білім –знание-knowledge)

5. … аласынан сөз аласы жаман. ( көз-глаза-eye)

6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің … тәтті. (нан- хлеб-bread)

7. Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген …  таныр. ( хат-письмо-letter)

8. Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді. ( сөз –слова – word).

I-жүргізуші. IV- кезең.  Alphabetical order.  Бұл сайыста сөздерді әліпби бойынша жазып шығу керек.

 

Put the words in the alphabetical words. Nice, fridge,  paper, queen, iron, duck, apple, letter, moon, violin, swan, book, umbrella, zebra, window, jug, cards, happy, xylophone, tiger, eagle, gate, yacht, kettle, rabbit, owl.

IІ-жүргізуші. V- кезең. Magic cards . Every pupil takes one card and answer the question. Оқушылар билеттегі сұрақтарға жауап беруі керек.

1. Name 5 sports

2. Name the month of the year

3. Name 5 school subjects

4. Name 5 sorts of the fruit

5. Name 4 seasons

6. Say the ABC

7. Name 7 colours

8. Count from 1 to 20

9. The capital of Great Britain?

10. How old are you?

 

I-жүргізуші. VI- кезең. Сөз құрау. Make as many words as you can out of the word. SPORTSMEN.  Мына сөзден шығатын сөздерді жазу.

(port,  sport,  men,  or,  ten,  nose, past, most, on, no, not, pen, top, rest).

ІI-жүргізуші. VII-кезең. Қай команда тез? You must take pictures and say the words in Kazakh, Russian and English language. Суретті таңдап алып, оны 3 тілде айтуларыңыз керек.

I- жүргізуші.  Ең соңғы кезең Сұрақ-жауап кезеңі.

1.The capital of Kazakhstan?

2. How many finger have you got? (10)

3. What’s your nationality? (Kazakh)

4.The first Kazakh spaceman? ( Tokhtar Aubakirov)

5. Who is the first President of Kazakhstan? ( N.A.Nazarbaev)

6. Where is the Big Ben? ( In London)

ІІ- жүргізуші. Құрметті оқушылар, сендерге зор сенім арта отырып жарысымыздың қорытындысын шығарып марапаттауға рұқсат етіңіздер…

І-жүргізуші. Олай болса, құрметті оқушылар тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену қажет.

ІІ-жүргізуші. Осымен біздің «Үш тілдің патшалығы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.

І-жүргізуші. Қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *