“Тұмар түйіндер”


Бабасова Куралай Болатовна  
“БАЛАЛАР мен ЖАСӨСПІРІМДЕР  САРАЙЫ” КМҚК  қосымша  білім педагогы

Сабақтың мақсаты: Тұмар түйіндермен таныстыру, оқушылардың тұмар  түйіндерді игеріп, өз бетінше түюді үйренуіне жағдай жасау.

Міндеттері:

а) білімділігі:  Тұмар түйіндер түрлері.Түйіндерді екі тәсілмен түюді үйрету (ауада және жастықта), және үлгісімен, орындалу тәсілімен таныстыру.

ә) дамытушылығы: Түйіндерді суреттен тану арқылы білім – білік дағдыларын қалыптастыру, тапсырмаларды орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, өзін-өзі бағалау.

б) тәрбиелілігі: Өз қабілеттерін, өз таланттарын шыңдай түсуге, еңбексүйгіштікке, жаңа түйін үйренгенде табандылық танытуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивтік әдіс суреттер – әдіс-тәсілдері, түсіндіру әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдісі:  Баяндау,түсіндіру,тестілеу, көрсету, практикалық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: сурет(түс таңдау), шет ел қолөнері.

Көрнекілігі: Ноутбук, тұмар түйін үлгілер (түрлі баулар арқылы), құрастырғыш суреттегі түйін, қолөнер бұйымдары, сурет, кітаптағы үлгілер, слайдтар, дайын жұмыстары.

Тоқуға арналған құралдары: Дайын баулары, жастық, инелері.

Сабақтың жоспары:

I   Ұйымдастыру кезеңі.( сабақтың тақырыбымен, мақсаты және міндеттерімен таныстыру, өткен сабақты пысықау, тестілеу)

I I  Жаңа сабақ.(теориялық кезең)

Кіріспе

III  Негізгі бөлім. (практикалық кезең)

IV Қорытынды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.

Өткенді қайталап еске түсіру. Өткен сабақта не тоқыдыңдар? Мына дайын заттардан бауларды көрсетіңдер.

Презентация «Бау тоқуға арналған материалдары,  құрылғы түрі және әр түрлі техникада тоқылған дайын баулар»

Бау тоқуға арналған материалдары, құрылғы түрі және әр түрлі техникада тоқылған дайын баулар туралы тест сұрақтарының жауаптары:

1.                Марудай құрылғысында тоқылған бауларды қалай атайды? (кумихимо баулары)

2.                Бауларды қандай материалдардан, неден тоқиды? (жіптерден, бау – шнурлардан, атлас ленталардан, бисер, моншақтардан)

3.                Өздерің тоқыған баулар неше түстен тұрады?(екі түстен)

4.                Неше жіптен кумихимо бауын тоқып үйрендік?( 8жіптен)

5.                Марудай құрылғысын қай бағытта бұрып отырамыз?(сағат тілімен немесе көрсетілген бағытпен?)

6.                Жіптердің тоқылу бағыттарын ата?(оң жақтағы жіп жоғарыдан-төмен, сол жақтағы жіп төменнен-жоғары)

7.                Бау тоқуға арналған марудай құрылғысын қалай жасауға болады, не қажет?(картон қатты қағаздан, қайшы, қарындаш, шеңбер жасау үшін дөңгелек зат)

8.                Бау тоқитын жіп түрлерін ата?( жібек, мулине, акрил, жүннен иірілген жіптер)

Бау тоқуға арналған материалдары, құрылғы түрі және әр түрлі техникада тоқылған дайын баулар туралы тест сұрақтары:

1.                Марудай құрылғысында тоқылған бауларды қалай атайды?   ( 1. арқан жіптер 2. кумихимо баулары 3. марудай)

2.                Бауларды қандай материалдардан, неден тоқиды? (1. жіптерден, бау – шнурлардан, атлас ленталардан, бисер, моншақтардан 2. маталардан 3. сымнан)

3.                Өздерің тоқыған баулар неше түстен тұрады?(1. он түстен 2.  8түстен 3. екі түстен)

4.                Неше жіптен кумихимо бауын тоқып үйрендік?(1. 8жіптен 2. 5жіптен 3. 10жіптен)

5.                Марудай құрылғысын қай бағытта бұрып отырамыз?(1. бәрібір 2. сағат тіліне кері 3. сағат тілімен немесе көрсетілген бағытпен?)

6.                Жіптердің тоқылу бағыттарын ата?(1. бәрібір 2. оң жақтағы жіп жоғарыдан-төмен, сол жақтағы жіп төменнен-жоғары 3. оң жақтан сол жаққа)

7.                Бау тоқуға арналған марудай құрылғысын қалай жасауға болады, не қажет?(1. картон қатты қағаздан, қайшы, қарындаш, шеңбер жасау үшін дөңгелек зат 2. балға мен шеге 3. ілмек пен сым)

8.                Бау тоқитын жіп түрлерін ата?( 1. бисер, моншақтар 2. жібек, мулине, акрил, жүннен иірілген жіптер 3. атлас ленталар)

I I  Жаңа сабақ.(теориялық кезең)

Кіріспе

Тұмар түйіндер. Ендеше, тұмар түйіндер дегеніміз не?

Тұмар түйіндер дегеніміз бiрнеше түйiндерден тұратын өрімдер. Тұмар түйіндерді кез келген өруге жарамды жібек жіптерден, арқандардан, жуан ширатылған баулардан, түрлі шөптерден, шаштан, қылдан, таспадан, теріден, түйіп өруге болатын материалдың бәрінен жасауға болады. Тұмар түйіннің материалдары мақсатына байланысты болады. Тұмар деген сөздің мағынасы

көне түркі тума және йер тіркесінен “туған жер” мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген. Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы.

Тұмар атаулары жасау барысында қолданылатын материалына, сәндікке тағуына және безендіру әшекейіне байланысты қалыптасқан

Түрлеріне байланысты атау түрлері:

Жастық тұмар – төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік тұмар.

Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.

Лағыл тұмар – лағыл таспен безендірілген тұмар.

Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.

Алтын тұмар – күміс бетіне сіркелеп алтын жалатылған тұмар.

Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейленген тұмар.

Тіллә тұмар – алтынмен қапталған тұмардың бір түрі.

Тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыз тұмар тағудың ғасырлар бойы ғажап үлгісін жасаған. Мысалы: Хан ордасында – Орда тұмар, қала қақпаларында – қақпа тұмары, үйлерде – үйтұмар, батырларда – бойтұмар, арғымаққа – аттұмар, казіргі заманғы көрінісі- көлік тұмар, төрт түлікте – көзтұмар, үйленгенде – қостұмар, қыз ұзатса – жасау тұмар, сәбилі болса – бесік тұмар жастататын болған.Тұмар текемет пен киімдерде және кілемдер мен үй жиһаздарында көптеп кездеседі. Мұндағы ой да сыртқы тіл-көзден, пәле-жаладан сақтау мақсатында тұмар бейнесі салынады. Үйдің төргі бөлмесінде ілулі тұратын кілемнің нақ ортасына тұмардың бейнесі орналасуы да көз тимеу үшін жасалады. Тұмар тек ішіне құран аяттар ғана салып жүру емес, сонымен қатар, тұмар жан-жақты сипатта пайдаланылған.

Ата-бабаларымыз алыс сапарға аттанарда мойынына бір шымшым жусан салынған тері тұмарды жақсылыққа ырымдап тағыпты, жанды жебер қуатым деп сенгені, дала перзенті үшін жусан иісінен қастерлі, жанына одан жақын иіс болмаған.

Әлемде әрбір халыққа тән тұмар тағу және оның күшіне сену дәстүрі бар. Қазіргі заманға сай сан алуан тұмар атаулары баршылық.

Тұмар түйіндер негізінен Қытай, Корей, Жапон халықтарына тән. Әр қытай түйiнiнің өз аңызы болады, түйiннiң атауы мәнін және оның пiшiнiн бейнелеп көрсетедi. Бұл түйiндер (бақыт, өркендеу, махаббат, сәттілік) игi тiлектердiң көрсеткiшi үшiн жиi пайдаланылады.

Қытай түйiндерi бiр жiптерден түйілгенімен ерекшеленеді. Қытай түйіндерінің әрбір негізгі түйіні бастан-аяқ бір  жіппен өріліп шығады да, әрбір негізгі түйін әрі түйіннің пішініне, қолданылуына немесе бастауыш мәнісіне қарай аталады.  Түйіндер әрқашанда олардың  ыстық ықыластарын білдіріп, сарғайған сағыныштарын бейнелейтін айғақты затқа айналған. Баудың түсi әр түрлi бола алады, бiрақ қызыл түс жиі пайдаланылады ол, өркендеу және сәттілік символын білдіреді. Қытай түйіндері көбінше, жоғары-төмені бірдей, оң-солы симметриялды, оң-терісі біркелкі, бас-аяғы өзара қабысқан, тұтас тұлға болып келеді. Бірнеше кез ұзындықтағы бір тал қызыл жіппен (басқа түстілері де бола береді) өру, түю, өткізу, шанду, орау, тоқу, тарту сияқты көптүрлі шеберлік арқылы, белгілі қатаң заңдылықпен айналым жасап, үзіліссіз өріп-түйіп шығады. Өру негізінен екі қолға сүйенеді. Бұрынғылар өрген кезде жіпті екі қолына орап алып, небір тамаша пішінде түйіндер түйетін болған. Түйін түюге қандай жіп қолдануды қандай түйін  түю керектігіне, түйіннің қандай қажетке қолданылуына қарай таңдау керек. Әдетте, түйіннің өрнек жолы қаншалық қарапайым болса, соншалық әдемі, қаттылығы да қалыпты болады. Түйін  түйгенде де, түйін бетіне жіптен де өзге жұмыр меруерт, түтікше меруерт, салпыншақ ретінде тағылатын әртүрлі нефрит, алтын, күміс, фарфор, эмаль сияқты зейнет бұйымдары қосып түйіледі. Осылайша, әр алуан жіптерден әр алуан пішінді, сәнді түйіндер түйіліп шығады.

Негізгі макрамедегі «жозефина» түйіні, қытайларша «қос ақша» екі бірлескен ескі ақшалар символының түйіні деп есептейді. Бұл түйінді дүкендерде, офистерде кіре беріс босағаға іліп қояды – ол өз кезегінде өркендеуіне және игі сәттілікке бастайды, жақсы пайда алып келеді деп есептейді.

Бұл түйін макрамеде жеке түйін болып кездеспейді, әдетте ол өрнектің фрагменті болып есептеледі, көбіне жіп шоқтарынан жалғыз түйін ретінде түйіп, жеке екі ұш жіптен түйілгені сирек кездеседі.

 

«Ақша ағашы» түйінінің негізі осы «жозефина» түйінінен басталады.

 

«Ақша ағашы»       «Беденің жапырағы »  Қытай «Лотос» түйіні

Қос қытай «Лотос» түйінінен  «Сәттілік» түйіні пайда болады.

Ал мына түйін қазақ хандығыының 550жыл қарсаңындаға жалауда кездеседі.

Бұл түйін бақыт, тйіні деп есептеледі.

Қазіргі заманымыздың дизайнерлері және көне киімдерде осы түйіндерді пайдалана отырып жасаған бұйымдарына назар аударалық:жастық, креслоға сүйеу,  перделерге сәндік шашақ, жаздық аяқ киім, гулзар, сәндік шаш үлгісі, әскери киімдер, көйлектер, ұлттық киім, тоқыма кеудеше.

Кельт өрнегі. Кельт түйіндері өте әдемі және түс жағынан бай болады

қарап отырсақ барлық жерде де бұл түйіндерді сәндік әшекейлік түйіндер деуге болады.

Әр түрлі түстер адам өмірінде басты рөл ойнайды, бірақ күнделікті өмірде біз оны байқамаймыз. Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады.Әркімнің өзінің сүйікті түсі болады, ол түстер сіз туралы барлық сырды ашып қояды. Негізгі түстерге тоқталсақ:

Ақ түс- тазалық символы.Бұл түс  адам  энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті  адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі.   Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі.Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз.

Қызыл түс – өмірлік энергия түсі. Адамның өмірге деген  талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады.. Табиғатта адамдар қызыл түсті қарама-қарсы жыныс өкілдерін өздеріне көңіл аударту үшін қолданады /ер адамдар әйелдерді, әйелдер ерлерді/. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін.  Әдетте, бұл түс  ашық мінезді адамдарға тән.

Сарғыш түс – бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сарғыш түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады.Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір-біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым, көңілді, жас көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім сатып  алуға дүкенге жүгіріңіз.

Сары түс- адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі.Әдетте, бұл  түс  қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән.   Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді.

Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның нерв жүйесін тыныштандырады.         Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін,  достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.   Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез келген ортада  тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз.

Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың,  біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс.      Егер сіз  біртоға, ешкімнің қолы жеткізсіз көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз.

Ашық көк түс – салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс -бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңділікке, ақылдылыққа шақырады.Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады.Әдетте, бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады.

Қара түс – жұмбақ, құпия түс.Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті  араласатын ортасында  өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады.  Тәуелсіз,  беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз.

Бақыт, өркендеу, махаббат, сәттілік түйіндерінің арнаулы түстері бар

III  Негізгі бөлім. (практикалық кезең)Өткен сабақтарда жасаған баулардан  осы түйіндердің ішінен ең оңайын аламыз ол, негізгі макрамедегі «жозефина» түйіні, қытайларша «қос ақша» екі бірлескен ескі ақшалар символының түйіні деп есептейді. Бұл түйіннің түсін қызыл, сары жіптерді

өзінің түюге болатын кезімен сәйкестендіріп тоқиды. Ауада және жастықта жасалу түрлерін меңгереміз. Оңай болу үшін бірінші жастықта содан кейін ауада жасап үйренеміз. Практикалық жұмыс.

тоқыған баудың ортасына және шетіне түйеміз.

IV Қорытынды.

Халық өнерін игеру – балаларды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке, өнерлі болуға талаптандырады. Оқушыларды өнерге деген сүйіспеншілікке баулу, қолөнер туындыларын дайындауға алғашқы дағдысын қалыптастыру және одан әрі жетілдіру жолдарына бағыт бере отырып, іс-әрекет барысында жүзеге асыру,  күнделікті өмірде қолданыс аясын кеңейту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *